О переименовании села Духовницкое Луганского сельского округа Павлодарского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар ауданы Луганск ауылдық округінің Духовницкое ауылын қайта атау туралы. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4)тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11-бабының 4)тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" № 281 қаулысына , Павлодар ауданы мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 9 қыркүйектегi "Духовницкое ауылын қайта атау туралы" № 281 қаулысына,Павлодар ауданы мәслихаты мен әкімдігінің 2005 жылғы 9 қыркүйектегі "Духовницкое ауылын қайта атау туралы" № 17/96 бiрлескен шешiмiне, облыстық ономастика комиссиясының 2006 жылғы 19 сәуiрдегi қорытындысына сәйкес және Духовницкое ауылы тұрғындарының пiкiрлерiн ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Павлодар ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақ 2
2. Павлодар ауданы Луганск ауылдық округiнiң Духовницкое ауылы Аққұдық ауылы болып қайта аталсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету және ақпараттық саясат мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiм ресми жарияланғаннан соң он күн өткен мерзiмде күшiне енедi.