Об изменениях в административно-территориальном устройстве Иртышского района Павлодарской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы Ертіс ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4)тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11-бабының 2, 3) тармақшаларына, Ертiс ауданының мәслихаты мен әкiмдiгiнiң (III сайланған ХХХIV сессиясы) 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 162-34-3/18, 161-34-3-19 бiрлескен шешiмдерiне, Қызылқақ ауылдық округiнiң және Сiлетi ауылдық округiнiң Сладководск ауылы тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Ертiс ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: Ертiс ауданының Қызылқақ ауылдық округi кейiннен есептiк деректерден шығарылып, таратылсын және оның аумағы Ертiс ауданының Қызылқақ ауылдық округiнiң құрамына қосылсын. Ертiс ауданының Сiлетi ауылдық округiнiң Сладководск ауылы Сiлетi ауылы болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету және ақпараттық саясат мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiм ресми жарияланғаннан соң он күн өткен мерзiмде күшiне енедi.