Іле ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі жөніндегі және қала аралық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатын әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтарға абоненттік тарифтің көтерілуіне байланысты төленетін төлем ақы Ережесі туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Іле ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі жөніндегі және қала аралық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатын әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтарға абоненттік тарифтің көтерілуіне байланысты төленетін төлем ақы Ережесі туралы Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Байланыс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдағы 9 қырқүйектегі № 949-шы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" қаулысының 31 бабындағы 1-тармақтың 14 тармақшасын басшылыққа ала отырып аудан Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық кенттік окруктер әкімдері тұрғындар арасында түрғын үй көмегі мөлшері мен тәртібі жөнінде жэне қала аралық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатын әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтарға абоненттік тарифтің көтерілуіне байланысты төленетін төлем ақы туралы халық арасында түсініктеме жұмыстарын жүргізеін.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Құматаев Нұрлан Орынбасарұлына) осы бекітілген Ережеге сәйкес тұрғын үй көмегін және қала аралық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатын әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтарға абоненттік тарифтің көтерілуіне байланысты төленетін төлем ақыны есептеу және төлеу жұмыстарына бақылауды қамтамасыз етсін. Әр тоқсанның соңғы айының 25-ші жұлдызына дейін абоненттік тарифтің көтерілуіне байланысты төленетін төлем ақы жөнінде облыстық үйлестіру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, тұрғын үй көмегін төлеу жөнінде аудандық қаржы бөліміне тапсырыс берсін, төлеу мерзімі және төленетін сомасы көрсетілген абоненттердің қосымша тізімі төлемнің есеп шотына аудандық қазынашылық бөліміне осы Ережеге сәйкес тапсырылсың.
Тармақ 3
3. Аудандық каржы бөлімі (Дүйшенбаева Ләззат Балиханқызына) тұрғын үй көмегін және абоненттік тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін төлем ақы төлеуге кажет каражының дер кезінде бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданыска енгізіледі.
Тармақ 5
5. Іле ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 07 желтоқсандағы «Іле ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі жөніндегі және қала аралық телекомуникация жүйесінің абоненті болып саналатын әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтарға абоненттік тарифтің көтерілуіне байланысты төленетін төлем ақы Ережесі туралы» № 12-4505 қаулысы күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан Әкімінің бірінші орынбасары Тұрұмбетов Ерболат Сапарұлына жүктелсін. «__» _____ 2007 жыл «__» _____ 2007 жыл «__» _____ 2007 жыл «__» _____ 2007 жыл «__» _____ 2007 жыл
Басқа 7
Іле ауданы Әкімдігінің қаулысына қосымша 2007 жыл 03 «25» № 3-1611 Іле ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі және қала аралық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатын әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтарға тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақының өтемі туралы Ереже Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-шы сәуірдегі " Тұрғын үй қатынастары туралы" № 94-1 Заңына. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік корғау мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 9-шы қыркүйектегі " Тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы туралы" № 949-шы қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8-ші желтоқсандағы " Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9-шы қыркүйектегі № 949 каулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы " № 1284 қаулысына байланысты әзірленген. Ереже Іле ауданы аумағында қолданылады жэне тұрғын үй көмегіне мұқтаж отбасыларына тұрғын үй көмегі мен тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абонент"ік төлем ақы беру тәртібін анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі және тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі түрғылықты тұратын жеріне және тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын отбасыларына (жеке тұлғаларга) ақшалай төлем түрінде беріледі.
Тармақ 3
3. Қала аралық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатын әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтарға тарифтің көтерілуіне байланасты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы өтемі 2004 жылдың қырқүйек айына дейін қолданылып жүрген тариф пен көтірілген тариф арасындағы анықталған айырмашылық , телефонға төленетін абоненттік төлем ақы тарифінің көтерілу шығынының орнын толтыру үшін көзделген коммуналдық қызмет көрсетуді тұтыну және тұрғын үйді үстау төлемі жөнінде тұрғын үй көмегі құрамына кіретін ақшалай өтем болып табылады. (одан әрі тарифтің көтеруіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы)
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі және тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы, егер төлемінің шығындары тұрғын үй аумағының белгіленген элеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 20 пайыздық үлесінен аскан жағдайда тұргын үй көмегі, және тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы тагайындалады.
Тармақ 5
5. Белгіленгең нормадан тыс тұғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық кызметтердің тұтыну төлемін азаматтар жалпы негіздер бойынша төлейді.
Тармақ 6
6. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтері) бар отбасылар, немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығынан айрылады.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегін және тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы алу кұқығы тұрғын үй көмегін алушы өтінішін, қажетті құжаттарымен тапсырған айдан басталады. Тұрғын үй көмегі өткен тоқсанға төленеді.
Тармақ 8
8. Өтініш берушіге тұрғын үй көмегінің мөлшері және тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім бастығының бұйрығымен құрылған жәрдемақы тағайындау Комиссиясының шешімімен тағайындалады ( әрі қарай- Комиссия).
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегінің тағайындау,есептеу, төлеу, тоқтата тұру немесе тоқтату мәселесіне қатысты сұрақтар көрсетілген Комиссиямен шешіледі.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй көмегін алушыларға төленуге тиісті сомалардың нақты және дұрыс тағайындалуына Комиссия жауап береді.
Тармақ 11
11. Өтініш беруші Комиссияның іс-әрекеті мен шешіміне байланысты Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, жоғарғы органдарға сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй көмегі жэне тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақыны төлеу Ашық Акционерлік Қоғам «Қазпошта» арасында жасалған Агенттік Келісім шарт негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй көмегін және тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік толем ақыны төлеу Қазақстан Ресиубликасының қолдалынып жүрген заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Қала аралық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатын әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтарға тұрғын үй көмегін және тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы беру тәртібі
2. Қала аралық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатын әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтарға тұрғын үй көмегін және тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы беру тәртібі
Тармақ 14
14. Егер өтініш иесі барлық қажетті құжаттарды тұрғылықты жері бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ағымдағы айдың 25-не дейін өткізсе, тұрғын үй көмегі өтініш берген айдың 1-нен бастап бір тоқсан мерзімге тағайындалады . Ал өтініш ағымдағы айдың 25-нен кейін берілсе, тұрғын үй көмегі келесі айдың 1 -нен бастап тағайындалады .
Тармақ 15
15. Тұрғын үй көмегі және тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет және байланыс қызмет шығындарын өтеу ретінде беріледі. Тұргын үй көмегінің мөлшері жэне тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметтер үшін нақты төленген сомадан және телефонға төденетін көтерілген абоненттік төлеммнің айырмасынан аспауы тиіс.
Тармақ 16
16. Тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет төлемдері бойынша берешектері бар отбасыларына тұрғын үй көмегі жалпы негізде Ереженің 4-ші тармағына сәйкес, ол ағымдағы төлемдерге жұмсалған жағдайда тағайындалған айдан бастап беріледі. Тұрғын үй көмегін алғанға дейін болған берешектің өтелуін коммуналдық қызмет көрсетушілер бақылауға алады және ағымдағы айларға тұрғын үй көмегін есептеу кезінде ескерілмейді.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй көмегі және тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы тағайындау туралы шешім түрғын үй иесінің (жалдаушысының) өтініші мен оған косымша құжаттардың негізінде қабылданады:
Тармақша 1
1) отбасының құрамы туралы анықтама;
Тармақша 2
2) тұрғын үй аумағының көлемі, бөлме саны көрсетілген тұрғын үй құжатының көшірмесі (жекешелендіру, сыйға тарту, сауда-саттық, жалға беру келісім- шарты және т.б.);
Тармақша 3
3) тұрғын үйді күтіп ұстаумен коммуналдык қызметті тұтыну шығындары бойынша төленген түбіртек көшірмелері;
Тармақша 4
4) қозғалмайтын мүлікті бағалау және тіркеу басқармасынан жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама;
Тармақша 5
5) түрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасардың алдындағы үш айдағы отбасының жиынтық табысы туралы мәлімет;
Тармақша 6
6) қала аралық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатынын анықтайтын құжат (келісім шарт немесе сол құжаттың түбіртек көшірмелері -телекоммуникация қызметі үшін есеп шот).
Тармақша 7
7) Белгілі категориядағы тұлғалар үшін (жұмыссыздар, толық емес отбасылары, мүгедектер және т.б) қосымша құжаттар ұсынылуы қажет, олардың тізбесін тұрғын үй көмегін тагайындау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 18
18. Тұрғын үйі көмегінің мөлшері өтемақы төлемдерін қамтамасыз ететін нормалар шегінде жэне осы мақсаттарға рүқсат етілген шегінің деңгейі арасындағы түрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметгерді қолданғаны үшін меншік иесінің (жалдаушының) нақты төлемі мен отбасы шыгындарының айырмасы ретінде есептеледі, ал тарифтің көтерілуіне байлаңысты телефонга төленетін абоненттік төлем ақы көтерілген абоненттік тарифтің айырмасы ретінде есептеледі.
Тармақ 19
19. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу әр үш ай сайын отбасының жиынтық табысы туралы анықтамаларды, тұрғын үй-коммуналдық кызметтер үшін және байланыс қызметі үшін төленген түбіртектерді тапсырғаннан кейін жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Күтімге Мұқтаж деп танылған I және II топтағы мүгедектерге, жасы сексеннен асқан тұлғаларға күтім жасайтын, немесе жүмыс істемейтін жеті жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатындарды есептемегенде, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және жүмыссыз ретінде жүмыспен қамту бөлімдерінде тіркелмеген еңбекке қабілетті түлғалары бар отбасыларына тұрғын үй көмегі және тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы тағайындалмайды.
Тармақ 21
21. Өтемакы төлемдерімен қамтамасыз етілетін тұрғын үйлер аумағының нормалары тұрғын үй заңымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй көмегін беру нормаларына орайлас. Аумақтың тұрғындары қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер мен (сумен қамтамасыз ету, канализация, жылу энергиясы, түрғын үйді үстау) пайдалану көрсеткіштері нормалары аудан Өкімімен белгіленеді.
Тармақ 22
22. Отбасының тұрғын үйді үстау жэне коммуналдық қызмет шығындарының белгіленген шекггі үлесі, отбасының кірісі және тұрғын үйлерді ұстау қызметі телемдерінің (тарифтерінің) мөлшері өзгергенде, Комиссия бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегін қайта есептейді.
Тармақ 23
23. Тұрғын үй көмегін алушылар үй меншігі түрінің, отбасы құрамының, оның мәртебесінің және жиынтық кірісінің кез-келген өзгерістері туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 10 күн ішінде хабарлауға тиіс.
Тармақ 24
24. Тұрғын үй көмегін алушылардың біле түра жалған құжаттар үсынуының салдарынан көмектің заңсыз тағайындалуына және төленуіне, мөлшерінің дұрыс есептелмеуіне жол берілген жағдайда Комиссия артық алған сомаларды алушыдан бір жыл аралығында өндіру туралы шешім қабылдауға қүқылы. Тұрғын үй көмегін алушы артық алған сомасын ерікті түрде қайтаруы тиіс, қайтарудан бас тартқан жағдайда сот арқылы шешіледі.
Тармақ 25
25. Өтініш беруші ұсынған құжаттардың дұрыстығына күмән туған жағдайда, аудандық бөлімдер тиісті орындардан тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті ақпарат сұратып алуга құқылы.
Тармақ 26
26. Азаматтарға тұрғын үй көмегін төлеу егер оны алушы:
Тармақша 1
1) ережеде релгіленген мерзімде тиісті құжаттарды ұсынбаса,
Тармақша 2
2) уақытында қайта тіркеуден өтпесе;
Тармақша 3
3) алатын түрғын үй көмегін тиісті мақсатқа пайдаланбаса және тұрғын үйді күтіпі ұстау мен коммуналдық қызмет төлемдері мен байланыс қызмет төлемдерін уақытьінда төлемесе уақытша тоқтатылады.
Тармақ 27
27. Тұрғын үй көмегі төмендегі жағдайларда тоқтатылады: отбасы құрамының, мекен-жайының, табысының өзгеруі тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырады.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй көмегін, сонымен қатар қала аралық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатын әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтарға тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақылы қаржыландыру және төлеу
3. Тұрғын үй көмегін, сонымен қатар қала аралық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатын әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтарға тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақылы қаржыландыру және төлеу
Тармақ 28
28. Тұрғын үй көмегінің төлемін каржыландыру аудан бюджетінің есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. Тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақыны қаржыландыру Республика бюджетінің мақсатты трансферт қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 30
30. Облыстың бюджетін атқаратын уәкілетті орган тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін төлем ақыны облыстық бюджеттің жинақталған қаржы жоспарына сәйкес бекітілген шектеулі тәртібі бойынша трансферттерді төменгі бюджеттің қарауына жіберед.
Тармақ 31
31. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әр тоқсанның соңғы айының 25-ші жұлдызына дейін берілетін көмектің сомасы көрсетілген дайындап, тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін ақы туралы Алматы облыстық үйлестіру жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, ал тұрғын үй көмегі туралы аудандық қаржы бөліміне ( бірінші басшының және бас есепшінің қолы қойылған) тапсырыс береді.
Тармақ 32
32. Тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақыға қаражат аудару кезінде, төлеу мерзімі жэне сомасы көрсетілген абонент тізіміне қосымша аумақтық қазынащылық бөліміне уәкілетті орган төлем ақы шотын тапсырады.
Тармақ 33
33. Аудандық уәкілетті орган әр тоқсанның 5-ші жұлдызында келесі есеп беру тоқсанынан кейін облыстық уэкілетті органға тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлемнің төленген сомасы туралы ақпарат береді.
Тармақ 34
34. Аудандық жұмыспен қамту жэне әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық Ашық Акционерлік Қоғамы "Казпошта" әр тоқсан сайын төленген көмектің сомасын салыстыру актісін жасайды.