Қолданыстағы ред. 25.03.2007

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық жөніндегі қосымша шаралар туралы от 25.03.2007 г. № 3-1607 (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық жөніндегі қосымша шаралар туралы)

0

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық
жөніндегі қосымша шаралар туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазакстан Республикасы Заңының 31 бабындағы 1 тармақтың 14-ші тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер жэне оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына сәйкес Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін қосымша әлеуметтік қолдау мақсатында аудан Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ұлы Отан соғысының барлық қатысушылары мен мүгедектеріне (бұдан әрі- қатысушылар мен мүгедектер) тұрғын үй-комуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер тұрғын үйді күтіп ұстауға және коммуналдық қызметтерге белгіленген нормалар шегінде (төмендегі есеп бойынша берілсін: электр қуаты- 45 киловатт, жылуға- тұрғын алаңның 18 шаршы метрі, айына бір рет 1 газ балонның құны, ал, орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ үйлерде 1 тонна көмірдің қүны жылына бір рет 3500 теңге мөлшерінде) қатысушылар мен мүгедектер үшін қосымша шаралар белгіленсін.

2

2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Құматаев Нұрлан Орынбасарұлына): қатысушылар мен мүгедектерге тұрғын үй- коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер олардың өтініші негізінде түрғылықты жеріне байланысты екінші деңгейдегі аудандық Ашық Акционерлік Қоғам "Казпочта" бөлімшесі арқылы төмендегі көрсетілген құжаттар бойынша тағайындалып, төленуі қамтамасыз етілсін:

1

1) Өтініш берушінің жеке басының куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі.

2

2) Тұрғылықты жерінен анықтама ысына қатысқаны немесе мүгедектігі туралы куәлігі.

3

3. Аудандық қаржы бөліміне ( Дүйшенбаева Ляззат Балиханқызына) жоспар бойынша аудандық қаржыда көрсетілген міндетті төлем көлемінде қатысушылар мен мүгедектерге тұрғын үй - коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктерге сұраныс дер кезінде шешсін.

4

4. Ауылдық кенттік округтер Әкімдері тұрғындар арасында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер беру туралы түсіндіру жұмысын жүргізсін.

5

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Ерболат Сапарұлы Тұрымбетовке жүктелсін.

6

6. Осы қаулы алгаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн откен соң қолданысқа енгізіледі.
«___» _______2007 жыл
«___» _______2007 жыл
«___» _______2007 жыл
«___» _______2007 жыл
«___» _______2007 жыл