«Адамның Қоздырғыш Тапшылығы Белгісі ауруын жұқтырған балалардын жанұясына төленетін әлеуметтік көмек туралы» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Адамның Қоздырғыш Тапшылығы Белгісі ауруын жұқтырған балалардын жанұясына төленетін әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабынның 1-ші тармақ 14-ші тармақшасына сәйкес, 2006 жылғы 20-шы желтоқсандагы № 50-180 аудандық мәслихаттың «2007 жылға арналган Іле ауданының бюджеті туралы», 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 52-190 «2007 жылга арналған Іле ауданының бюджеті туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімдерін басшылыққа ала отырып Іле ауданының Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Іле ауданының қаржы бөлімі (Дүйшенбаева Лаззат Балиханқызы): 451007000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бағдарламасына сәйкес Адамның Қоздырғыш Тапшылығы Белгісі ауруын жұқтырған балалардың жанұясына ай сайын төленетін төлемақы қаржысы қосымша тіркелген сметада көрсетілген 277024 (екі жүз жетпіс жеті мың жирма төрт) теңге көлемінде Іле аудандық жүмыспен қамту жэне элеуметтік бағдарламалар бөлімі Мемлекеттік Мекемесінің есеп шотына әлеуметтік көмекке сұраныс жоспары бойынша дер кезінде бөлуді қамтамасыз етсін (Қосымша)
Тармақ 2
2. Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Мемлекеттік Мекемесі (Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы):
Тармақша 1
1) бөлінген қаржыны мақсатты жүмсасын;
Тармақша 2
2) ай сайын төленетін қаржыны жанұяның жеке есеп-шотына Ашық Акционерлік Қоғамы «Қазпошта» құрылымдық бөлімшесі арқылы жіберсін.
Тармақ 3
З. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Ерболат Сапарұлы Тұрымбетовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «__»_______2007 жыл «__»_______2007 жыл «__»_______2007 жыл «__»_______2007 жыл «__»_______2007 жыл
Басқа 7
Іле ауданы әкімдігінің «Адамның Қоздырғыш Тапшылығы Белгісі ауруын жұқтырған балалардың жанұясына төленетін әлеуметтік көмек туралы» 25 наурыз 2007 жылғы № 3-1603 қаулысына қосымша Адамның Қоздырғыш Тапшылығы Белгісі ауруын жұқтырған балалардың жанұясына ай сайын төленетін ақшалай төлемақының 2007 жылға арналған сметасы
Тармақ 1
1. Ай сайын төленетін қаржы: ең төменгі жалақы - 9752 теңге тамақтануға қаржы - 3000 теңге жол ақы қаржысы - 2000 теңге . Барлығы: -14752 теңге.
Тармақ 2
2. Бір жолғы төленетін қаржы - 100000 теңге . Ай сайынғы сұраныс жоспары: Ақпан 1 адам х 29504 теңге =29504 теңге Наурыз 1 адам х 14752 теңге + 100000 теңге=114752 теңге Сәуір 1 адам х 14752 теңге = 14752 теңге Мамыр 1 адам х 14752 теңге =14752 теңге Маусым 1 адам х 14752 теңге= 14752 теңге Шілде 1 адам х 14752 теңге =14752 теңге Тамыз 1 адам х 14752 теңге =14752 теңге Қыркүйек 1 адам х 14752 теңге =14752 теңге Қазан 1 адам х 14752 теңге =14752 теңге Қараша 1 адам х 14752 теңге =14752 теңге Желтоқсан 1 адам х 14752 теңге =14752 теңге Барлығы: жалпы сомасы 277024 теңге. Смета бойынша барлығы: 277024 ( екі жүз жетпіс жеті мың жиырма төрт) теңге