«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар арасынан бір жолғы әлеуметтік көмек»
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабындагы 1 тармақтың 14-ші тармақшасын басшылыққа ала отырып, Облыстық Мәслихаттың 2002 жылдың желтоқсан айының 26-шы жұлдызында бекітілген № 31-163 шешімі бойынша "Кедейшілікті азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны" орындау мақсатында аудан Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар арасынан бір жолғы әлеуметтік көмек» от 25.03.2007 г. № 3-1610 («Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар арасынан бір жолғы әлеуметтік көмек»)
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасылары жеке шаруашылыққа мал, тұқым сатып алуға, халық кәсіпшілігің дамытуға, жеке меншік іс ашуға, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендер 30000-70000 мың тенге аралығында бір жолғы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілсін.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламлар бөлімі Мемлекеттік Мекемесіне (Кұматаев Нұрлан Орынбасарұлына):
1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері негізіңде, ауылдық кенттік округтердің участкелік комиссиясына, берілген қаражатты қандай мақсатқа жұмсайтынын жэне жеке меншік істің түрін, Ашық Акционерлік Қоғамы "Казпочта" құрылымдық бөлімшесінен ашқан есеп шотының нөмірін көрсетіп түрғылықты жерінде әлеуметтік көмектің тагайындалып төленуі төмендегі күжаттар бойынша камтамасыз етілсін:
Тұқым сатып алуға -жеке қожалығындағы жер учаскісі туралы анықтама немесе жалға алған жерге келісім шарт;
Халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашуға- кәсіпкерлік жоспар, негізделген есеп;
Кәсіптік оқудан өткендерге -кәсіпкерлік жоспардың нәтижесін бағалайтын, білімінің деңгейін анықтайтын куәліктің көшірмесі кепілдемеге ұсынылады;
Әлеуметтік көмекті алуға өтініш берушімен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, участкелік комиссия төрағасы ретінде аудандық кенттік Әкімдерімен үш жақты шартқа отырады.
3. Аудандық қаржы бөліміне ( Дуйшенбаева Ләәзат Балиханқызына) жоспар бойынща аудандық қаржыда көрсетілген міндетті төлем көлемінде әлеуметтік көмекке сұраныс дер кезінде шешілсін.
4. Ауылдық кенттік округтер Әкімдері тұрғындар арасында атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарынан жеке шаруа қожалығын ашуға, тұқым сатып алуға, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік іс ашуға,оның ішінде кэсіптік оқудан өткен аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Ережелері туралы түсінік беру жұмыстарын жүргізсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Ерболата Сапарұлы Тұрымбетовке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданыска енгізіледі.
«___»______ 2007 жыл
«___»______ 2007 жыл
«___»______ 2007 жыл
«___»______ 2007 жыл
«___»______ 2007 жыл