«О текущем состоянии бюджета области и мерах по погашению задолженности по заработной плате работникам бюджетной сферы и государственным пособиям» Қолданыста
Басқа 0
«Облыс бюджетінің ағымдағы хал-ахуалы және бюджеттік саланың қызметкерлеріне жалақы мен мемлекеттік жәрдемдер бойынша қарыздарды өтеу жөніндегі шаралар туралы»
Облыстық Мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 1998 жылға арналған облыстық бюджетті орындау кезінде пайда болған касса аралық қашықтықты біртіндеп қысқарту мақсатымен, бюджеттік саланың қызметкерлеріне жалақы мен мемлекеттік жәрдемдер бойынша қарыздарды өтеу үшін «Қазақстанның халықтық жинақ банкісінен» облыстық қаржы басқармасына 400 (төрт жүз) млн. Теңге мөлшерінде қарыз алуына келісім берілсін.
Тармақ 2
2. Алынған несиенің пайдаланылғаны үшін 33500000 (отыз үш млн бес жүз мың) теңге мөлшеріндегі аударманың 1998 жылға арналған нақты облыстық бюджетте ескерілген ассигнования есебінен өтелінеті мәліметке алынсын.
Тармақ 3
3. Облыстық Мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясы (А.М. Сафарбақов) және тексеру комиссиясы (И.Б. Әбдіхалықов) жергілікті бюджетке шетел әдістермен басқарылатын кәсіпорындардан түсетін төлем жиындары мен сессиясына ұсыныстар жасасын.
Тармақ 4
4. Облыстық Мәслихаттың тексеру комиссиясы (И.Б. Әбдіхалықов) бюджеттік саланың қызметкерлеріне жалақы мен мемлекеттік жәрдемдер бойынша қарыздарды өтеу үшін алынған несиеден жалақының бөлінуі мен төленуі бақылауға алсын.