Об утверждении Правил оказания социальной помощи отдельным категориям граждан Қолданыста
Басқа 0
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 11), 14) тармақшаларына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелері (бұдан әрі-Ереже) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) Степногрск қаласының Әділет басқармасында 2005 жылғы 25 сәуірде № 1-2-5 тіркелген Степногорск қалалық мәслихатының 2005 жылғы 5 сәуірдегі № ЗС-15/3 «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешімінің;
Тармақша 2
2) Степногорск қалалық Әділет басқармасында 2006 жылғы 28 ақпанда № 1-2-38 тіркелген Степногорск қалалық мәслихатының 2006 жылғы 8 ақпандағы № ЗС-27/6 «Степногорск қалалық мәслихатының 2005 жылғы 5 сәуірдегі № ЗС-15/3 «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген соң күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланады.
Басқа 6
Степногорск қалалық мәслихатының
2007 жылғы 18 сәуірдегі № ЗС-37/4
«Азаматтардың жеке санаттарына
әлеуметтік көмек көрсету
Ережесін бекіту туралы»
шешімімен бекітілген
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелері
1. Жалпы ережелері
Тармақ 1
1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережесі 451.007.000. «Жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша төлемдерді ұйымдастыру тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы және 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі Ережені қабылдау үшін құкықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Ереженің іс-әрекеті Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 сәуірдегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңымен реттелетін қатынастарға тарамайды.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алу құқығы
2. Әлеуметтік көмек алу құқығы
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек алуға:
Тармақша 1
1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар), тұрақты тұру үшін квота бойынша көшіп келген оралмандар, күнкөріс деңгейінен төмен кірісі бар немесе жедел әлеуметтік көмекке мұқтаж, өмірлік қиын жағдайдағы отбасылар, сондай-ақ мерекелік күндерге орай азаматтардың жеке санаттары;
өмірлік қиын жағдайы болып табылатын онкологиялық, туберкулез және басқа да аурулардан емделуі, операция жасау қажеттігі, медициналық мекемелердің қорытындысы бойынша комиссия шешімімен анықталатын емделуге бару және басқа да жағдайы бар азаматтар;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан Соғысына қатысушылар, және оларға теңестірілгендер, мүгедектер, жетім балалар, «Батыр ана» медалімен немесе «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған көп балалы аналар, төменгі және төменгі деңгейден аз мөлшердегі зейнетақы алатын жалғыз басты зейнеткерлер;
Тармақша 3
3) мүмкіндігі шектеулі көпбалалы отбасылардың, аз қамтылған отбасылардың балалары;
Тармақша 4
4) табиғи апат, өрт нәтижесінде зардап шеккен отбасылар (табыс көлеміне қарамастан);
Тармақша 5
5) туберкулезбен ауыратындар;
Тармақша 6
6) қолмен басқаратын автомобилі бар, тірек-қозғалу аппараты бұзылған 1 және 2 топтағы мүгедектердің құқығы бар.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек азаматтардың өтініші бойынша комиссияның шешімімен: химиопрофилактиканы алатын балаларды ақысыз тамақтандыруға, балаларды сауықтыруға, медициналық мекеменің қорытындысы бойынша кымбат бағалы дәрі-дәрмектерді алуға, туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу кезінде қосымша тамақтандыру үшін төленуі мүмкін.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
3. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында қалалық мәслихат депутаттарынан, Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдерінен, қоғамдық және басқа да ұйымдардың мүшелерінен комиссия құрылады. Комиссияның дербес құрамы мен саны қалалық мәслихат сессиясының шешімімен бекітіледі.
Комиссияның отырыстары айына бір реттен кем емес өткізіледі.
Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек көрсету туралы азаматтардың өтініштерін қарау;
Тармақша 2
2) әлеуметтік көмек алуға өтініш берген азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеру;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдау болып табылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі және мөлшері
4. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі және мөлшері
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда отбасының бір мүшесіне (азаматқа) жылына бір рет өтініш берушінің есеп шотына қаражат аудару тәсілімен жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек алуға үмітті тұлғалар Степногорск каласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш тапсырады. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
жеке куәлігі немесе паспорты;
үй кітабының көшірмесі;
әлеуметтік көмекке мұқтаждығын растайтын құжат;
отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу кесімі;
СТН, ӘЖК;
Отбасы мүшелерінің алдыңғы тоқсандағы табысы жөніндегі анықтама.
Тармақ 9
9. 4 тармақтың 2) және 3) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету мереке күндеріне орай тізім негізінде, көмек көрсету туралы өтінішсіз және отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерттеу кесімінсіз беріледі.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмектің мөлшерін әр нақты жағдайға байланысты комиссия анықтайды. Төлемнің ең жоғары мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет Заңымен анықталған жиырма бес айлық көрсеткішінен аспауы тиіс.
Туберкулезбен ауыратындардың амбулаторлық емделуі кезіндегі қосымша тамақтануы үшін әлеуметтік көмектің мөлшері Ақмола облысының Денсаулық сақтау департаментінің «Степногорск аймақтық туберкулезге қарсы диспансері» ММ ұсынған тізімнің негізінде айына әр адамға үш айлық есеп көрсеткішін қүрайды.
Сәуірден қыркүйек айына дейін А-80 маркалы бензин алу мөлшері Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған Степногорск мүгедектерінің «Ерлік» қоғамдық бірлестігі ұсынған тізім негізінде әр адамға 300 литрден аспауы тиіс.
4 тармақтағы 4) тармақшада көрсетілген жағдайда көмектің жоғары мөлшері көбейтілуі мүмкін, бірақ қырық айлық есеп көрсеткішінен аспауы тиіс.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру
5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек бойынша шығыстарды қаржыландыру 451.007.000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша қалалық бюджетте көзделген қаражаттар шегінде жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6. Әлеуметтік көмек көрсетуді бақылау
6. Әлеуметтік көмек көрсетуді бақылау
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек корсету бойынша бақылау және есептілік Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурызда бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттерді орында Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.