Об увеличении стоимости разовых талонов на рынках района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан рыноктарында бір жолғы талон құнын бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 373-бабының 2-тармағына сәйкес және Алтынсарин ауданы бойынша салық комитеті ұсынған деректерге сәйкес орташа күндік хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректері негізінде Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Алтынсарин ауданының рыноктарында бір жолғы талон құны бекітілсін. Большечураковский селолық округінде 1 күнгі саудаға - 180 теңге; Силантьев селолық округінде 1 күнгі саудаға - 180 теңге; Щербаковский селолық округінде 1 күнгі саудаға - 180 теңге; Димитровский селолық округінде 1 күнгі саудаға - 140 теңге; Докучаевский селолық округінде 1 күнгі саудаға - 140 теңге; Краснокордон селолық округінде 1 күнгі саудаға - 140 теңге; Маяковский селолық округінде 1 күнгі саудаға - 140 теңге; Лермонтов селолық округінде 1 күнгі саудаға - 140 теңге; Новоалексеев селолық округінде 1 күнгі саудаға - 140 теңге; Приозерный селолық округінде 1 күнгі саудаға - 140 теңге; Свердлов селолық округінде 1 күнгі саудаға- 140 теңге; Обаған селолық округінде 1 күнгі саудаға - 140 теңге.
Тармақ 2
2. Алтынсарин аудандық мәслихатының 2003 жылғы 19 қарашадағы № 21 "Аудан рыноктарында бір жолғы талон құнын бекіту туралы" (2003 жылғы 19 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 2640, 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 2 "Таза бұлақ-Чистый родник" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.