Об увеличении стоимости разовых талонов на рынках района Күшін жойған
Басқа 0
Аудан рыноктарында бір жолғы талон құнын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 373-бабының 2-тармағына сәйкес және Алтынсарин ауданы бойынша салық комитеті ұсынған деректерге сәйкес орташа күндік хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректері негізінде Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Алтынсарин ауданының рыноктарында бір жолғы талон құны бекітілсін.
Большечураковский селолық округінде 1 күнгі саудаға - 180 теңге;
Силантьев селолық округінде 1 күнгі саудаға - 180 теңге;
Щербаковский селолық округінде 1 күнгі саудаға - 180 теңге;
Димитровский селолық округінде 1 күнгі саудаға - 140 теңге;
Докучаевский селолық округінде 1 күнгі саудаға - 140 теңге;
Краснокордон селолық округінде 1 күнгі саудаға - 140 теңге;
Маяковский селолық округінде 1 күнгі саудаға - 140 теңге;
Лермонтов селолық округінде 1 күнгі саудаға - 140 теңге;
Новоалексеев селолық округінде 1 күнгі саудаға - 140 теңге;
Приозерный селолық округінде 1 күнгі саудаға - 140 теңге;
Свердлов селолық округінде 1 күнгі саудаға- 140 теңге;
Обаған селолық округінде 1 күнгі саудаға - 140 теңге.
Тармақ 2
2. Алтынсарин аудандық мәслихатының 2003 жылғы 19 қарашадағы № 21 "Аудан рыноктарында бір жолғы талон құнын бекіту туралы" (2003 жылғы 19 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 2640, 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 2 "Таза бұлақ-Чистый родник" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.