Об утверждении Правил присвоения звания «Народный» или «Образцовый» коллективам художественной самодеятельности Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларын бекіту туралы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Тарихи-мәдени мұра департаменті:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың ресми жариялануын мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министрі А. Бөрібаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидалары
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығымен бекітілген Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңының 7-бабының 28) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. «Халықтық» немесе «Үлгілі» атақтары көркемөнерпаздар ұжымдарына беріледі.
Тармақ 3
3. Шығармашылық ұжымдардың жұмысын қосымша ынталандыру, шығармашылық қызметті жоғары деңгейде қамтамасыз ету, әр топтағы дарынды адамдардың одан әрі кәсіби қалыптасуы үшін талантты өнерпаз орындаушыларды қолдау үшін көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағы беріледі.
Тарау 2. 2-тарау. Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру тәртібі
2-тарау. Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру тәртібі
Тармақ 4
4. «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағы:
Тармақша 1
1) 5 жылдан кем емес үздіксіз шығармашылық қызметті жүзеге асыруы;
Тармақша 2
2) орындаушылық шеберліктің жоғары деңгейінің болуы;
Тармақша 3
3) шығармашылық және оқу-тәрбиелік жұмыстарымен мына жанрлар бойынша өткізуі: халық аспаптары, үрмелі және эстрадалық оркестрлеріне, вокалды-аспаптар ансамбліне және басқа да топтарға, фольклорлық және отбасылық ансамбльдеріне, ән би ансамбліне, театрлар, хореография, хорлар, вокалды, цирк, бейнелеу және қолданбалы-безендіру өнері мен фото өнеріне;
Тармақша 4
4) репертуарында отандық және шетелдік өнері шығармаларының, халықтық-дәстүрлі фольклорлық шығармашылықтың үздік үлгілерінің, халықтың адамгершілік-эстетикалық тәрбиесіне ықпал ететін шығармаларының бар болуы, сонымен қатар орындаушылық шеберлікті жетілдіруі;
Тармақша 5
5) мәдени іс-шараларға (аудандық, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық маңызы бар конкурстар, фестивальдерге) қатысқаны үшін жүлделі орындардың болуы;
Тармақша 6
6) көркемөнерпаздар ұжымның қызметі туралы өңірлік және/немесе республикалық деңгейлерінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы (3 мақаладан кем емес) кезінде беріледі.
Тармақ 5
5. Осы Қағидалардың 3-тарауында айқындалған көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімдерді қабылдау (бұдан әрі – өтінім) тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Ұсынылған өтінімдерді қарау, көркемөнерпаздар ұжымдарының осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігін айқындау үшін, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру жөніндегі комиссияларды (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
Тармақ 7
7. Комиссия құрамына мәдениет саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) өкілі және жанрлар бойынша мамандар кіреді. Комиссия мүшелерінің саны тақ болып табылады және төрағадан, мүшелер мен хатшыдан тұрады. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
Тармақ 8
8. Комиссия отырыстары жергілікті атқарушы органдарға өтінімдердің түсуіне қарай өткізіледі (кемінде 5 өтінім) және егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Ұсынылған өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Комиссия көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру немесе көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 10
10. Көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруден бас тарту туралы шешімді Комиссия ұсынылған өтінімдерде мәліметтер дұрыс болмаған немесе осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда қабылдайды.
Тармақ 11
11. Комиссияның шешімдері Комиссияға қатысқан мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 12
12. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және төраға мен Комиссияның қатысқан мүшелері қол қоюға тиіс.
Тармақ 13
13. Комиссияның оң шешімі негізінде уәкілетті орган оның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын береді.
Тарау 3. 3-тарау. «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3-тарау. «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Тармақ 14
14. «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жазылған.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көркемөнерпаздар ұжымының басшысы (бұдан әрі – ұжым басшысы) Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімді (бұдан әрі – өтінім) жергілікті атқарушы органның кеңсесіне немесе «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz, www.elisence.kz (бұдан әрі – портал) арқылы береді.
Тармақ 16
16. Өтінім жергілікті атқарушы органға келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қаралады.
Тармақ 17
17. Өтінімді жергілікті атқарушы органның кеңсесі арқылы берген кезде оның көшірмесіне өтінімді қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіле отырып, қабылданған күні, уақыты және кіріс өтінімдерінің нөмірі қамтылған жергілікті атқарушы органның мөртаңбасы қойылады. Портал арқылы жүгінген кезде ұжым басшысының «жеке кабинетінде» нәтижені алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Жергілікті атқарушы орган кеңсесінің қызметкері өтінімді қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны ол түскен күні жергілікті атқарушы органның басшысына жауапты орындаушыны анықтау үшін береді. Ұжым басшысы кеңсеге жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Жергілікті атқарушы органның басшысы жауапты орындаушыны анықтайды және оған орындауға өтінім жібереді.
Тармақ 20
20. Жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы өтінімді қарау қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімді қабылдау туралы қолхат (бұдан әрі – қабылдау туралы қолхат) немесе осы Қағидалардың 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат (бұдан әрі – бас тарту туралы қолхат) дайындайды және жергілікті атқарушы органның басшысына жібереді.
Тармақ 21
21. Жергілікті атқарушы органның басшысы қабылдау туралы қолхатқа немесе бас тарту туралы қолхатқа қол қояды. Жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұжым басшысына ол кеңсеге жүгінген жағдайда қағаз тасығышта немесе ол порталға жүгінген жағдайда электрондық нысанда жолдайды. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Тізбенің 9-тармағында көрсетілген.
Тармақ 22
22. Қағаз жеткізгіште жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, жергілікті атқарушы органның мөрімен және уәкілетті адамның қолымен расталады. Жергілікті атқарушы органдарға портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында ұжым басшысының «жеке кабинетіне» жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген құжаттарды тіркеу күнінен бастап, құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті тіркеген кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарастырады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жібереді. Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ның 73-бабына сәйкес жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылықты береді немесе білдіреді. Тыңдау хаттамасы ҚР ӘРПК-ның 74-бабына сәйкес рәсімделеді. Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші фильмге прокаттау куәлігін не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.
Тармақ 23
23. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді. Мәдениет саласындағы уәкілетті орган Бірыңғай байланыс орталығына, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілеріне көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.
Тарау 4. 4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 24
24. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі. Уәкілетті орган, шағым жасалатын лауазымды адамның шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте уәкілетті орган, шағым жасалатын лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне), егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Тармақ 25
25. Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 26
26. Егер Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, сотқа шағымдануға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Басқа 1
«Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларына 1-қосымша Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі 1. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы «Көр­ке­мө­нер­паз­дар ұжым­да­ры­на «Ха­лық­тық» неме­се «Үл­гі­лі» ата­ғын бе­ру­ге өті­нім­дер­ді қа­был­дау». 2. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің (бар бол­са) ата­уы Жоқ. 3. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Аста­на, Ал­ма­ты, Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, об­лы­стық жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар 4. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту тә­сіл­де­рі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі; 2) www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы ар­қы­лы 5. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту мер­зі­мі 5 (бес) жұ­мыс кү­ні 6. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/қа­ғаз тү­рін­де 7. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту нәти­же­сі Осы Қа­ғи­да­лар­дың 3-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша «Ха­лық­тық» неме­се «Үл­гі­лі» ата­ғын көр­ке­мө­нер­паз­дар ұжы­мы­на бе­ру ту­ра­лы өті­нім­ді қа­был­дау ту­ра­лы қол­хат неме­се осы Қа­ғи­да­лар­дың 4-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша «Ха­лық­тық» неме­се «Үл­гі­лі» көр­ке­мө­нер­паз­дар ұжы­мы ата­ғын алу­ға өті­нім­ді қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы қол­хат бо­лып та­бы­ла­ды. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті қа­ғаз жет­кіз­гіш­те көр­се­ту нәти­же­сі ту­ра­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі элек­трон­дық ны­сан­да ре­сім­де­ле­ді, ба­сып шы­ға­ры­ла­ды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті тұл­ға­сы­ның мө­рі­мен және қо­лы­мен рас­та­ла­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға «же­ке ка­би­нет­те» көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті тұл­ға­сы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жол­да­на­ды. 8. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Те­гін. 9. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі 1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші –Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 12.00-ден 13.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен 7.30-дан 17.30-ға дей­ін. Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру са­ғат 12.00-ден 13.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 08.00-ден 16.30-ға дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Қа­был­дау ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек кү­ту тәр­ті­бі­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 2) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге өті­ніш­тер мен мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ме­кен­жай­ла­ры мен орын­да­ры: 1) мә­де­ни­ет са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның ин­тер­нет-ре­сур­сын­да; 2) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да; 3) пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. 10. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сіне: 1) осы Қа­ғи­да­лар­дың 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­ке­мө­нер­паз­дар ұжы­мы­на «Ха­лық­тық» неме­се «Үл­гі­лі» ата­ғын бе­ру­ге көр­ке­мө­нер­паз­дар ұжы­мы бас­шы­сы­нан құ­жат­тар­ды қа­был­да­у­ға өті­нім; 2) көр­ке­мө­нер­паз ұжы­мы жи­на­лы­сы­ның хат­та­ма­сы; 3) ке­ле­сі ақ­па­рат­ты көр­се­те оты­рып, көр­ке­мө­нер­паз­дар ұжым­да­ры­на шы­ғар­ма­шы­лық мі­нез­де­ме: же­тек­ші­лер ту­ра­лы мә­лі­мет; ре­пер­ту­а­ры және ағым­да­ғы жы­л­ға оқу-тәр­би­е­лік жұ­мыс жос­па­ры; ұжым­ның кон­церт­тік бағ­дар­ла­ма­сы; қа­ты­су­шы­лар құ­ра­мы­ның ті­зі­мі; 4) ма­ра­пат­та­рын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі; 5) көр­ке­мө­нер­паз­дар ұжы­мы­ның қыз­ме­ті ту­ра­лы жер­гі­лік­ті және/неме­се рес­пуб­ли­ка­лық бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да жа­ри­я­лан­ған ма­те­ри­ал­дар бо­луы (3 ма­қа­ла­дан кем емес). пор­тал­ға: 1) ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған осы Қа­ғи­да­лар­дың 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­ке­мө­нер­паз­дар ұжы­мы­на «Ха­лық­тық» неме­се «Үл­гі­лі» ата­ғын бе­ру­ге көр­ке­мө­нер­паз­дар ұжы­мы бас­шы­сы­нан құ­жат­тар­ды қа­был­да­у­ға өті­нім; 2) көр­ке­мө­нер­паз ұжы­мы жи­на­лы­сы хат­та­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 3) ке­ле­сі ақ­па­рат­тар көр­се­ті­л­ген ұжы­мы­на шы­ғар­ма­шы­лық мі­нез­де­ме: же­тек­ші­лер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; ре­пер­ту­а­ры және ағым­да­ғы жы­л­ға оқу-тәр­би­е­лік жұ­мыс жос­па­ры­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; ұжым­ның кон­церт­тік бағ­дар­ла­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; қа­ты­су­шы­лар құ­ра­мы ті­зі­мі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 4) ма­ра­пат­та­рын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі; 5) көр­ке­мө­нер­паз­дар ұжы­мы­ның қыз­ме­ті ту­ра­лы жер­гі­лік­ті және/неме­се рес­пуб­ли­ка­лық бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да жа­ри­я­лан­ған ма­те­ри­ал­дар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі бо­луы (3 ма­қа­ла­дан кем емес). 11. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер­ді қам­ти­тын, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі; 3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды. 12. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге мүм­кін­ді­гі шек­те­улі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы өті­ніш бер­ген жағ­дай­да мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ерекше­лік­те­рі: ғи­ма­рат мүм­кін­ді­гі шек­те­улі адам­дар­дың кі­ру­іне ар­нал­ған пан­дустар­мен жаб­дық­тал­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ме­кен­жай­ла­ры мен орын­да­ры мә­де­ни­ет са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның ре­сми www.​mam.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­на: 1414, 8 800 080 7777 жү­гі­ну ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Басқа 2. Көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінім
«Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларына 2-қосымша Нысан Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органдары ________________________ көркемөнерпаздар ұжымы басшысының тегі, аты, жөні (болған жағдайда) _______________________ (мекен жайы) Көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінім ______________________________________________________________ (атауы) көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінім қабылдауды сұраймын. Қосымша: ___ парақ. («Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-қосымшасына сәйкес құжаттар қосылады) Мен ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісемін Өтінімнің толтырылған күні __________________ Қолы ____________________________
Басқа 3. Көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімді қабылдау туралы қолхат
«Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларына 3-қосымша Нысан Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органдары көркемөнерпаздар ұжымы басшысының тегі, аты, жөні (ол болған жағдайда) _______________________ (мекен жайы) Көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімді қабылдау туралы қолхат Осы арқылы _____________________________________________________ (атауы) көркемөнерпаздар ұжымдарына құжаттар тізбесіне сәйкес «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінім қабылдау расталады, атап айтқанда: Құжаттардың атауы: 1)______________________________; 2)______________________________; 3)_______________________________; ________________________________; _________________________________; Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органынан уәкілетті лауазымды тұлға ____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Мөр үшін орын ______________ (ол болған жағдайда) Толтырылған күні: « » __________ 20 __ жыл
Басқа 4. Көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларына 4-қосымша Нысан Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органдары көркемөнерпаздар ұжымы басшысының тегі, аты, жөні (ол болған жағдайда) _______________________ (мекен жайы) Көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат ________________________________________________________________ Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органдарының атауы Құжаттардың толық болмауына байланысты ____________________________ (атауы) көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімді қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда: атауы: 1) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі); 2) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі); 3) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі). Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органынан уәкілетті лауазымды тұлға ___________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Мөр үшін орын ______________ (ол болған жағдайда) Толтырылған күні: « » __________ 20 __ жыл