Об утверждении Правил материальных выплат отдельным категориям нуждающихся граждан за счет средств районного бюджета Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық бюджеттің қаражаты есебінен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық төлемақыны төлеудің Ережесін бекіту туралы 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 53 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 «Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік жіктеуін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № ВС-12-1 «Азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы төлемақы төлеудің Ережесін бекіту туралы» (Ақмола облыстық Әділет басқармасында 2005 жылы 11 қаңтарда № 2980 тіркелген, «Жақсы жаршысы» газетінің 2005 жылғы 29 қаңтарда № 5 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Ұсынылған аудандық бюджеттің қаражаты есебінен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық төлемақыны төлеудің Ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық бюджеттің қаражаты есебінен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық төлемақыны төлеудің Ережесінің орындалуын бақылау Жақсы ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім Жақсы ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Басқа 5
Жақсы аудандық мәслихатының 2007жылдың 11 сәуірде № ВС-39-5 шешімімен бекітілді Аудан бюджетінің қаражаты есебінен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық төлемақыны төлеудің ЕРЕЖЕСІ Ереже Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 53-ші бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын аудан бюджетінің қаражаты есебінен әлеуметтік қорғау мақсатында әзірленді. Осы Ереже Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқын мәртебесі бар тұлғаларға, шетел азаматтарына, аудан аумағында тұрақты тұратын тұруға ыхтиярхаты бар, азаматтығы жоқ азаматтарға таратылады.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Ереже азаматтардың жекелеген санаттарына аудан бюджеті есебінен төленетін «Жергілікті өкілетті ұйымдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша материалдық төлемақы төлеуді реттейді.
Тармақ 2
2. Материалдық төлеуі ақыны тағайындауды атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссия жүзеге асырады (әрі қарай-комиссия), оның сандық және дербес құрамы, сонымен қатар әлеуметтік төлем көлемі аудан әкімдігінің Қаулысымен бекітіледі.
Тармақ 3
3. Аудан бюджетінің қаражаты есебінен төленетін материалдық төлемақы бойынша, уәкілетті ұйым «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып анықталды.
Тармақ 4
4. Комиссия арыз берушінің келісімімен, материалдық төлемақыны тағайындау үшін керекті мәліметтерді тиісті ұйымдардан алуға сұрау салуға құқылы.
Тармақ 5
5. Материалдық төлемақы жергілікті деңгейде төмендегідей түрде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) жұмыссыз азаматтарды жерлеу рәсіміне материалдық төлемақылар;
Тармақша 2
2) азаматтардың жекелеген санатттары үшін мерекелік шаралар өткізуге арналған материалдық төлемақылар;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмекке өте мұқтаж аз қамтылған азаматтарға материалдық төлемақылар;
Тармақша 4
4) емделуге бару жолын төлеуге материалдық төлемақылар;
Тармақша 5
5) мүгедектерді сауықтыруға материалдық төлемақылар;
Тармақша 6
6) азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлы-курорттық емделуге материалдық төлемақы;
Тармақша 7
7) азаматтарға отын алуға берілетін материалдық төлемақылар;
Тармақша 8
8) азаматтарға, көп балалы отбасыларға қосалқы шаруашылығын дамыту үшін берілетін материалдық төлемақылар;
Тармақша 9
9) оңалтудың жеке бағдарламасына (ОЖБ) келісімді мұқтаж мүгедектерге материалдық төлемақылар беру;
Тармақша 10
10) азаматтардың жекелеген санаттарына мерзімдік басылымдарға жеңілдікпен жазылуды рәсімдеуге материалдық төлемақылар;
Тармақша 11
11) ауданның құрметті азаматтарына телефонный абоненттік төлемін төлеуге, отын алуға материалдық төлемақы.
Тарау 2. 2. Жұмыссыз азаматтарды жерлеу рәсіміне берілетін материалдық төлемақылар
2. Жұмыссыз азаматтарды жерлеу рәсіміне берілетін материалдық төлемақылар
Тармақ 6
6. Материалдық төлемақы жан басына шаққандағы кірісі ең төменгі күн көріс деңгейінен аспайтын жұмыссыз азаматтарды жерлеу рәсіміне (өзгеше жағдайда, халықты жұмыспен қамту сұрағы бойынша уәкілетті ұйымда тіркеуде тұрмағандарда) отбасы мүшелеріне немесе жерлеу рәсімін нақты жүзеге асыратын тұлғаға төленеді.
Тармақ 7
7. Азаматтардың жерлеу рәсіміне төленетін материалдық төлемақыны алу құқығы кісі қайтыс болған күннен екі ай мерзімге дейін сақталады.
Тармақ 8
8. Материалдық төлемақы тағайындауға төмендегідей құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) арызы;
Тармақша 2
2) арызданушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) СТН куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) өлгені туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 5
5) жұмыспен қамту уәкілетті ұйымының (жұмыссыз азаматтар үшін) анықтамасы;
Тармақша 6
6) тұрғылықты жердің анықтамасы;
Тармақша 7
7) қайтыс болған кісінің отбасының тұрмыстық хал-ахуалын тексеру актісі.
Тармақша 8
8) Жерлеу рәсімімен айналысқан азаматқа (туыс-туғаны жоқ жерленуші үшін) округ әкімінің растау-анықтамасы.
Тарау 3. 3. Азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік шаралар өткізу үшін берілетін материалдық төлемақы
3. Азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік шаралар өткізу үшін берілетін материалдық төлемақы
Тармақ 9
9. Мерекелік шаралар өткізу үшін берілетін материалдық төлемақыға Ұлы Отан соғысы ардагерлері және мүгедектері, оларға теңестірілген тұлғалар еңбек ардагерлері, жалпы аурудан мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалар, көп балалы аналар, ауданның құрметті азаматтары, жалғыз басты зейнеткерлер құқылы.
Тармақ 10
10. Материалдық төлемақы алу үшін уәкілетті ұйым тізімді ААҚ «Қазпочтаға» береді.
Тармақ 11
11. Көрсетілген санаттағы азаматтарды құрметтеу үшін уәкілетті орган өткізілетін мерекелік шараларға ақшалай қаржыларды «Қазпочта» ААҚ-ына, қосымша тізімге келісімді аударады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекке өте мұқтаж азаматтарға материалдық төлемақы төлеу
4. Әлеуметтік көмекке өте мұқтаж азаматтарға материалдық төлемақы төлеу
Тармақ 12
12. Материалдық төлемақыны алуға азаматтардың жекелеген санатындағылар белгілі бір жағдайда әлеуметтік көмекке өте зәру, жағдайдың ауырлығына байланысты (апат, өрт, мүгедектігі жоқ азаматтардың аурудың аса ауыр түрімен ауыруы, сонымен қатар басқа да тосын жағдай) құқылы.
Тармақ 13
13. Материалдық төлемақыны тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) арызы;
Тармақша 2
2) арызданушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) СТН куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) әлеуметтік төлемге мұқтаждығын растайтын құжат;
Тармақша 5
5) тұрғылықты жерден анықтама;
Тармақша 6
6) тұрмыстық-материалдық хал-ахуалды тексеру актісі;
Тарау 5. 5. Мұқтаж мүгедектерге емделу орнына жету жолақысына материалдық төлемақы
5. Мұқтаж мүгедектерге емделу орнына жету жолақысына материалдық төлемақы
Тармақ 14
14. Мұқтаж мүгедектерге емделу орнына жету жолақысына материалдық төлемақыны алуға жүріп тұруда қиындық көретін ампутация диагнозы бар, аяқтың қозғалыссыздығы, көру қабілетінің бұзылуы бар 1, 2 топтағы мүгедектер, дәрігерлік көрсеткіші бойынша жолдама берілген және оларға еріп жүретін тұлғалар құқылы.
Тармақ 15
15. Материалдық төлемақы тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) арызы;
Тармақша 2
2) арызданушының жеке басын растайтын куәліктің көшірмесі;
Тармақша 3
3) СТН куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) емдеуші дәрігердің жолдамасы;
Тармақша 6
6) тұрғылықты жердің анықтамасы.
Тарау 6. 6. Мұқтаж мүгедектерді сауықтыруға берілетін материалдық төлемақы
6. Мұқтаж мүгедектерді сауықтыруға берілетін материалдық төлемақы
Тармақ 16
16. Мұқтаж мүгедектерді сауықтыруға берілетін материалдық төлемақы қажетті дәрі-дәрмек алуға, дәрігерлік көрсеткіш бойынша тексерілуге, емделуге жіберілген мүгедектер құқылы.
Тармақ 17
17. Материалдық төлемақыны тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) арызы;
Тармақша 2
2) арызданушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) СТН куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) материалдық-тұрмыстық хал-ахуалды тексеру актісі;
Тармақша 6
6) тұрғылықты жердің анықтамасы.
Тарау 7. 7. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлы-курорттық емделуге материалдық төлемақы
7. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлы-курорттық емделуге материалдық төлемақы
Тармақ 18
18. Санаторлы-курорттык емделуге берілетін материалдық төлемақыны алуға барлық санаттағы мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері, жауынгер-интернационалистер құлылы.
Тармақ 19
19. Материалдық өлемақыны тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) арызы;
Тармақша 2
2) арызданушының жеке басын растайтын куәліктің көшірмесі;
Тармақша 3
3) СТН куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) Санаторлы-курорттық картаның көшірмесі;
Тармақша 5
5) Тұрғылықты жердің анықтамасы;
Тармақша 6
6) Мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.
Тарау 8. 8. Мұқтаж азаматтардың отын алуына арналған материалдық төлемақылар
8. Мұқтаж азаматтардың отын алуына арналған материалдық төлемақылар
Тармақ 20
20. Отын (ағаш, көмір) алуға берілетін материалдық төлемақы алуға пешпен жылытылатын жеке меншік үйде тұратын, кірісі ең төменгі күн көріс деңгейінен аспайтын азаматтар құқылы.
Тармақ 21
21. Материалдық төлемақыны тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) арызы;
Тармақша 2
2) арызданушының жеке басын растайтын куәліктің көшірмесі;
Тармақша 3
3) СТН куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) тұрғын үйдің тиесілігі жөніндегі, кез келген құжат (сату-сатып алу жөніндегі шарт, жекешеленгені жөніндегі шарт, азаматтарды тіркеу кітабы және т.б.);
Тармақша 5
5) тұрғылықты жерден анықтама;
Тармақша 6
6) тұрмыстық-материалдық хал-ахуалды тексеру актісі;
Тарау 9. 9. Мұқтаж азаматтарға, көп балалы отбасыларға қосалқы шаруашылығын дамыту үшін берілетін материалдық төлемақылар
9. Мұқтаж азаматтарға, көп балалы отбасыларға қосалқы шаруашылығын дамыту үшін берілетін материалдық төлемақылар
Тармақ 22
22. Қосалқы шаруашылығын дамыту үшін материалдық төлемақы алу Құқығы кірісі ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен мұқтаж азаматтарға, көп балалы отбасыларға беріледі.
Тармақ 23
23. Материалдық төлемақыны тағайындау үшін төмендегідей құжаттар керек:
Тармақша 1
1) арызы;
Тармақша 2
2) арызданушының жеке басын растайтын куәліктің көшірмесі;
Тармақша 3
3) СТН куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) тұрмыстық-материалдық хал-ахуалдй тексеру актісі;
Тармақша 5
5) тұрғылықты жерден анықтама.
Тарау 10. 10. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына (ОЖБ) келісімді мұқтаж мүгедектерге материалдық төлемақы
10. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына (ОЖБ) келісімді мұқтаж мүгедектерге материалдық төлемақы
Тармақ 24
24. Материалдық төлемақы алуға мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына келісімді мұқтаж мүгедектер құқылы.
Тармақ 25
25. Материалдық төлемақыны тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) арызы;
Тармақша 2
2) арызданушының жеке басын растайтын куәліктің көшірмесі;
Тармақша 3
3) СТН куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының (ОЖБ) көшірмесі.
Тармақша 5
5) тұрғылықты жерден анықтама.
Тарау 11. 11. Азаматтардың жекелеген санаттарына мерзімдік басылымдарды жеңілдікпен жаздыруды ресімдеуге берілетін материалдық төлемақы
11. Азаматтардың жекелеген санаттарына мерзімдік басылымдарды жеңілдікпен жаздыруды ресімдеуге берілетін материалдық төлемақы
Тармақ 26
26. Республикалық және облыстық маңызы бар мерзімдік басылымдарды жеңілдікпен жаздыруды рәсімдеуге берілетін материалдық төлемақы алуға Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері, жауынгер-интернационалистер, ауданның құрметті азаматтары құқылы.
Тармақ 27
27. Материалдық төлемақыны тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) арызы;
Тармақша 2
2) арызданушының жеке басын растайтын куәліктің көшірмесі;
Тармақша 3
3) СТН куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) біржолғы төлемақы алушы мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) тұрғылықты жерден анықтама.
Тарау 12. 12. Ауданның құрметті азаматтарына телефонный абоненттік төлемі үшін, отын алу үшін материалдық төлемақы
12. Ауданның құрметті азаматтарына телефонный абоненттік төлемі үшін, отын алу үшін материалдық төлемақы
Тармақ 28
28. Телефонның абоненттік төлемі үшін, отын алу үшін материалдық төлемақы алуға ауданның құрметті азаматтары құқылы.
Тармақ 29
29. Материалдық төлемақыны тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) арызы;
Тармақша 2
2) арызданушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) СТН куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) ауданның құрметті азаматы мәртебесін растайтын құжат;
Тармақша 5
5) тұрғылықты жерден анықтама.
Тарау 13. 13. Қорытынды ереже
13. Қорытынды ереже
Тармақ 30
30. Арызданушыға тағайындалатын материалдық төлемақының заңнамаға сәйкес дұрыстығына комиссия жауапты.
Тармақ 31
31. Алдын-ала күмәнді немесе материалдық төлемақыны алуға немесе көлеміне әсер ететін өзгерістер туралы мәліметті уақытылы хабарламаған азаматтар материалдық төлемақы алу құқығынан бір жылға дейін айырылады.
Тармақ 32
32. Материалдық төлемақыны төлеу «Қазпочта» ААҚ Жақсы филиалы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 33
33. Уәкілетті қаржылық ұйым материалдық төлемақының төленуіне бөлінетін қаржының дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады.
Басқа 121. Аудан бюджетінің қаражаты есебінен төленетін материалдық төлемақыларды беру үшін азаматтардың өтінішін қарау бойынша аудандық КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ
Жақсы аудандық, мәслихатының 2007 жылдың 11 сәуірдің № ВС-39-5 шешіміне 1 қосымша Аудан бюджетінің қаражаты есебінен төленетін материалдық төлемақыларды беру үшін азаматтардың өтінішін қарау бойынша аудандық КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ Сейдахметова Ләззат Шаншарханқызы - Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы; Арыспаева Алтын Маратқызы - Жақсы ауылы әкімі аппаратының бас маманы; Деменева Людмила Викторовна - бюджетті орындаудың есебі, қаржыландыру және талдау бөлімнің бас маманы; Кабенок Людмила Ивановна - Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы; Ерназарова Бибігүл Алпысбайқызы - білім бөлімінің қорғаншы және қорғау бойынша әдіскері; Райнгардт Валентина Васильевна - Аудандық ардагерлер Кеңесінің төрайымы (келісімі бойынша).
Басқа 122. Аудан бюджетінің қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін материалдық төлемақының КӨЛЕМІ
Жақсы аудандық мәслихатының 2007 жылдың 11 сәуірдің № ВС-39-5 шешіміне 2 қосымша Аудан бюджетінің қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін материалдық төлемақының КӨЛЕМІ
Тармақ 1
1. Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге материалдық төлемақылар 10 айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемде көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Мерекелік шараларды өткізуге материалдық төлемақы азаматтардың жекелеген санатына 3.0 теңгеден артық емес көлемде.Жеңіс күнін тойлауға Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 5.0 теңгеден кем емес көлемде көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Материалдық төлемақы әлеуметтік көмекке өте мұқтаж азаматтарға жағдайдың ауырлығына байланысты 15 АЕК-ке дейінгі көлемде көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Мүгедектердің емделу орнына жету жолы мен қайту жолының ақысын төлеу үшін материалдық төлемақы автомобиль немесе теміржол көлігінің билеттерінің құны бойынша көрсетіледі. Такси шығыны қажетті бағыттың қалыптасқан бағасы бойынша көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Мүгедектерді сауықтыруға, санаторлы-курорттық емделуге материалдық төлемақы 3.0 теңгеден артық емес көлемде беріледі.
Тармақ 6
6. Отын алуға материалдық төлемақы азаматтарға 10 АЕК дейін беріледі.
Тармақ 7
7. Азаматтарға, көп балалы отбасына қосалқы шаруашылығын дамытуға материалдық төлемақы 5-тен 40 АЕК дейін беріледі.
Тармақ 8
8. Мүгедектерді оңалтудың бағдарламасына келісімді мүгедектерге материалдық төлемақы 3 АЕК кем емес көлемде беріледі. Материалдық төлемақының сомасы әрбір нақты жағдайда комиссияның отырысында анықталады.