Об утверждении тарифов на природный газ Күшін жойған
Басқа 0
Табиғи газ тарифтерiн бекiту туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының 29.07.2004 N 76 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң»"Монополист - кәсiпорындар қызметтерiнiң»бағалары мен тарифтерiн мемлекеттiк реттеу жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1999 жылғы 9 сәуiрдегi N 400 қаулысына, Алматы қаласы Әкiмiнiң ұсынысы мен Қазақстан Республикасының Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетiнiң қорытындысына сәйкес I сайланған Алматы қалалық Мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1999 жылғы 1 мамырдан бастап 1 м3 табиғи газ үшiн тарифтер төмендегi жiктелiспен 5-57 теңге көлемiнде (ҚҚС-пен 6-68 теңге) бекiтiлсiн:
Алматы қаласының барлық тұтынушылары үшiн - 5-57 теңге 1м3 үшiн (ҚҚС-сыз), оның iшiнде:
- "Алматыжылукоммунэнерго"»АҚ - 3-816 теңге 1м3 үшiн (ҚҚС-сыз), ҚҚС-пен - 4-58 теңге 1 м3 үшiн
- энергетика ҚазҒЗИ СШҚ - 3-816 тенге 1м3 үшiн (ҚҚС-сыз), ҚҚС-пен 4-58 теңге 1 м3 үшiн.