О предоставлении единовременной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және қалалық Мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсанындағы XXIX сессиясының № 29/290 «2007 жылғы қала бюджеті туралы» шешіміне сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету мақұлдансын.
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гармашова Н.Н.) «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасының әкімгері болып анықталсын.
Тармақ 3
3. Біржолғы материалдық көмек алу құқығы келесі санаттағы Қазақстан Республикасының азаматтарына тиесілі:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Жеңіс күні мерекесі қарсаңында - 7000 теңге;
Тармақша 2
2) Чернобыль АЭС- індегі апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға- 2000 теңге;
Тармақша 3
3) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 5000 теңге;
Тармақша 4
4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға – 5000 теңге;
Тармақша 5
5) Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан (хабар -ошарсыз кеткен) немесе майданда қайтыс болғандардың, қайталап некеге отырмаған зайыптарына (жұбайларына) – 2000 теңге;
Тармақша 6
6) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне) – 2000 теңге;
Тармақша 7
7) Ұлы Отан соғысы жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істелгендерге - 2000 теңге;
Тармақша 8
8) Ауған майдангерлеріне -2000 теңге;
Тармақша 9
9) балаларды қорғау күні қарсаңында 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға және мүмкіншіліктері шектелген балаларға -1000 теңге;
Тармақша 10
10) «Алтын алқа» және «Күмыс алқа» белгілерімен марапатталған батыр аналарға – 1000 теңге беруге;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында «Қаражал қаласының Құрметті азаматты» атағы берілгендерге – 2000 теңге.
Тармақша 12
12) материалдық көмекке аса мұктаж мүгедектерге – 3000 теңге;
Тармақша 13
13) өрттен, апаттан зардап шеккен адамдарға 15 айлық есеп көрсеткіші көлемінде – 16380 теңге.
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік, бағдарламалар бөлімі (Гармашова Н.Н.) біржолғы материалдық көмекті тағайындайды және бюджетте қаралған тиісті көлемдегі төлемдерді алушылардың өздері таңдаған Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиялары бар екінші деңгейдегі банкке немесе ұйымдағы жеке есепшотына аударады.
Тармақ 5
5. Қаржы бөлімі (Гуляева Е.И.) жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуді қала бюджеті есебінен жоспарға сәйкес қаржыландырады.
Тармақ 6
6. Қаражал қалалық Мәслихатының 2006 жылғы 10 наурыздағы №24/235 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімінің (2006 жылғы 26 наурыздағы Қаражал қаласының әділет басқармасында тіркеу нөмірі 8-5-19, 2006 жылғы 1 сәуірдегі № 12 «Қазыналы өңір» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғанан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі Келісілді: Қаржы бөлімінің бастығының ________________Е.Гуляева 2007 жыл 31.03 Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы _______________А.Ереженова 2007 жыл 31. 03 Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы ___________________Н. Гармашова 2007 жыл 31. 03