Об оказании материальной помощи на оплату коммунальных услуг Күшін жойған
Басқа 0
Коммуналдық қызметке төлеуге материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Ұлы Отан соғысының қатысушалары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарында және қалалық Мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы XXIX сессиясының № 290 «2007 жылғы қала бюджеті туралы» шешіміне сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Коммуналдық қызметке бір адам басына тұтыну нормасы бойынша есептелген төлемнің мөлшерінен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 100% мөлшерінде 2007 жылы материалдық көмек көрсету мақұлдансын.
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гармашова Н.Н.) «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасының әкімгері болып анықталсын.
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гармашова Н.Н.):
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, материалдық көмекті тағайындау және төлеу, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиялары бар екінші деңгейдегі банктегі немесе ұйымдағы жеке есеп шотына аудару жұмыстарын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) бір айлық төлемақы мөлшерін бір адам басына тұтыну нормасы бойынша анықтайды, оның ішінде:
электр қуаты үшін нақты есеп бойынша, 150 киловатт сағаттан артық емес;
суық су мен канализация үшін, қызмет көрсетушілер бекіткен тарифтер бойынша;
қоқыс шығару үшін, қызмет көрсетушілер бекіткен тарифтер бойынша;
жылу беру үшін, қызмет көрсетушілер бекіткен тарифтер бойынша, 18 шаршы метрден артық емес,
көмір үшін, 1 шаршы метрге 225 кг., 18 шаршы метрден артық емес, оның ішінде жалғыз басты тұратындарға 30 шаршы метрден артық емес, өңірде қалыптасқан тоқсандық орта статистикалық бағамен;
газ үшін- орта статистикалық мәлімет бойынша, 1 айға 1 баллон
Тармақ 4
4. Қаржы бөлімі (Гуляева Е.И.) Ұлы Отан сағысының қатысцшылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметке төлеуге материалдық көмек көрсетуді қала бюджеті есебінен жоспарға сәйкес қаржыландырылады.
Тармақ 5
5. Қаражал қалалық Мәслихатының 2006 жылғы 10 наурыздағы №24/ 236 «Коммуналдық қызметке төлеуге материалдық көмек көрсету туралы» шешімінің (2006 жылғы 26 наурыздағы Қаражал қаласының әділет басқармасында тіркеу нөмірі 8-5-20, 2006 жылғы 1 сәуірдегі № 12 «Қазыналы өңір» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Қаржы бөлімінің бастығының
_______________ Е. Гуляева
2007 жыл 31. 03
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің бастығы
_______________А. Ереженова
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
___________________Н. Гармашова
2007 жыл 31. 03