Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің пәтерлері мен тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу және төлеу Тәртібі туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің пәтерлері мен тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу және төлеу Тәртібі туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 6 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Занының 20 бабын басшылыққа ала отырып, Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің пәтерлері мен тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу және төлеу Тәртібі №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық Мәслихаттың «Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар және спорт ісі мәселелері» жөніндегі комиссиясына (Г. Жәкиев) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім, қалалық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
Тармақ 4
4. Алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Басқа 5
Қалалық Мәслихаттың 2007 жылғы «18» сәуірдегі №296 шешіміне 1 қосымша Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің пәтерлері мен тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу және төлеу тәртібі туралы
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже Осы тәртіп Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктері мен оларға әлеуметтік қорғау туралы» Занының 20-шы бабын орындау үшін дайындалған.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртібі
2. Тағайындау тәртібі
Тармақ 1
1. Ағымдағы жөндеу жұмыстары Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің арыздарына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Ұлы Отан соғысының ардагерлері қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне төмендегідей құжаттар тапсырады:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысы ардагерінің арызы;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің сол пәтерде тұратындығын растайтын құжат.
Тармақ 3
3. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің арыздары сәуір айының 1-не дейін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жинақталып, жасақталған тізім Атырау қалалық соғыс және еңбек ардагерлері Кенесінің төралқа мүшелерімен келісілді.
Тармақ 4
4. Атырау қалалық соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің пәтерлерін және тұрғын үйлерін тексеріп, жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде ұсыныс енгізілді.
Тармақ 5
5. Тізім бектілгеннен кейін қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасауға дефектілік ведомость жасайды.
Тармақ 6
6. қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі ағымдағы жөндеу жұмыстарына техникалық бақылау жүргізіп,атқарылған жұмыстарға акт жасақтайды.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
Тармақ 7
7. Ағымдағы жөндеу жұмыстары 2007 жылға қарастырылған қалалық бюджеттің 451 007 000 «Жергілікті басқару органдардың шешімімен жекеленген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер» бағдарламасынан қаржыландырылады.
Тармақ 8
8. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тізімге сәйкес ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қалалық қаржы бөліміне береді.
Тармақ 9
9. Қалалық қаржы бөлімі тапсырыс негізінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің пәтерлеріме мен тұрғын үйлерінде жүргізілетін жөндеу жұмыстарының дефектілік ведомостіне сәйкес қаржыны қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне аударады.
Тармақ 10
10. Қаржы есепшотқа түскеннен соң қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 5 күн ішінде дефектілік ведомостіге сай «Казпочта» акционерлік қоғамының байланыс бөлімшелері арқылы жеке басын куәландырылатын құжат (төлқұжат, жеке куәлік) бойынша берілді.
Тармақ 11
11. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тізіміне сәйкес төлемдер «Казпочта» Акционерлік қоғамының байланыс бөлімшелері арқылы жеке басын куәландыратын құжат (төлқұжат, жеке куәлік) бойынша беріледі.
Тарау 4. 4. Есеп жүргізу,бақылау және есеп беру
4. Есеп жүргізу,бақылау және есеп беру
Тармақ 12
12. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің пәтерлеріне жүргізілген жөндеу жұмыстары шығынынның есебін жүргізу, бақылау және есеп беру жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктеледі.