О специальном городском пособии Күшін жойған
Басқа 0
Арнайы қалалық жәрдемақы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 11.10.2007 N 16 шешімімен.
"Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiк беру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және тұтыну бағалары индексiнiң өсуiне байланысты халықтың аз қамтамасыз етiлген жiктерiне (зейнеткерлерге) әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында I сайланған Алматы қалалық Мәслихаты
ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 1999 жылғы 1 мамырдан бастап Алматы қаласының аумағында тұрақты тұратын және арнайы мемлекеттiк жәрдемақы алу құқығы жоқ тұлғалардың тiзбесiне енбеген зейнеткерлерге айлық есептемелiк көрсеткiштiң 0,5 көлемiнде арнайы қалалық жәрдемақы белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Қалалық қаржы басқармасы (Қ.Қ.Тәжiбаев) арнайы қалалық жәрдемақы төлеу жөнiнде шығындарды ескерiп, оларды жабу көздерiн анықтасын.
Тармақ 3
3. Алматы қаласының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi арнайы қалалық жәрдемақы туралы Ереженi әзiрлеп, оны Алматы қаласының қаржы басқармасымен келiсетiн болсын.
Алматы қаласының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк
қорғау департаментi 1999 жылдың 20 мамырына дейiн арнайы қалалық
жәрдемақы тағайындауды аяқтасын және 1999 жылғы 1 маусымнан оның
төлеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. I сайланған Алматы қалалық Мәслихатының "Азаматтардың
жекелеген санаттарына жеңiлдiктер беру тәртiбi туралы" 1997 жылғы
7 сәуiрдегi ХIҮ сессиясы шешiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.