Об установлении охранной зоны вокруг территории государственного учреждения "Аксу-Жабаглинский государственный природный заповедник" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Ақсу-Жабағлы мемлекеттік табиғи қорық" мемлекеттік мекемесі аумағының айналасында қорғаныш аймақ құру туралы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 123 бабына және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2006 жылғы 21 тамыздағы N 2-81 хатының негізінде Жамбыл облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл облысы аймағында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Ақсу-Жабағлы табиғи қорық" мемлекеттік мекемесі аумағының айналасында екі шақырымдық қорғаныш аймақ құрылсын және осы аймақтың шегінде бұл аумақтардың экологиялық жүйесінің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Жамбыл облысының әділет Департаментінде тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ө. Үсенбаевқа жүктелсін.