О внесении дополнений и изменений в некоторые решения Акима города Алматы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы Әкiмiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Әділет басқармасының НҚА мемлекеттік тіркеудің күшін жоюы туралы 21.07.2000 қорытындысы. Қоршаған ортаны сақтау тұтынушылардың құқығын қорғау жөнiндегi жұмысты күшейту мақсатында Алматы қаласының Әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкiмiнiң мынадай шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1.1. Комиссия мүшелерi:
1.1. 1998 жылғы 24 шiлдедегi №708 шешiмiне: - "Алматы қаласына мұнай өнiмдерiн әкелу және сату сапасына бақылауды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы" N 1 қосымша мына редакцияда берiлсiн: 1. В.В. Храпунов - Алматы қаласының Әкiмi - төраға. 2. Я.И. Заяц - Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары - төрағаның орынбасары. 3. А.И. Калинин - Алматы қаласы Әкiмiнiң кеңесшiсi - төрағаның орынбасары. Комиссия мүшелерi: 1. Е.И. Шатов - қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы. 2. Б.Б. Ысқақов - Алматы қалалық төтенше жағдай жөнiндегi басқарманың бастығы. 3. С.Н. Әдiрiсқалиев - Алматы қаласы бойынша қалалық көлiктi бақылау комитетi басқармасының» бастығы. 4. А.С. Садықов - "Алматы стандарттау, метрология және сертификаттау" орталығы КМК директоры. 5. В.А. Меркер - санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының бастығы. 6. Қ.Н. Қасымов - Алматы қалалық Iшкi iстер бас басқармасының бастығы. 7. В.У. Қалижанов - Алматы қалалық Салық комитетiнiң төрағасы. 8. Е.С. Ысмағұлов - Алматы қалалық Бас кеден басқармасының бастығы. 9. С.Қ. Баймағамбетов - Сәулет және қала құрылысы департаментiнiң бастығы. 10. А.Е. Сапаров - Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитеттiң төрағасы. 11. К.Т. Наратауов - "Жайлы көлiктiк қызмет көрсету орталығының" Алматы бөлiмшесiнiң бастығы. 12. Р.З. Ысмағылов - комиссия хатшысы.
Тармақша 1.2
1.2. 1998 жылғы 7 қазандағы № 966 шешiмiне: - 8 тармақтағы "ЖЖМ тәуелсiз сараптаулар" сөзi "Мұнай өнiмдерiн зерттеу" сөзiне алмастырылсын; - N 1 қосымшада: "Осы тәртiптегi негiзгi қолданылатын түсiнiк" бөлiмiнде: - 8 тармақтағы "ЖЖМ тәуелсiз сараптаулар" сөзi "Мұнай өнiмдерiн зерттеу" сөзiне алмастырылсын; "ЖЖМ түсiнiгi" алынып тасталсын; "Мұнай өнiмдерi түсiнiгi мынадай редакцияда берiлсiн: "Мұнай өнiмдерi дегенiмiз - бұл шикi мұнайды және газды термокаталитикалық және мұнай химиялық синтез және басқа әдiстегi өңдеу нәтижесiнде алынған өнiм және қоспалар Осы өнiмнiң»тiзбесi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 P951035_ қаулысымен бекiтiлген (N 1 қосымша)". 3 бөлiмдегi "Автожанармай құю стансасының қызметiн бақылау және оларды қосу тәртiбiне" мыналар енгiзiлсiн:
Тармақша 3.3
3.3. тармағы мына редакцияда берiлсiн: "ЖЖМ қызметi ведомствоаралық комиссияның берген куәлiгiмен ғана жүзеге асырылады";
Тармақша 3.4
3.4. тармағы мына редакцияда берiлсiн: "Қоршаған ортаны қорғау талабын бұзғаны үшiн ГОСТ СНИТ-тi, "Техникалық пайдалану және өрт қауiпсiздiгi ережесiн бұзғаны үшiн, оның иесiне ҚР КОАП-на сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiк жүктеледi және Ведомствоаралық комиссияның куәлiгi одан алынады. Куәлiктi қайталап беру аталған тәртiп бұзушылықты жойғаннан кейiн берiледi";
Тармақша 3.5
3.5. тармағы мына редакцияда берiлсiн: "Куәлiк мынадай жағдайларда қайта ресiмдеуге жатады: - ЖЖМ тетiктерi мен бақылау-өлшеу жабдықтарын алмастырғанда; - жағар және жанармайларды тарату түтiкшесiн ауыстырғанда; - мұнай өнiмдерiн сақтау үшiн резервуарлар көлемiн алмастырғанда; - ЖЖМ иесiн ауыстырғанда".