О наложение ограничение в поселок Агадырь в связи с выявлением бешенство среди собак Күшін жойған
Басқа 0
Ақадыр кентіндегі иттер
арасынан құтырма ауруының
шығуына байланысты шектеу
қою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» №148 Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» №339-ІІ Заңының 27 бабына және Санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринариялық-санитариялық ережелерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 14 мамырдағы №376 және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 15 мамырдағы №266 бірлескен бұйрығына сәйкес аса қауіпті құтырма ауруының шығуына байланысты ІІІет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Иттердің арасынан құтырма ауруының шығуына байланысты бойынша 60 күн Ақадыр кенттік округіне шектеу қойылсын.
Тармақ 2
2. Ақадыр кенттік округі бойынша төмендегі жағдайларға тиым салынсын:
Басқа жерден мал әкеп қосуға және мал шығаруға.
Шикі сүт тағамдарын базарда сатуға және көпшілік орындарда тамаққа пайдалануға.
Құтырма ауруы шыққан жердегі суат пен жайылымды сау малдарға пайдалануға.
Тармақ 3
3. Тұрғындардың меншігіндегі иттердің санын анықтап, оларды байлауда ұстап, құжаттандыру (паспорттау).
Бұралқы иттер мен мысықтарды аулау және жою.
Залалды ошақты сауықтырудың кешенді іс-шаралары қосымшаға сәйкес бекітілсін, орындалысы мекеме басшыларынан сұралсын.
Тармақ 4
4. Аудандық аумақтық инспекциясының ветеринария бөліміне (Хайролла Хасенов келісім бойынша) залалды ошақта жүргізілетін ауыл шаруашылығы мал бастарын сауықтыруға бағытталған ветеринариялық іс-шаралардың орындалысын қадағалауды ұйымдастырып, құтырма ауруы шыққан ошақ маңын дағы мал басын осы ауруға қарсы профилактикалық вакцинациядан өткізу үшін, облыстық инспекциясының ветеринария бөлімінен қосымша вакцина сұралсын.
Тармақ 5
5. Аудандық медициналық бірлестігіне (Әбітаева Хауарира Бергенқызы келісімі бойынша) залалды ошақпен тығыз қатынаста болған кент тұрғындарына арнайы тексеру жүргізіп, оларды профилактикалық вакцинациядан өткізу жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету сұралсын.
Тармақ 6
6. Аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемологиялық қадағалау басқармасына (Мұқашев Қадыр Қанапияұлы келісімі бойынша) залалды ошақпен қатынаста болған кент тұрғындары арасында бақылау жүргізіп, оларды профилактикалық вакцинациядан толық өтуін қадағалау сұралсын.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөліміне (Таттимбеков Қозыбай Сейтқұлұлы келісім бойынша) кенттік округке қарасты мал басының, мал өнімдерінің сыртқа шығу, сырттан кіру құжаттарын жергілікті ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторлары арқылы қатаң тексерілуі сұралсын.
Тармақ 8
8. Ақадыр кент округінің әкімі (Жұмағали Диярұлы Мағзиевке), округтік статистика мамандарымен бірлесе отырып «Ақадыр» кентіндегі және таяу орналасқан шаруа қожалықтарының мал бастарын анықтап, округтегі құтырма ауруына қарсы сауықтыру ветеринариялық шараларының мүлтіксіз орындалуына бақылау, басшылық жасау сұралсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Юржан Асанұлы Бекқожинге жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Бекқожин Юржан Асанұлы
Шет аудан әкімінің орынбасары
12.04.2007 ж.
Магзиев Жұмағали Диярұлы
Ақадыр кент округіның әкімі
12.04.2007 ж.
Әбітаева Хауарира Бергенқызы
Шет аудандық медициналық бірлестігінің директоры
12.04.2007 ж.
Мұқашев Қадыр Қанапияұлы
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы
12.04.2007 ж.
Таттимбеков Қозыбай Сейтқұлұлы
Шет аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
12.04.2007 ж.
Хасенов Хайролла
Шет аудандық аумақтық инспекциясы
ветеринариялық бөлімінің бастығы
12.04.2007 ж.
Басқа 11. Шет ауданы Ақадыр кенттік округіндегі мал басы мен иттерді құтырма ауруынан сауықтыруға арналған кешенді іс-жоспар
Шет ауданының әкімдігінің
2007 жылғы 30 наурыздағы
№3/10 қаулысына қосымша
Шет ауданы Ақадыр кенттік округіндегі мал басы мен иттерді құтырма ауруынан сауықтыруға арналған кешенді іс-жоспар
№ р/с
Құтырма ауруының одан әрі таралмауына қарсы қолданылатын шаралар
Орындау мерзімі
Жұмыстың орындалуына жауаптылар
1
Ауру ошағындағы мал басын құтырма ауруына қарсы вакцинациялау, ауру малдарды оқшауландырып, одардан ветеринариялық зертханаға сынамалар жіберу
Тұрақты
Аудандық аумақтық инспекцияның, округтің мемлекеттік ветринариялық инспекторы, лицензиат-ветеринар маманы, мал иелері
2
Құтырма ауруымен өлген мал бастарын әргеу арқылы жою
Тұрақты
Округ мемелкеттік ветеринариялық инспектор, мал иелері
3
Ауру ошағындагы сау малдан алынған шикізат (сүт, қаймақ) өнімдері 80-85 ОС темлературамен 30 минут қайнатудан (пастеризация) өткеннен кейін тағамға пайдалану
Шектеу алынғанға дейін
Мал иелері
4
Ауыл шаруашылығы малдарының тері, жүн өнімдерін тығыз материалдан жасалынған қапшықтар арқылы арнайы залалсыздандыру жолымен өндіріс орындарына жіберу
Шектеу алынғанға дейін
Округ мемелкеттік ветеринариялық инспекторының қадағалаумен мал иелері
5
Ауру мал, ауруға күдікті мал басы турған ауыл шаруашылығы нысандарын дезинфекциялау:
а) мал қораларындағы жұмыс құралдарын (күрек, айыр, балта, көтпен) дәріге батырып қою, және барлық жарамсыз арнайы киімдер, аяқ киімдер құны төмен құрал жабдықтарды жою.
б) мал күтушілер бұрышын жабдықтау: арнайы киім, алжапқыш, резеңке қолғап, қолжуғыш, қолды залалсыздаңдыру дәрі өрітіндісі
Тұрақты
Округ мемелкеттік ветеринариялық инспекторының қадағалаумен: лицензиат ветеринар маман, мал иелері
6
Ауру мал тұрған қораға сау малды кіргізбес бұрын тиянақты механикалық тазалаудан және санитариялық жөндеуден өткізіп, серуендейтін алаңға жене басқа нысандарға, бөлмелерге дезинфекция, дезинсекция, дератизация жасау
Шектеу алынғанға дейін
Округ мемелкеттік ветеринариялық инспекторының қадағалаумен мал иелері
7
Құтырмамен ауырған және осы ауруға күдікті мал басы мен ит тұрған қоралардың қиын, төсенішін және қалдық азығын жойып, залалсыздандыру, бұл қоқыстарды бір жерге үйіп өртеу арқылы жою
Шектеу алынғанға дейін
Округ мемелкеттік ветеринариялық инспекторының қадағалаумен: лицензиат ветеринар маман, мал иелері
8
Ветеринариялық іс-шаралар өткізілген және ауру мал болған жерге еріксіз және қорытынды дезинфекция, дератизация, дезинсекция жасау
Қажетіне қарай
Округ мемелкеттік ветеринариялық инспекторының қадағалаумен: лицензиат ветеринар маман, мал иелері
9
Шектеуді алардан бұрын санитариялық тазалаудан өткен ауыл шаруашылық нысандарына қорытынды дезинфекция жасап, оның сапасын зертханалық тексеріспен анықтау
Тұрақты
10
Округ әкімінің өкімімен округтағы барлық иттердің саны алынып, округ ветеринариялық инспекторының қатысуымен оларды құтырма ауруына қарсы алдын алу іс-шараларын жүргізіп, құжаттандыру және бұралқы иттерді жоюды ұйымдастыру
Тұрақты
Округ мемелкеттік ветеринариялық инспекторының қадағалаумен: лицензиат ветеринар маман, мал иелері
11
Халық арасында құтырма ауруының алдын алудағы санитариялық-ағартушылық жумыстарын жургізу
Тұрақты
Округ мемелкеттік ветеринариялық инспекторының қадағалаумен: округ әкімшілігінің маманы, ішкі істер бөлімінің инспекторы
12
Залалды құтыру ошағындагы мал басын қадағалауға алып ең соңғы мал өлгеннен 60 күн өткен соң, құтырма ауруымен белгісімен ауырған мал басы тіркелмеген жағдайда шектеуді алуға
Қажетіне қарай
Аумақтық инспекцияның мемлекеттік ветринариялық инспекторлары, округ мемлекеттік ветеринариялық инспекторы