Вопросы Комитета туризма Министерства транспорта, коммуникаций и туризма Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі Туризм комитетінің мәселелері "Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 355 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің Туризм комитеті туралы ереже;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі Туризм комитетінің құрылымы бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 сәуірдегі N 2201 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесінде: реттік нөмірі 28-жолдағы: "Қазақстан Республикасы Білім Алматы қ. аумағында жүзеге және мәдениет министрлігінің асырылатын қызметтен басқа туризм және спорт департаменті туристік қызмет" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 6
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 843 қаулысымен Бекітілген Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң Туризм комитетi туралы Ереже Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң Туризм комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң құзыретi шегiнде туризм саласындағы арнаулы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiруді жүзеге асыратын болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде есепшоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Егер Комитетке заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, онда ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабын бiлдiруге құқылы.
Тармақ 4
4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады.
Тармақ 5
5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тармақ 6
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 49.
Тармақ 7
7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң Туризм комитетi Мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджетте тиiстi жылы Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiн ұстауға арналған қаржы есебiнен жүзеге асырылады. Егер Комитетке заң актілерiмен табыс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру жөнiнде құқықтар берiлсе, онда мұндай қызметтен түскен табыс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. Комитетке Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға кiруге тыйым салынады. Комитеттiң негізгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары
Тармақ 10
10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) туризм саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) өз қызметiнiң саласында заңдардың қолданылу тәжiрибесiн талдау және қорыту оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу туризм саласында заң және өзге де нормативтік құқықтық актілердi әзiрлеуге қатысу;
Тармақша 3
3) туризм саласындағы отандық қызмет көрсету рыногын зерделеу, талдау және болжау;
Тармақша 4
4) туризмнiң материалдық-техникалық базасын құруға қатысу және дамыту;
Тармақша 5
5) туризм саласында мамандарды даярлауға қатысу, олардың iскерлiк біліктiлiгiн арттыру;
Тармақша 6
6) мүдделi ұйымдармен бiрлесе отырып туризм саласында зерттеулер ұйымдастыру және жүргiзу;
Тармақ 11
11. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) туризмдi дамыту жөнiндегі мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын іске асырады, туризм саласында перспективалық, күнделiктi және нысаналы бағдарламаларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) туризм саласына қатысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiреді;
Тармақша 3
3) туризм инфрақұрылымын құру туристiк өнiмдердi өндiру үшiн инвестицияларды тартуда бiрыңғай стратегияны қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi құзыретiнiң шегiнде және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес халықаралық, аймақаралық және iшкi туристiк байланыстарды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Республиканың туризм мәселелерi жөнiндегi заңдарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi жүзеге асырады, туризм саласындағы халықаралық және аймақаралық шарттардың, үкiметаралық келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;
Тармақша 6
6) туристiк тауарлар мен қызмет көрсетулердiң республикалық көрмелерiн дайындауды және өткiзудi жүзеге асырады, халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысатын туристiк ұйымдарды айқындайды;
Тармақша 7
7) туристерге қызмет көрсетудiң мемлекеттiк стандарттарын әзiрлейдi;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңдарымен өзiне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Негізгi мiндеттердi iске асыру және өз мiндеттерiн жүзеге асыру мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен Комитеттiң мынадай құқықтары болады:
Тармақша 1
1) нормативтiк құқықтық актiлер шығару
Тармақша 2
2) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпарат сұрату және алу;
Тармақша 3
3) көпжақты халықаралық туристiк байланыстарды дамытуға қатысу;
Тармақша 4
4) туристiк ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың туризм саласындағы қызметін үйлестiру;
Тармақша 5
5) туризмдi дамыту бағдарламаларын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу нысаналы бағдарламалар мен жобаларға бөлiнетiн республикалық бюджеттiң қаражатын бөлу жөнiнде ұсыныстар енгiзу, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылауға қатысу;
Тармақша 6
6) кадрларды қайта даярлаудың және біліктiлiгiн арттырудың, олардың қызметiн әдiстемелiк қамтамасыз етудiң бағдарламаларын бекiту және үйлестiру, симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, басқадай оқу түрлерiн және туризм жөнiндегi мамандармен тәжiрибе алмасуды ұйымдастыру; 7) халықаралық, аймақаралық және республикалық туристiк iс-шаралар өткiзу; 8) заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру. Комитеттiң мүлкi 13. Комитеттiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады. 14. Комитетке бекiтiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 15. Комитеттiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке заңдарда белгiленген жағдайлар мен шектеуде мүлiкке билiк ету құқығы берілуi мүмкiн. Комитеттiң қызметін ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитеттi Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Төраға басқарады. Төрағаның Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
Тармақ 17
17. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап бередi.
Тармақ 18
18. Осы мақсаттарда Төраға:
Тармақша 1
1) өз орынбасарының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелер басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
Тармақша 2
2) заңдарға сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңдарда белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiне тәртiптiк жазалар қолданады;
Тармақша 4
4) өз құзыретiнiң шегiнде Комитеттiң барлық қызметкерлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады;
Тармақша 5
5) бекiтiлген штат санының лимитiнде Комитеттiң штаттық кестесiн бекiтедi;
Тармақша 6
6) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi;
Тармақша 7
7) мемлекеттiк органдарда және өзге ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
Тармақша 8
8) заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 19
19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы N 843 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі Туризм комитетінің Құрылымы Басшылық Туризмді дамыту басқармасы Туризмді ұйымдастыру басқармасы