Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Азербайджанской Республики о сотрудничестве в борьбе с терроризмом, незаконным оборотом наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров, организованной и иными видами преступности Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Терроризмге, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, ұйымдасқан және өзге де қылмыс түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. 2005 жылғы 24 мамырда Баку қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Терроризмге, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, ұйымдасқан және өзге де қылмыс түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Терроризмге, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, ұйымдасқан және де қылмыс түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Терроризмге, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, ұйымдасқан және де қылмыс түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі, терроризмге, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресу мақсатындағы ынтымақтастықтың маңызды мәні бар екеніне көз жеткізе отырып, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымының және оларды теріс пайдаланудың өсіп отырған үрдісіне алаңдаушылық білдіре отырып, терроризмге қарсы бірлесіп күрес жүргізудегі өздерінің ниеттерін растай отырып, заңсыз көші-қонға және экономика саласындағы қылмыстарға қарсы күрес жөнінде тиімді шаралар қабылдауға ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап Егер Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында қылмыс жасалатын немесе оларға дайындық жүргізілетін болса, Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес ұйымдасқан қылмысқа, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына, терроризмге қарсы күрес саласында ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Бап 2. 2-бап
2-бап Терроризмнің кез келген көріністеріне қарсы күресу үшін Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес, сондай-ақ осы Келісімнің ережелеріне сәйкес:
Тармақша 1
1) терроризмнің жоспарланып отырған және жасалған актілері туралы, террористік ұйымдар мен топтар, сондай-ақ осындай қылмыстарға қатысатын адамдар туралы, мұндай қылмыстарды жасаудың нысандары мен әдістері және пайдаланылатын құралдар туралы ақпаратпен, сондай-ақ терроризмге қарсы күресуге және Тараптардың қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздігіне қатер төндіретін қылмыстардың жолын кесуге қажетті мәліметтермен алмасады;
Тармақша 2
2) террористік ұйымдар мен террористік қызметке қатысы бар адамдарға көрсетілетін қолдау туралы, оның ішінде қаржыландыру көздері туралы ақпаратпен алмасады;
Тармақша 3
3) қару-жарақты, оқ-дәрілерді, әскери техниканы, жарылғыш және улағыш заттарды, ядролық және радиоактивті материалдарды заңсыз сатумен айналысатын адамдар мен ұйымдар туралы, сондай-ақ оларды Тараптар мемлекеттерінің аумақтары бойынша өткізу арналары туралы ақпаратпен алмасады;
Тармақша 4
4) Тараптардың бірінің сұрау салуы бойынша террористік сипаттағы қылмыстардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын өткізеді;
Тармақша 5
5) терроризмге қарсы күрес, терроризм көріністеріне қарсы іс-қимылдың нысандары мен әдістеріне қатысты тәжірибе алмасу мәселелері бойынша бірлескен жұмыс кездесулері мен консультациялар өткізеді.
Бап 3. 3-бап
3-бап Құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды, оларды дайындау үшін пайдаланылатын құралдардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымының жолын кесу үшін Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес:
Тармақша 1
1) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына тартылған адамдар, осы адамдардың жасырын баспаналары, көлік құралдары және жұмыс әдістері, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың шыққан жері мен мақсаты туралы ақпаратпен, сондай-ақ есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен байланысты қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге қажетті өзге де ақпаратпен алмасады;
Тармақша 2
2) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымының әдістері туралы ақпаратпен алмасады;
Тармақша 3
3) есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз өткізудің бағыттары туралы ақпаратпен алмасады;
Тармақша 4
4) бір-бірінің қарауына есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың жекелеген түрлері бойынша химиялық сараптамалардың нәтижелерін ұсынады;
Тармақша 5
5) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымын осы салада болуы мүмкін құқық бұзушылықтарға баса назар аудара отырып, бақылау жөнінде тәжірибе алмасады;
Тармақша 6
6) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымын болдырмау жөнінде келісілген шаралар қабылдайды.
Бап 4. 4-бап
4-бап Қылмысты, әсіресе ұйымдасқан қылмысты анықтауда, алдын алуда, жолын кесуде және оның деңгейін төмендетуде ынтымақтастықты жүзеге асыра отырып, Тараптар:
Тармақша 1
1) ұйымдасқан қылмыстық қызметке тартылған адамдар, қылмыскерлердің байланыстары, ұйымдасқан қылмыстық топтардың құрылымы, жекелеген қылмыскерлер мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың қарым-қатынастары, қылмыстық істер бойынша фактілер туралы (әсіресе, қылмыстың жасалған уақыты, орны және әдісі туралы), қылмыстардың дәрежесі мен түрлері, қабылданған шаралар туралы, сондай-ақ мұндай қылмыстардың алдын алу және жолын кесу үшін қажетті дәрежедегі іске қатысты кез-келген басқа детальдар туралы ақпаратпен алмасады;
Тармақша 2
2) Тараптардың бірінің сұрау салуы бойынша сұрау салып отырған Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасында көзделген жедел іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттерін жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) халықаралық қылмысты жасау әдістері мен оның жаңа нысандары саласындағы ақпаратпен және тәжірибемен алмасады;
Тармақша 4
4) өздерінің криминалистикалық, криминологиялық және басқа да криминалдық зерттеулер ісіне қатысты нәтижелермен алмасады. Тергеу және өздерінің жұмыс әдістері мен жабдықтарын қолдану жөніндегі өздерінің тәжірибесі туралы оларды жетілдіру мақсатында бір-бірін өзара хабардар етеді;
Тармақша 5
5) ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнінде өзара іс-қимыл жасасуды нығайту мақсатында мамандардың біліктілігін арттыру үшін оларды өзара тағылымдамадан өткізеді, криминалистикалық, криминологиялық және сот-медициналық сараптама саласындағы тәжірибемен және ғылыми жетістіктермен алмасады;
Тармақша 6
6) қажет болған жағдайда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнінде бірлескен іс-шараларды жүзеге асырады, оларды дайындау және іске асыру үшін жұмыс кездесулерін өткізеді.
Бап 5. 5-бап
5-бап Сонымен қатар Тараптар ынтымақтастығы мыналарды:
Тармақша 1
1) заңсыз алынған кірістерді немесе мүлікті заңдастыруға, сондай-ақ заңсыз қаржы операцияларына қарсы күрестегі ынтымақтастықты;
Тармақша 2
2) осы Келісімде аталған қылмыстық іс-әрекеттерге қарсы күрес саласындағы нормативтік құқықтық кесімдермен алмасуды;
Тармақша 3
3) қылмыстық қызмет нәтижесінде пайда болған заңсыз кірістер туралы ақпаратпен алмасуды;
Тармақша 4
4) заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы тәжірибемен және нормативтік құқықтық кесімдермен, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің аумағында шетелдіктердің болу тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық кесімдермен алмасуды;
Тармақша 5
5) адамдар саудасына қарсы күресте екінші Тарап үшін қажетті, сондай-ақ заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар заңды тұлғалар мен жеке адамдарға және көшіп-қонушыларды ауыстырудың анықталған арналарына қатысты ақпаратпен алмасуды қамтиды.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Тармақ 1
1. Осы Келісімнің ережелерін орындау мақсатында барлық байланыстар тікелей Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары арасында жүзеге асырылатын болады.
Тармақ 2
2. Осы Келісімнің мақсаттары үшін мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан тарапынан: Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржы министрлігі, Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы);
Тармақша 2
2) Әзірбайжан тарапынан: Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Әділет министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік министрлігі, Әзірбайжан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы, Мемлекеттік Кеден комитеті, Мемлекеттік шекара қызметі Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары болып табылады.
Тармақ 3
3. Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамалары шеңберінде бір-бірімен тікелей ынтымақтасады және жеке Хаттамаларда өз ынтымақтастығының жекелеген салалары мен нысандарын белгілеуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Тараптардың әрқайсысы орталық құзыретті органдар тізбесіндегі өзгерістер туралы екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы хабардар етеді.
Бап 7. 7-бап
7-бап
Тармақ 1
1. Ақпаратпен алмасу және осы Келісімде көзделген іс-қимылдарды жүзеге асыру туралы сұрау салулар Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдарына жазбаша нысанда жіберіледі. Сұрау салуда мыналар: сұрау салып отырған органды, сондай-ақ сұрау салу жіберілген органды айқындайтын дәлелденген тұжырым; оған байланысты көмек сұралған қылмыстық істің сипаттамасы; сұрау салудың мазмұны, сондай-ақ оның орындалуы үшін қажетті мәліметтер көрсетіледі. Шұғыл жағдайларда Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары ауызша сұрау салумен жүгінуге құқылы, олар 10 күн ішінде жазбаша расталуы тиіс.
Тармақ 2
2. Егер сұрау салынып отырған Тарап сұрау салуда берілген ақпаратты жеткіліксіз деп тапса, ол қосымша ақпарат сұрата алады. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары сұрау салуларды дереу орындайды.
Тармақ 3
3. Сұрау салуды орындау кезінде сұрау салынып отырған мемлекет Тараптың заңнамасы қолданылады.
Бап 8. 8-бап
8-бап Ынтымақтастық барысында ұсынылған дербес деректерді қорғау мақсатында Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес мынадай шарттарды сақтайды:
Тармақша 1
1) сұрау салатын Тарап дербес деректерді тек сұрау салынатын Тарап белгілеген мақсаттарда және жағдайларда ғана пайдаланады;
Тармақша 2
2) сұрау салынатын Тараптың сұрауы бойынша сұрау салатын Тарап жеткізілген дербес деректерді пайдаланғаны және осы ретте алынған нәтижелер туралы ақпарат ұсынады;
Тармақша 3
3) дербес деректер осы Келісімнің 6-бабында айқындалған және осы Келісімде көзделген қылмыстарға қарсы күресті жүзеге асыратын орталық құзыретті органдарға ғана жіберілуі мүмкін. Дербес деректер басқа мемлекеттік органдарға тек сұрау салынатын органның жазбаша келісімімен ғана берілуі мүмкін;
Тармақша 4
4) сұрау салынатын Тарап берілуі тиіс дербес деректердің дәлдігіне, сондай-ақ мұндай берудің қажеттілігіне көз жеткізеді. Бұл ретте сұрау салынатын Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасында белгіленген дербес деректердің жеткізілуін шектеу сақталады. Егер дұрыс емес немесе шектеуге түсетін дербес деректер жіберілгені дәлелденсе, онда сұрау салып отырған Тарап дереу бұл туралы жедел хабардар етіледі. Ол қажетті түзетулер енгізеді немесе шектеуге түсетін дербес деректерді дереу жояды;
Тармақша 5
5) мүдделі адамға оның өтініші бойынша сұрау салынатын Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес оған қатысты берілген дербес деректер және оларды пайдалану мақсаттары туралы анықтама берілуі мүмкін;
Тармақша 6
6) дербес деректерді жіберу кезінде сұрау салынатын Тарап өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес осы дербес деректерді жою үшін шекті мерзімдер белгілейді. Осыған қарамастан жеткізілген дербес деректер оларға қажеттілік болмаған кезде жойылуы тиіс. Әрбір Тарап алынған дербес деректердің жойылғаны және мұндай жоюдың негіздемесі туралы дереу екінші Тарапқа хабарлайды. Алынған дербес деректер осы Келісімнің қолданылу мерзімі тоқтатылған кезде жойылады;
Тармақша 7
7) әрбір Тарап дербес деректерді жөнелту, алу және жою тіркелімін жүргізеді;
Тармақша 8
8) Тараптар алынған дербес деректерді рұқсатсыз қол жеткізуден, өзгертуден немесе жариялаудан қорғайды.
Бап 9. 9-бап
9-бап
Тармақ 1
1. Тараптар осы Келісімді орындау мақсатында алмасу нәтижесінде алынған барлық деректер мен ақпаратты Тараптар мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына сәйкес қорғауға кепілдік береді. Беретін Тарап белгілеген қорғау дәрежесі өзгертілмеуі тиіс.
Тармақ 2
2. Осы Келісімге сәйкес жеткізілген құжаттар, деректер мен техникалық жабдық тек сұрау салынатын Тараптың жазбаша келісімімен ғана үшінші мемлекетке берілуі мүмкін.
Бап 10. 10-бап
10-бап
Тармақ 1
1. Егер сұрау салуды орындау сұрау салынатын Тарап мемлекетінің егемендігіне, қауіпсіздігіне зиян келтіретін болса немесе ұлттық заңнамасына қайшы келсе, Сұрау салынатын Тарап сұрау салуды орындаудан толық немесе ішінара бас тартуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Сұрау салуды орындаудан немесе оны ішінара орындаудан бас тартылған жағдайда, бұл туралы бас тартудың немесе ішінара орындаудың себептерін көрсете отырып, сұрау салатын Тарап жазбаша түрде хабардар етіледі.
Бап 11. 11-бап
11-бап
Тармақ 1
1. Осы Келісімді орындау жөніндегі шығыстарды өздерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар өздері көтереді.
Тармақ 2
2. Қажет болған жағдайда Тараптар осы Келісімнен туындайтын іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін бірлескен шығыстарды көтереді, ол әрбір нақты жағдайда өзара тиімді уағдаластықпен ресімделеді.
Бап 12. 12-бап
12-бап
Тармақ 1
1. Осы Келісімнің ережелерін іске асыру мақсатында Тараптар Бірлескен Комиссия құруы мүмкін. Комиссияның құрамы туралы Тараптар бір-бірін дипломатиялық арналар бойынша хабарландырады.
Тармақ 2
2. Бірлескен Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында кезек-кезек өткізіледі.
Бап 13. 13-бап
13-бап Осы Келісімнің шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Бап 14. 14-бап
14-бап Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар және келіссөздер жолымен шешетін болады.
Бап 15. 15-бап
15-бап Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын хаттамалармен ресімделеді және 17-бапта көзделген ережелерге сәйкес күшіне енеді.
Бап 16. 16-бап
16-бап Осы Келісім Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен міндеттемелерді қозғамайды
Бап 17. 17-бап
17-бап
Тармақ 1
1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 2
2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі екінші Тараптың өзінің осы Келісімнің қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап алты ай өткенге дейін күшінде қалады. 2005 жылғы»24 мамырда Баку қаласында әрқайсысы қазақ, әзірбайжан және орыс тілдеріндегі екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.