Облыстағы кейбір ауылдық округтер мен ауылдардың атауын өзгерту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстағы кейбір ауылдық округтер мен ауылдардың атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабындағы 4-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Төмендегі ауылдық округтер мен ауылдардың атауы:
Тармақша 1
1) Ескелді ауданындағы Целинный ауылдық округі және Целинное ауылының атауы Ақын Сара ауылдық округі және Ақын Сара ауылы;
Тармақша 2
2) Ескелді ауданындағы Малогоровка ауылы атауы Бөктерлі ауылы;
Тармақша 3
3) Ескелді ауданындағы Қызыл Октябрь ауылының атауы Өрқұсақ ауылы;
Тармақша 4
4) Жамбыл ауданындағы Фабричный ауылдық округінің және Фабричный ауылының атауы Қарғалы ауылдық округі және Қарғалы ауылы;
Тармақша 5
5) Жамбыл ауданындағы Қарасу ауылының атауы Сарыбай би ауылы;
Тармақша 6
6) Қаратал ауданындағы Бірінші Май ауылдық округінің атауы Айту би ауылдық округі және Бірінші Май ауылының атауы Көкпекті ауылы;
Тармақша 7
7) Қаратал ауданындағы Елтай ауылының атауы Қаражиде ауылы;
Тармақша 8
8) Қаратал ауданындағы Достижение ауылының атауы Көкдала ауылы;
Тармақша 9
9) Ұйғыр ауданындағы Бөдеті ауылының атауы Кепебұлақ ауылы болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Ескелді, Жамбыл, Қаратал, Ұйғыр аудандарының әкімдері белгіленген тәртіппен осы шешімді орындасын.
Тармақ 3
3. Облыстық статистика басқармасы (Б. Төлепбаев) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерін есепке алу мен тіркеуіне өзгерістер енгізсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім мен қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Мұқановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім мен қаулы алғаш рет жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.