О некоторых мерах по совершенствованию деятельности сил обеспечения национальной безопасности Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштерінің қызметін жетілдіру жөніндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
Тармақ 1
1. 1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік шекара күзеті күштерін, оның мүлкі мен істерін басқару жөніндегі функцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беру жолымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік шекара күзеті күштері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі болып;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары шекара командалық училищесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты болып қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры басқарады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ережені Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі екі айлық мерзімде, белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарауына осы Жарлыққа сәйкес қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Мемлекеттік шекара күзеті күштерінің және ұйымдардың, оның ішінде Жоғары шекара командалық училищесінің, 1997 жылғы 4 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерінде болған әскери- медициналық мекемелердің, авиациялық бөлімдердің және оларды қамтамасыз ету бөлімшелерінің жеке құрамын, штат санын, сондай-ақ үйлерін, ғимараттарын, көліктерін, материалдық, техникалық құралдарын, қару-жарақтарын және басқа да материалдық және қаржы ресурстарын берсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің қолданылып жүрген актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар;
Тармақша 2
2) қолданылып жүрген заң актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсыныстар әзірлесін және қарауға енгізсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) берілетін әскери-медициналық мекемелерді, авиациялық бөлімдерді және оларды қамтамасыз ету бөлімшелерін ескере отырып, 1999 жылға арналған республикалық бюджетте осы Жарлыққа сәйкес қайта ұйымдастырылатын Мемлекеттік шекара күзеті күштерін, Жоғары шекара командалық училищесін ұстауға көзделген қаражаттың есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Әскери институтының қызметін қаржыландыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
Тармақ 6
6. Ұлттық қауіпсіздік комитеті үш айлық мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ереженің жобасын, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесі әскери қызметшілерінің, жұмысшыларының және қызметшілерінің штат санының лимиті жөнінде ұсыныс әзірлесін және Қазақстан Республикасының Президентіне қарауға ұсынсын.
Тармақ 7
7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті