Об утверждении Правил оказания социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку, а также по возмещению затрат на проживание, питание, возмещению затрат по медицинскому освидетельствованию и на проезд к месту обучения в пределах региона Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға, сондай-ақ тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Казақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына және Казақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға, сондай-ақ тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәлаңдыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналган шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік қөмек көрсетудің Қағидалары бекітілсін (қосымша беріледі).
Тармақ 2
2. Әкімдіктің 2005 жылғы 5 мамырдағы № 137 «Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды ішінара, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оку орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің Нұскаулығы туралы» (Денисов ауданының әділет басқармасында 2005 жылғы 13 мамырда № 9-8-4 болып тіркелген, аудандық «Наше время» газетінде 2005 жылғы 25 маусымдағы № 26 санында жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т.Мұратбековқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Әкімдіктің 2007 жылғы 16 наурыздағы № 129 «Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға арналған шығынды ішінара, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларын бекіту туралы» қаулысы жойылсын.
Басқа 6. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға, сондай-ак тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің ҚАҒИДАЛАРЫ
Әкімдіктің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 167 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға, сондай-ак тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің ҚАҒИДАЛАРЫ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға сондай-ак тұруға, тамақтануға арналған шығынды, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету (әрі қарай – әлеуметтік көмек) «Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі. Әлеуметтік көмек, егер жұмыссыз оқу бітірген күнінен кейін бір ай ішінде өтініш жасаса, төленеді. Уәкілетті орган азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету туралы арыздарын карайды және оны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім кабылдайды.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек алуға уәкілетті органда ресми тіркелген білім беру ұйымдарына кәсіби даярлауға, біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздар құқылы.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасау
2. Әлеуметтік көмек алуға өтініш жасау
Тармақ 3
3. Өтініш беруші уәкілетті органға жазбаша арыз береді және әлеуметтік көмек алу қүқығын растайтын кұжаттарды тапсырады.
Тармақ 4
4. Өтітш беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мэліметтің толықтығына және растығына Қазакстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапты болады.
Тарау 3. 3. Қажет құжаттар тізбесі
3. Қажет құжаттар тізбесі
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет кұжаттар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек көрсету туралы тұрғылықты жердегі банкідегі жеке шоттың нөмірі көрсетілген жазбаша арыз;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің жеке тұлғасын куәландырылатын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның өтініш берушінің жұмыссыз ретінде ресми тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) уәкілетті органның кәсіби оқуға берген жолдамасының көшірмесі. Жолдамада жұмыссыздың аты-жөні, білім беру ұйымының және алатын мамандықтың атауы толық көрсетіледі. Жолдама тиісті бланкіге ресімделеді, онда қол қойған лауазым иесінің толық атауы көрсетіледі, қол койылады және ол ажыратылады, берілген уақыты жазылады. Жауапты түлғаның колы мөрмен расталады;
Тармақша 5
5) уәкілетті органнын кәсіби даярлауға, біліктілікті арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жүмыссызбен жасасқан шартының көшірмесі;
Тармақша 6
6) темір жолмен, жолаушылар қолігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттарының түпнұсқалары, немесе тасымалдаудың көрсетілетін түрлерін жүзеге асырушы ұйымның жол жүру бағасы туралы (оқу басталар алдындағы күндегі) уәкілетті тұлға кол қойып, мөрмен растаған анықтамасы;
Тармақша 7
7) емдеу мекемесінің медициналық куәландырудан өткені туралы анықтамасының көшірмесі және өту үшін төлеген ақы жөніндегі төлем құжатты.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттардың түпнұсқалары және салыстыру үшін олардың көшірмелері уәкілетті органга тапсырылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді өтініш беруші арызымен қоса барлық құжаттарын тапсырғаннан кейің 10 күн ішінде береді. Әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартқан жағдайда өтініш берушіге себептері көрсетіліп, жазбаша хабарланады. Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімге уәкилетті органның басшысы қол қояды.
Тармақ 8
8. Қажет құжаттардың болмауы әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартуға әкеліп соқтырады.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 9
9. Тұруға және тамақтануға шығындарды өтеу кәсіби оқуға жіберілген жұмыссыздарға беріледі:
Тармақша 1
1) тұруға - айына бір айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 2
2) тамақтануға - айына екі айлық есептік көрсеткіш.
Тармақ 10
10. Кәсіби оқуға жіберілген жұмыссыздардын шығындарын өтеу мыналар үшін көрсетіледі:
Тармақша 1
1) медициналық куәландыруға - осы Қағидалардың 5 тармағының 7) тармакшасында көрсетілген кұжаттармен расталған тексерудің толық бағасы;
Тармақша 2
2) аймак шегінде (облыстың, ауданның) оқу орнына баратын жолға осы Қағидалардың 5 тармағындағы 6) тармақшасында көрсетілген құжаттармен расталған жол жүрудің толық бағасы.
Тарау 6. 6. Әлеуметтік көмекті төлеу
6. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Тұруға және тамактануға шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмекті төлеу оку аяқталғаннан кейін немесе оқу басталуымен ай сайын, оқу орны ұсынған сабақка қатысу табель негізінде жүргізіледі. Медициналық куәландыру және аймақ шегінде (облыстық, ауданның) оқу орнына баруға шықкан шығындарды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмекті төлеу осы Қағидалардың 5 тармағының 6), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тапсырған мезгілден кейін бір ай ішінде жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Уәкілетті орган есептеу жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін қалыптастырады. Әлеуметтік көмекті төлеу тиісті операциялар түріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар, заңнамен белгіленген тәртіппен конкурсты ұтып алған ұйымдарға берген тізімдері бойынша жұмыссыздардың жеке шоттарына ақша түрінде аудару арқылы жүзеге асырылады. Қаржы жетпеген жағдайда окып жатқан жұмыссыздарға әлеуметтік көмек тіркелген арыздың хронологиялық тәртібімен төленеді.