Қаланың жекелеген көшелердің атауларын өзгерту және аты жоқ көшелерге атау беру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаланың жекелеген көшелердің атауларын өзгерту және аты жоқ көшелерге атау беру туралы Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабына және 31 бабына, “Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы” Заңының 13 бабына, қала әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 26.10.2005 ж. №3, 6.10.2006 ж №3, 09.02.2007ж №1 хаттамалары мен қала әкімінің 09.09.2006 ж №0206/2249, 29.09.2006 ж 14.03.2007ж №0206/873 хаттарына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ және қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қаланың жекелеген көшелерінің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
Тармақша 1
1) Түркістан қаласы, Яссы шағынауданындағы “Плеханов” көшесі - Қалыбай Искабеков (Қалыбай Ата) көшесі болып;
Тармақша 2
2) Түркістан қаласы Бекзат шағынауданындағы “Пацаев” көшесі - Қарабура көшесі болып;
Тармақша 3
3) Түркістан қаласы Бекзат шағынауданындағы “8 наурыз” көшесі - Наймантай Сүтемген көшесі болып.
Тармақша 4
4) Түркістан қаласы Бекзат шағынауданындағы “Нариманов” көшесі - Манап Көкенов көшесі болып.
Тармақша 5
5) Түркістан қаласы Сауран шағынауданындағы Ертөстік көшесі - Ыбрай Дүйсенбаев көшесі болып.
Тармақша 6
6) Түркістан қаласы Яссы шағынауданындағы бұрынғы Мұса Жалил өткелі - Өтеген Тілепов Тілеуқабылұлы көшесі болып аталсын.
Тармақша 7
7) Түркістан қаласы Шауғар шағынауданындағы аты жоқ көшесі - Сыражитдин Отарбаев көшесі болып аталсын.
Тармақша 8
8) Түркістан қаласы Шауғар шағынауданындағы аты жоқ көшесі - Маханбет Орынбетов көшесі болып аталсын.
Тармақша 9
9) Түркістан қаласы Яссы шағынауданындағы аты жоқ көшесі - Айдархан Айтқожаұлы кѳшесі болып аталсын.
Тармақша 10
10) Түркістан қаласы Сауран шағынауданындағы аты жоқ көшесі - Қожан Сарбаев көшесі болып аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енеді.