Ақжар ауылында ірі-қара малдарынан пастереллез ауруының шығуына байланысты шектеу кою туралы
Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринария инспекторының эпизоотиялық зерттеу анықтау актісі және Ақжар ветеринариялық зертханасының 11.04.2007 жылғы № 16 сараптау актісі негізінде Ақжар ауылы Байжігіт көшесі 9/2 үй тұрғыны Қатшабаев Айтказының жеке меншігіндегі 1 (бір) бас ірі-қара малынан пастереллез ауруының шығуына байланысты, осы аурудан тазарту мақсатында Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-11 Заңының 27 бабына және «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа алып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН
Ақжар ауылында ірі-қара малдарынан пастереллез ауруының шығуына байланысты шектеу кою туралы от 02.05.2007 г. № 4 (Ақжар ауылында ірі-қара малдарынан пастереллез ауруының шығуына байланысты шектеу кою туралы)
1. Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы көлемінде 2007 жылдың 16 сәуірден бастап шектеу жариялансын.
2. Қазақстан Республикасы Ветеринариялық Зандылықтарына сәйкес Ақжар ауылын пастереллез ауруынан тазарту мақсатындағы малдәрігерлік шараларының жоспары бекітілсін. /Қосымша № 1/
3. Пастереллез ауруын түпкілікті жою мақсатында жасалған, шектеулік іс шаралардың малдәрігерлік заңдылықтарға сай толық орындалуын қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Тарбағатай аудандық аумақтық инспекция бастығының міндетін атқарушы (Ғ. Нұғиев келісімі бойынша), санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (М.Сүлейменова келісімі бойынша), аудандық ауыл шаруашылық бөлімі (А. Сәметов), аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (Д.Итбаев келісімі бойынша) тапсырылсын.
4. Аудандық ішкі істер бөліміне (Е. Сейлханов келісімі бойынша) шектеу уақытында ауру малдар, олардан алынатын өнімдер мен шикізатгардың заңсыз тасымалдауын қадағалауды қамтамасыз етсін.
5. Атқарылған шаралардың орындалуы туралы күнделікті аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясына ақпарат беріп отыру ауданның бас мемлекеттік ветеринария инспекторы Д.Тулембаевқа және Ақжар ауылдық округінің әкімі А.Боғырбаевқа міндеттелсін.
6. Қаулының орындалуына бақылау, басшылық жасау аудан әкімінің орынбасары А. Смаиловқа жүктелсін.
7. Осы шешім әділет басқармасынан тіркеуден өткеннен кейін қолданысқа
енгізілсін.