Аудан көлемінде тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан көлемінде тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарын басшылыққа алу негізінде аудан әкімдігінің ұсынысын қарап, талқылап аудандық Мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған аудан көлемінде тұрғын үй көмегін беру Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақжайық аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Аудан көлемінде тұрғын үй көмегін беру ЕРЕЖЕСІ
Аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 11-сәуірдегі №30-7 шешімімен бекітілген. Аудан көлемінде тұрғын үй көмегін беру ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы аудан көлемінде тұрғын үй көмегін беру Ережесін қабылдау үшін құқықтық негіз болып Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы табылады.
Тарау 2. 2. Осы Ережедегі негізгі ұғымдар мен түсініктер.
2. Осы Ережедегі негізгі ұғымдар мен түсініктер.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі – аз қамтылған азаматтарға тұрғын жайдың меншік нысанына, арнайы мемлекеттік жәрдемақы түрлеріне, сондай-ақ басқа да әлеуметтік қорғау түрлеріне байланыссыз берілетін жәрдемақы.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын тұлғаларға пайдаланып отырған нақты алаңы мен тұрғын үй ұстау және коммуналдық қызмет ақысын төлеу шығындарының нормативтер шеңберіндегі шығындары осы мақсатқа жұмсалып, ең жоғары шығын деңгейінен асып кеткен жағдайда беріледі. Тұрғын жәй ұстау және коммуналдық қызмет ақысын төлеу шығынының ең жоғары деңгейі отбасы бюджетінің 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы.» Заңының 97 бабына сәйкес тұрғын үй көмегі Ақжайық ауданы аумағында тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы (жалгерлері) болып табылатын адамдарға тағайындалып бюджет қаражат есебінен беріледі. Ведомстволық тұрғын жайда тұратын азаматтарға тұрғын үй көмегі осы Ережеде белгіленген тәртіп негізінде тағайындалады.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй көмегін беру жөніндегі уәкілетті орган – «Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй көмегі.
3. Тұрғын үй көмегі.
Тармақ 6
6. Көмекпен пайдаланушы немесе меншіктенуші жәрдемақы шараларымен қамтамасыз нормалар шеңберінде тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну үшін төлейтін нақты жәрдемақы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсай алатын ең жоғары шығыны арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
Тармақ 7
7. Тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтер тарифтері мен мөлшері қолданыстағы заңнамада анықталмаса, шығынды өтеу нақтылы шығыс бойынша жүргізіледі. Есептегіші бар тұтынушылар үшін есеп айырысуға өткен тоқсанның немесе қызмет толық көрсетілген соңғы тоқсандағы есептегіш құралдарының көрсеткіштері бойынша нақтылы шығынмен анықталады. Тұтыну ақысы құрамына мыналар енеді: тұрғын үй қорының өмірін қамтамасыз ету үшін пайдаланатын электр жарығы айына 100 квт., табиғи газ – бір айға 100 текше метр, отбасының әр мүшесіне бір күнге 30 литр су, отбасына бір айға бір газ баллон 11 кг., жылу энергиясы, отын-ағаш, қи-тезек, қоқыс шығару.
Тармақ 8
8. Көмек төлеу шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын жай алаңы нормаларға сай нақты пайдаланып отырған бір тұрғынға кемінде он бес шаршы метр және көп дегенде он сегіз шаршы метр болып, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер мөлшерінде заңға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 9
9. Жекеменшігінде бір тұрғын жай бірлігінен артық тұрғын жайы бар (екі және одан да көп) немесе тұрғын жайын жалға немесе жартылай жалға берген тұлға тұрғын үй көмек алу құқығынан Заң талаптарына сай айырылады. Күтімге мұқтаж деп танылған (80 жастан асқан қариялар, І – ІІ топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды дәрігердің қорытындысы негізінде) және 7 жасқа дейінгі балаларды күтіп отырған, стационарлық емдеуге бір айдан астам уақыт болған адамдарды, күндізгі оқу бөлімінде оқитын оқушылар мен студенттерді, І.ІІ топтағы мүгедектерді, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, ҰОС қатысқандардың жесірлерін қоспағанда, еңбекке жарамды бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшесі бар отбасылары тұрғын үй көмегін алуға Заңға сәйкес құқығы жоқ.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй көмегін тағайындау барысында туындайтын барлық даулы немесе қалыптан тыс жағдайлар сот арқылы Заңға сәйкес шешіледі.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем түрінде белгіленеді және тұрғын жай меншіктенушіге немесе пайдаланушыға тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін есептелген сомамен салыстырғанда төлемақының азаюы ретінде аудару арқылы беріледі. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге берілетін тұрғын үй көмегінің мөлшері нақтылы есептелген шығындар сомасынан аспауы керек. Тағайындалған тұрғын үй көмегі арыз берушінің өтініші бойынша табиғи газ және электржарығымен қамтамасыз ететін мекемелерге тікелей аударылады, ал тезек, отын-ағаш шығындары меншік иесінің жеке есепшотына аударылады.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй көмегі Қазақстан Ұлттық банкісінің келісімімен Қаржы министрлігі тізімін бекіткен екінші дәрежелі банкілер арқылы, жергілікті бюджеттен осы мақсаттарға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бөлінген қаржы есебінен төленеді.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй көмегі арыз берілген күннен бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және өткен тоқсанның табысы есепке алынады. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға төленетін ақының шекті шығын көлемі, отбасының табысы, коммуналдық тарифтер өзгерсе, Уәкілетті орган бұрынғы есептелген соманы қайта есептейді.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй көмегін алушылар отбасы құрамындағы және табыс көзі жөніндегі қандай да болса өзгерістер, сондай-ақ көмектің қате есептелу жайттары жөнінде 10 күн мерзімінде Уәкілетті органға хабарлауы қажет.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй көмегін есептеу.
4. Тұрғын үй көмегін есептеу.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім үй иесінің (жалданушының) арызының және оған қоса берілген отбасының құрамы туралы табысы туралы анықтамалар, отырған үйдің кітапшасы, жәрдемақысы қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер шығыны жөнінде дәлелдейтін құжат, күтімге мұқтаж адамдар болған жағдайда дәрігерлік анықтаманы арызына қоса Уәкілетті органға тапсырылғаннан кейін қабылданады.
Тармақ 16
16. Берілген құжаттар қаралғаннан кейін әр отбасымен шарт жасалады. Шарт екі дана жасалып, біреуі арыз иесіне (жалдаушыға) беріледі. Шарт екі дана тұрғын үй көмегін төлеуге негіз болып табылады.
Тармақ 17
17. Арыз берушінің құжаттарының растығына күмән туса, Уәкілетті орган қажетті мәліметтер сұратуға құқылы, ал жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін есептеуге қажетті ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 18
18. Отбасының жиынтық табысына тұрғын үй көмегін және атаулы әлеуметтік көмекті қоспағанда, отбасының барлық мүшелерінің еңбекақысы, мемлекеттік әлеуметтік көмекті қоспағанда, отбасының барлық мүшелерінің еңбекақысы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, ақшалай және заттай ұтыстар, алимент, қосалқы шаруашылықтан түсетін табыстар кіреді.
Тарау 5. 5. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көзі.
5. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көзі.
Тармақ 19
19. Барлық меншік түріндегі үйлерде тұрып жатқан тұрғындарға тұрғын үй көмегі жергілікті бюджеттің қаражатынан төленеді.
Тармақ 20
20. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін беру тәртібі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы.» Заңының 97 бабына және осы Ережеге сәйкес белгіленеді.
Тармақ 21
21. Қате ресімделген құжаттар бойынша тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындаған жағдайда көтерілген даулы мәселелерді сот арқылы шешеді.