Қолданыстағы ред. 11.04.2007

Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау Ережесін бекіту туралы от 11.04.2007 г. № 30-8 (Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау Ережесін бекіту туралы)

0

Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін басшылыққа ала отырып және аудандық санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасының ұсынысы негізінде аудандық Мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау Ережесі бекітілсін.

2

2. Осы шешім аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

3. Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау ЕРЕЖЕСІ

Аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі №30-8 шешімімен бекітілген
Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау ЕРЕЖЕСІ

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау ережесі Қазақстан Республикасының Конституциясы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 387-бабы негізінде әзірленді.

2

2. Елді мекендерде сұйық және қатты өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды жинау, оларды белгіленген орындарға шығару, залалсыздандыру жұмыстарының тиімді жүйемен ұйымдастырылып, олардағы тазалық және көріктендіру іс-қимылдары осы Ереже талаптарының негізінде жүзеге асырылады.

3

3. Осы ереже елді мекендерде санитарлық тазалау жүйесін – (соның ішінде тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардан, сауда, қоғамдық тамақтандыру, мәдени – тұрмыстық объектілерден шығарылатын тағам қалдықтарынан) қалдықтар мен қоқыстардан тазарту, жиналған қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға шығару және оларды залалсыздандыру жұмыстарын қамтиды.

2. 2. Осы Ережедегі негізгі ұғымдар мен түсініктер.

2. Осы Ережедегі негізгі ұғымдар мен түсініктер.

4

4. Жалпы пайдалану орындары-демалыс аймақтары (саябақтар, жағажайлар, тынымбақтар) алаңдар, және т.б.

5

5. Аумақты тазарту – аумақты жинау, тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды, қарды, мұздықтарды жинау, шығару.

6

6. Іске асыру сипатындағы құрылғылар – демалу орындары, дүнгіршіктер, сауда арбалары, орындықтар, қоршаулар, қоқыс қораптары, көшелер, үйлер мен жарнама тақтайшалары және басқалар.

7

7. Қатты тұрмыстық қалдықтар (одан әрі – К.Т.Қ.) – тұтынудан ұсақ тұрмыстық қалдықтары.

8

8. Пәтер иелері – ғимараттар мен орын жайлардың иелері;
жер уақытша немесе тұрақты пайдалануға берілген тұлғалар.

3. 3. Жалпы талаптар.

3. Жалпы талаптар.

9

9. Тұрғын үйлер, мекемелер мен ұйымдардың әкімшілік үйлері, түрлі кәсіпорындар ғимараттары мен оларға бекітілген жерлер, көшелер, саяжайлар мен қоғамдық пайдаланудағы алаңдар, демалыс орындары, көп қабатты үйлердің айналалары мен дәліздері – тазалық объектілері болып саналады.

10

10. Үйлердің маңайына қоқыстар мен қалдықтарға арналған қақпақты су кірмейтін контейнерлер орнатылады немесе ол мүмкін болмаған жағдайларда шұңқырлар қазылып, олардың ауыздары жабылып бекітіледі. Қоқыстар мен қалдықтар жинауға арналған ыдыстар мүмкіндігіне қарай оларды белгіленген жерлерге шығаратын автокөліктердің кіріп-шығуына ыңғайлы жерлерге орналастырылады.

11

11. Өндірістік, шаруашылық-тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды жинау, елді мекендерді олардан тазарту және оларды шығару тәртібі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің ұсынысына сәйкес белгіленеді.

12

12. Жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлердің маңайындағы қоқыстар үйлер пайдалануға берілу мерзіміне дейін тазартылып шығарылады.

13

13. Қалдықтар мен қоқыстарды олар үшін белгіленбеген жерлерге шығаруға тиым салынады. Қоқыстар мен қалдықтар арнайы белгіленіп жасақталынған орындарға шығарылады және оларды шығару кездерінде техника, өрт қауіпсіздігі сақталынады.

4. 4. Елді мекендер аумағын көріктендіру және санитарлық тазалау.

4. Елді мекендер аумағын көріктендіру және санитарлық тазалау.

14

14. Ауданның мемлекеттік, қоғамдық және басқа да кәсіпорындары, ұйымдар мен мекемелері, лауазым иелері, тұрғын үйлердің тұрғындары елді мекендерді көріктендіру мен қалыпты санитарлық жағдайда ұстауға мақсатында төмендегі талаптарды орындайды.

1

1) Құрылыс әлеуметтік тұрмыстық және мәдени объектілерді тұрғын үй шарбақ-аулалар мен қоршауларды сәулеттік, санитарлық және өрттен қорғау ережелеріне сәйкес ұстау.

2

2) кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелер, тұрғын үй иелері өз мекендері орналасқан жердің аумағын көше жиегіне дейін санитарлық талапқа сай тазалықты үнемі сақтау.

4

4) өздерінің аумағын көріктендіруді ұйымдастыру.

5

5) әрбір жеке үй, пәтердің иесі өзінің үй-пәтерінің көше жақ емес бетінде ауыл округі әкімшілігімен келіскен тұрмыстық қатты (тамақ қалдықтарынан басқа) қалдықтар жинайтын алаңша жабдықтау.

6

6) тұрғын үй-жайларды иелері бұзып алатын жағдайда бұзылған үй мен қосымша құрылыстардың орнын тазалап келтіру.

11

11. Елді мекендерді көріктендіру мақсатында аудан аумағында заңды тұлғаларға, лауазымды адамдар мен азаматтарға төмендегіше тиым салынады.

1

1) жергілікті атқару органдарының шешімінсіз өз бетімен дүңгіршектер, шатыр, кіші спорт алаңдарын, жарнама құрылымын, газет және хабарландыру қалқандарын салу мен ілуге, аумақты қоршауға, аула шарбағынан тыс жерге және бетіне құрылыс (дәретхана, құдық т.б.) салуға.

2

2) адам жүретін жолдарға, көгалдарға, өзен жағасына, бөгет жыраларға көң қоқыс, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды тастауға, моншаның лас суын өзенге, малға пайдаланатын суға төгуге.

3

3) қоқысты, көңді және басқа да өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды өз бетімен лақтырып шашуға.

4

4) жергілікті атқару органдарының рұқсатынсыз ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бұзуға, жерді қопарып саман тас соғуға.

5. 5. Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау ережесін бұзғандығы үшін жауапкершілік.

5. Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау ережесін бұзғандығы үшін жауапкершілік.

15

15. Осы Ережелердің талаптарын бұзғандар үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.