Қолданыстағы ред. 11.04.2007

Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерде ит пен мысықты күтіп ұстау, серуендету және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы от 11.04.2007 г. № 30-9 (Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерде ит пен мысықты күтіп ұстау, серуендету және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы)

0

Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерде ит пен мысықты күтіп ұстау, серуендету және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексін басшылыққа алып аудан әкімдігінің ұсынысы бойынша аудандық Мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерде ит пен мысықты күтіп ұстау, серуендеуге және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесі бекітілсін.

2

2. Осы шешім аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

3. Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерде ит пен мысықты күтіп ұстау, серуенге және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесі

Аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 11-сәуірдегі №30-9 шешімімен бекітілген
Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерде ит пен мысықты күтіп ұстау, серуенге және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесі

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ережені қабылдау үшін құқықтық негіз Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311-бабы болып табылады.

2

2. Ақжайық ауданы аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалар үшін осы ветеринариялық санитариялық Ереже ортақ болып есептеледі.

2. 2. Осы Ережедегі негізгі ұғымдар мен түсініктер.

2. Осы Ережедегі негізгі ұғымдар мен түсініктер.

3

3. Ветеринария (ветеринария саласы) – жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринариялық саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы.

4

4. Ветеринариялық құжаттар – мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық инспекторлар беретін ветеринариялық – санитарлық қорытынды, ветеринариялық куәлік, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама.

5

5. Ветеринариялық іс-шаралар – жануарлар ауруларының профилактикасын, емделуін немесе диагностикасын қоса алғанда, оның шығуын, таралуын болдырмауға немесе оны жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлардың және адамдардың денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бірдейлендіру рәсімін қоса, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған індетке қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені.

6

6. Ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) ережелер-ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті болып табылатын ветеринариялық нормативтер негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт.

7

7. Ветеринариялық паспорт – ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы құжат, онда жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы, жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында жүргізілген ветеринариялық дауалаудың мерзімдері мен сипаты көрсетіледі.

3. 3. Ит пен мысықты бағып күту

3. Ит пен мысықты бағып күту

8

8. Ит пен мысықтың анықталған нақты иесі болуы керек, олардың иесі меншігіндегі, ит пен мысықты дұрыс тамақтандырып, санитариялық-гигиеналық талапқа сай ұстауға және оларға жеке-жеке ветеринариялық паспорт алуға жауапты.

9

9. Жеке үйде тұратын жанұя санитариялық – гигиеналық тәртіпті сақтаған жағдайда ит пен мысықты үйде ұстауға ерікті.

10

10. Жаңадан әкелінген ит пен мысық туралы жергілікті мемлекеттік ветеринариялық бақылау органдарына хабарлап, есепке тіркелуі тиісті.

11

11. Бақылаусыз, жетектеушісіз, иесіз бос (еркін) көшеде жүрген ит пен мысық бұралқы (қаңғыбас) деп есептеледі.

12

12. Аулада ит бар екені туралы көрінетін жерде ескертпе жазып ілінуге; итті байлап ұстауға, ал күзет иттерін жабық ауладан сыртқа шығып кетпейтін жағдайда босатуға болады. Иттерді ауладан, не оқшауланған жерлерден, көшеге шығарған кезде міндетті түрде қысқа қарғыбаумен, не мұрындықпен алып шығуға, қарғыбаусыз, не мұрындықсыз иттерді тек аңға шыққан кезде және мал бағуға қолданғанда ғана Заңдылыққа сай рұқсат етіледі.

13

13. Пәтер, баспалдақ алаңын және үй мен ауланың басқа да көпшілік пайдаланатын орындарын ит пен мысықтың бүлдіруіне рұқсат етілмейді, ит пен мысық экскременттері шұғыл түрде тазалануға тиісті.

14

14. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ауданның атқарушы органы ұйымдастырады.

4. 4. Ит пен мысық иелерінің аса қауіпті жұқпалы ауруларды болдырмау мақсатындағы іс-әрекеттері.

4. Ит пен мысық иелерінің аса қауіпті жұқпалы ауруларды болдырмау мақсатындағы іс-әрекеттері.

15

15. Ит пен мысық ауырған жағдайда ветеринария мамандарына көрсетіп, ал өлген жағдайда ветеринария мамандарына хабарлап өлікті мал моласына апарып жояды.

16

16. Диагностикалық тексеру және жұқпалы аурулардың алдын-алу мақсатында ветеринариялық дәрігердің талаптарын орындайды.

17

17. Ит пен мысық адамды немесе үй жануарын тістесе, тырнаса бұл туралы жәбірленуші, сол сияқты қабылған және қапқан жануарлардың иелері тиісті шаралар алу үшін шұғыл түрде денсаулық сақтау және ветеринариялық қадағалау мекемелеріне хабарлайды.

18

18. Адамдарды тістеп, тырнаған ит пен мысықты ветеринария маманына көрсетеді және оны мамандардың 10 күн бойы бақылауда ұстауына көмектеседі.

19

19. Жертөлені, шатыр және басқа да қосымша құрылыстарды жабық ұстап, оларға иттер мен мысықтардың кіру мүмкіндігін болдырмау шараларын қабылдайды.

5. 5. Азулы, «өжет», «күрестер» тұқымды итті және осы тектес иттерді ұстау тәртібі.

5. Азулы, «өжет», «күрестер» тұқымды итті және осы тектес иттерді ұстау тәртібі.

20

20. Тұрғын үйлерге жақын жерге, балалар ойнайтын алаңға, мектепке, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері аумағына, спорт алаңдарына және басқа да қоғамдық орындарға итті босатып жіберуге болмайды.

21

21. Осы тұқымдас иттерді қарғыбаумен босатып демалту үшін адамдар мен жануарларға қауіп туғызбайтын, арнайы бөлінген жер тағайындау қажет.

22

22. Күзетші иттер тұқымын дұрыс сұрыптап, иттердің жұмыс қабілетін анықтау мақсатында, жарақат алуын болдырмай, арнайы ереже бойынша және арнайы бөленген жерде өткізілетін таластыруды қоспағанда иттерді рұқсатсыз таластыруға тиым салынады.

6. 6. Ит пен мысық иелеріне тиым салынады.

6. Ит пен мысық иелеріне тиым салынады.

23

23. Ит пен мысықты көпшілік пайдаланатын жерде ұстауға, ит пен мысықты бақылаусыз қалдыруға және оларды жоюға.

24

24. Күзет иттерін құтыруға қарсы ектірмей объектіні күзетуде байлаусыз ұстауға;

25

25. Ит пен мысықтың өлексесін мал молаларынан басқа төңірекке лақтырып тастауға немесе басқа жерге көмуге тиым салынады.

7. 7. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік.

7. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік.

26

26. Осы Ережені бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.