О правилах предоставления малообеспеченным гражданам жилищных пособий на содержание жилья и оплату коммунальных услуг Қолданыста
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға коммуналдық қызметінің төлемі мен тұрғын үйді ұстауға тұрғын үй жәрдемақыларын беру ережелері туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, аудан маслихатының сессиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Тармақ 1
1. Қосымшада берілген аз қамтамасыз етілген азаматтарға коммуналдық қызметінің төлемі мен тұрғын үйді ұстауға тұрғын үй жәрдемақыларын беру ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық маслихаттың бюджеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Аталған шешім жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Ертіс ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйдің ұстауға және коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй жәрдемақыларын ұсыну Ережесі
Аудан маслихатының
2007 жылғы 18 сәуірдегі № 186-37-3
кезектен тыс ( ІІІ сайланған) ХХХҮІ
сессиясының «Ертіс ауданы бойынша
аз қамтамасыз коммуналдық
қызметінің төлемі мен тұрғын үйді
ұстауға тұрғын үй жәрдемақыларын
беру ережелері туралы» шешімімен
бекітілді
Ертіс ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйдің ұстауға және коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй жәрдемақыларын ұсыну Ережесі
Тарау 5. І. Тұрғын үй жәрдемақылары
І. Тұрғын үй жәрдемақылары
Тармақ 1
1. Тұрғын үй жәрдемақысы – ұсынылып отырған аз қамтамасыз етілген тұрғындар жігінің тұрғын үй ұстауға төлемінің шығынның орнын толтыру үшін, тұрғын үй коммуналдық қызметінің тұтынушылары, сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй қорынан, тұрғын үйде жалдап алу (жалға) алушыларға - өтемақысы.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жәрдемақысы ауданымызда тұрақты тұрып жатқан азаматтылыққа тәуелді емес ментшікті немесе жалдаушы (тұрғын үй жалға алушылармен) тұлғалар болып саналады, егер де тұрғын үйді ұстауды және де тұрғын үй коммуналдық қызметін тұтынудағы шыққан шығынның төлемі өтемақы мөлшерін қамтамасыз етіп отырған тұрғын үй шеңберінің нормадан аспай және осы мақсатқа шығындалған отбасындағы бюджетінің тұрғын үй коммуналдық қызметінің нормативтік тұтынушылар үлесінің шамадан тыс жағдайды ұсынылады.
Нормадан тыс белгіленген тұрғын үй ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметтік тұтыну төлемі жалпыға бірдей жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Өтемақылар мөлшерімен қамтамасыз етілген тұрғын үйдің алаңы, баламалы нормаға сәйкес, тұрғын үй әр отбасының мүшесіне беріліп отырады.
Осы аумақтағы тұрғындардың коммуналдық қызметімен қамтылып отырған тұтыну нормативтері (сумен қамтамасыз ету, көгілдір от, канализация, электр жарығы, жылу жүйелері, көң-қоқыс шығаратын) аудан әкімімен анықталады.
Өтемақымен қамтамасыз етілген тұрғын үйдің бір аумағының нормасы отбасындағы ер жан мүшесіне 18 шаршы метр және жалғыз басты тұрып жатқандар үшін 30 шаршы метр пайдалы аумақ пәтерлері (үйлер) алынған.
Тармақ 5
5. Жайлы тұрақты тұрғын үйде тұрып жатқан және осы тұрғын үйдін иесі болып саналмаған жағдайда, жалға келісім шарттары (жалдау) бар болғанда тана тұрғын үй жәрдемақы алуға құқылы.
Тармақ 6
6. Осы қағидағы 2 қосымшада қаралған толық құжат пакеттерін ұсынылған жағдайда ғана өтініш иесіне тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалатын болады.
Тармақ 7
7. Отбасы ішіндегі еңбекке қабілеті бар тұлғалар (ерлер мен әйелдер) жұмыс істемейтін, оқу оқымайтын, әскери міндетін атқармаған және жұмыспен қамту қыметінде тіркелінбегендердің тұрғын үй жәрдемақыларын алуға құқығы жоқ. Бұл санатқа төменде көрсетілген тұлғалар кірмейді;
Тармақша 1
1) Жүкті әйелдер 7 жасқа дейінгі бала күту немесе тәрбиелеуімен айналысатындар;
Тармақша 2
2) жұмыс істемейтің әйелдер 50 жастан, ерлер 55 жастан асқан;
Тармақша 3
3) 3-ші топтағы мүгедектер;
Тармақша 4
4) 1-ші, 2-ші, топтағы мүгедектердің күтімде мүгедек балалары бар тұлғалар;
Тармақша 5
5) кәрілік жасы 80-нен асқан тұлғаларға күтім жасаған.
Тармақ 8
8. Дау-дамай және басқадай келенсіз жайғдайлар туындағанда тұрғын-үй жәрдемақыларын тағайындау шешімі туралы мәселелері ауданның аз қамтамасыз етілген азаматтарға материалдық көмек көрсету жөніндегі комиссияның қаралуына жіберілуі мүмкін.
Тарау 18. ІІ. Тұрғын үй жәрдемақыларын есептеу
ІІ. Тұрғын үй жәрдемақыларын есептеу
Тармақ 9
9. Отбасының құрамы, мен турғын үй пайдалы алаңы, тұрғын үйде ұстау мен коммуналдық қызметі төлемі жөнінде шығындарды, отбасының жиынтық табысы бойынша тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау туралы шешім ұсынып отырған жалдаушының (меншік иесінің) өтініштері бойынша қабылданады.
Тұрғын үй жәрдемақыларының есептесу сомасы соңғы (алдынғы) тоқсанның табысы мен тарифтері бойынша жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Жәрдемақыларын алу құқығын атықтау негізінде, жиынтық кірісін анықтаған мерзімдегі отбасының құрамы есепке алынатын болады.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй меншік иесінің (ерлі-зайптылар) (жұбайы) қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй ресімделмеген зейнеткерлерге, жалғыз басты, тұрып жатқан зейнеткерлер ретінде, тұрғын үй жәрдемақысы тұрақты есептелінетін болады.
Тармақ 12
12. Пәтердің тіркелімнен шыққан немесе басқадай ортақ иеленушілер жоқ жағдайда, тек тұрып жатқан зейнеткерлер үшін, тұрғын үй жәрдемақыларының мөлшері әлеуметтік норма бойынша анықталады.
Тармақ 13
13. Оқу орнын (мектеп, институт және т.б.) аяқтаған және жыл бойы еңбекке орналаспаған тұлғаларға екі айлық есеп көрсеткіші есеппен жиынтық кірісінің есептелуімен жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес, отбасының жиынтық кірісін есептеу барысында, салыққа салынатын барлық түрдегі кірістері есепке алынады.
Тармақ 15
15. Мерекеге материалдық көмек, тууына, жаргеуге кіріс сомасы есепке алынбайды.
Тарау 26. ІІІ. Тұрғын үй жәрдемақыларын қаржыландыру көздері
ІІІ. Тұрғын үй жәрдемақыларын қаржыландыру көздері
Тармақ 15
16. Барлық меншілік көлемінде тұрып жатқан тұрғындарға тұрғын үй жәрдемақылар төлемін қаржыландыру, жергілікті бюджет қаржысы арқылы іске асырылады.
Тармақ 16
17. Тұрғын үй жәрдемақыларының төлемінің дұрыстығын алғашқы құжаттар бойынша аудандық қаржы органы жылына бір рет тексеріс жүргізуге міндетті.
Тармақ 17
18. Тұрғын үй жердамақыларын заңсыз тағайындау немесе құжаттарды реттеу барысында қателік жіберген кінәлі лаузымдық тұлға заңды түрде жауапқа тартылады.