Об утверждении Правил предоставления социальных выплат отдельным категориям граждан в городе Аксу Қолданыста
Басқа 0
Ақсу қаласында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді беру ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес, Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының
жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді беру ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) Ақсу қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 23 мамырдағы "Ақсу
қаласында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді
беру ережелерін бекіту туралы" № 293/5 қаулысының (2006 жылғы
28 маусымда Ақсу қаласының әділет басқармасында № 12-2-37 тіркелген,
2006 жылғы 13 шілдеде қалалық "Ақжол-Новый путь" газетінде
жарияланған);
Тармақша 2
2) Ақсу қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 20 қазандағы "Ақсу қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 23 мамырдағы "Ақсу қаласында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді беру ережелерін бекіту туралы" № 293/5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 545/7 қаулысының (2006 жылғы 15 қарашада Ақсу қаласының әділет басқармасында № 12-2-47 тіркелген, 2006 жылғы 23 қарашада қалалық "Ақжол-Новый путь" газетінде жарияланған);
Тармақша 3
3) Ақсу қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 23 қарашадагы "Ақсу қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 23 мамырдағы "Ақсу қаласында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді беру ережелерін бекіту туралы" № 293/5 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" № 910/7
қаулысының (2006 жылғы 8 желтоқсанда Ақсу қаласының әділет басқармасында № 12-2-49 тіркелген, 2006 жылғы 14 желтоқсанда қалалық "Ақжол-Новый путь" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қала әкімдігінің осы қаулысы ресми жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасарлары Ә.Ә. Әбеновке және С.О. Есенғұловаға жүктелсін.
Басқа 8. Ақсу қаласында мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді беру ережелері
"Ақсу қаласында азаматтардың
жекелеген санаттарына әлеуметтік
төлемдерді беру ережелерін
бекіту туралы"
Ақсу қаласы әкімдігінің 2007 жылғы
17сәуірдегі № 319/3 қаулысымен
бекітілді
Ақсу қаласында мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді беру ережелері
Тармақ 1
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына, оралмандарга, босқын мәртебесі бар адамдарга, шетелдіктерге, ықтиярхаты бар және Ақсу қаласының аумагында тұрақты тұратын азаматтыгы жоқ адамдарга әлеуметтік төлемдер тағайындау және іске асыру тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік төлемдер мына түрлерде беріледі:
Тармақша 1
1) туберкулезбен ауыратын тұлғаларға жәрдемақылар;
Тармақша 2
2) біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) онкологиялық аурулармен ауыратын тұлғаларға жәрдемақылар;
Тармақша 4
4) дәрі сатып алуға әлеуметтік көмек;
Тармақша 5
5) денсаулықты жақсартуға әлеуметтік көмек;
Тармақша 6
6) "Ақсу қаласының құрметті азаматы" атағы бар тұлғаларға коммуналдық қызметтерге жеңілдіктер беру;
Тармақша 7
7) жерлеуге жәрдемақы;
Тармақша 8
8) аз қамтамасыз етілген отбасылардағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарында оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек (бұдан әрі-оқуға ақы төлеу үшін Әлеуметтік көмек).
Тармақша 9
9) тегін тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік көмек;
Тармақша 10
10) қысқа мерзімді курстарда оқитын жұмыссыздарға материалдық көмек.
Тармақ 3
3. Аталған көмек түрлерінің әрқайсысы, осы нұсқаумен көзделген
көмектің (жәрдемақының) басқа түрлерін алғанға қарамастан
тағайындалады және төленеді, және күнтізбелік жыл ішінде ақшалай
нысанда біржолғы беріледі (Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен
қатысушыларына (бұдан әрі- ҮОС) дәрі алуға, Чернобыль атом электр
станциясындағы (бұдан әрі- ЧАЭС) апатты жоюға қатысқандарға және
Ауған соғысына қатысқандарға денсаулықтарын жақсартуға; Ақсу қаласы-
ның құрметті азаматтарына коммуналдық қызметтер төлеміне; мұқтаж туб-
еркулезбен ауыратын және онкологиялық аурулармен ауыратын тұлғаларға тегін тамақтануға; аз қамтамасыз етілген отбасылардағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне оқуына ақы төлеуге, өмір сүруіне, тамағына және тұратын жеріне жүріп- тұруына әлеуметтік көмек.
Тармақ 4
4. Қаржыландыру көзі- қалалық бюджет.
Тармақ 5
5. Төлем, қолданыстағы заңмен бекітілген тәртіпте, қалалық бюджетпен тиісті жылға бекітілген сомалар шегінде, Халықтық Банк филиалы және тұрғылықты жері бойынша "Қазпочта" АҚ арқылы алушылардың есеп шотына аудару жолымен іске асырылады.
Тармақ 6
6. Өтініш иесі алған ақшалай қаражатты өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
Тармақ 7
7. Өтініш иесі, шартты тізбеге сәйкес "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-Бөлім) жазбаша өтініш береді және қажетті құжаттарды тапсырады.
Тармақ 8
8. Өтініш иесі әлеуметтік осы және басқа төлемдерді алу құқығына әсер ететін барлық өзгерістер туралы Бөлімді хабардар етуге міндетті.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Туберкулезбен ауыратын тұлғаларға жәрдемақы
2. Туберкулезбен ауыратын тұлғаларға жәрдемақы
Тармақ 9
9. Туберкулезбен ауыратын түлғаларға жәрдемақы отбасының табысы
мен құрамына қарамастан тағайындалады және күнтізбелік жыл ішінде
ақшалай нысанда бір рет беріледі.
Тармақ 10
10. Жәрдемақыны тағайындау үшін мыналарды ұсыну қажет: "Қазпочта" АҚ есеп шоты, салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілген, осы әлеуметтік төлемге құқылы адамның өтініші; жеке куәлігінің көшірмесі; баланың туу туралы куәлігі; тұрғылықты тіркелген мекенін растайтын құжаттың көшірмесі, Ақсу қаласының туберкулезге қарсы ауруханасынан (бүдан әрі- тубаурухана) диагнозын растайтын анықтама.
Тармақ 11
11. Ауылдарда, кенттерде және селолық округтерде тұратын туберкулезбен ауыратын түлгалар өтініш пен құжаттарды кенттің, ауылдың және селолық округтің әкіміне тапсырады.
12.Стационарлық емделуде жатқан, туберкулезбен ауыратын тұлгалар өтініш пен құжаттарды тубаурухананың жауапты қызметкеріне тапсырады.
13.Ауылдар, кенттер және селолық окруттер әкімдері, тубаурухананың жауапты қызметкері өтініштер мен қүжаттарды тізімге сәйкес Бөлімге тапсырады.
Тармақ 14
14. Төлемнің мөлшері 6000 (алты мың) теңгені құрайды.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Бір жолғы материалдық көмек
3. Бір жолғы материалдық көмек
Тармақ 15
15. Бір жолғы әлеуметтік көмекке (бұдан әрі-Көмек) азаматтардың келесі санаттарының құқығы бар:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер 9 мамыр-Жеңіс күнін мерекелеуге. Көмектің мөлшері -15 (он бес) ең төменгі есептік көрсеткішке дейін (бұдан әрі-АЕК);
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына телефон орнатуға. Көмектің мөлшері -13 000 (он үш мың) теңгеден көп емес; ерекше жағдайларда радио ұзартқышты қондыруға қажет, көмектің мөлшері 170 000 (жүз жетпіс мың) теңгеден көп емес соманы құрайды;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тіс протезін салуға. Көмектің мөлшері нақты құны бойынша, бірақ 10 000 (он мың) теңгеден артық емес;
Тармақша 4
4) Ауылдық жерде тұратын, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері, ЧАЭС апаты салдарын жоюға қатысқандарға тоқсанына бір рет облыс орталығына бару және кері қайту жолына төлеу. Көмектің мөлшері екі жаққа бару үшін пайдаланылған билеттер бойынша;
Тармақша 5
5) Астана және Алматы қалаларындағы республикалық госпитальдарға бару үшін Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ЧАЭС апаты салдарын жоюға қатысқандарға жылына бір рет темір жол көлігімен жол ақысын төлеу. Көмектің мөлшері екі жаққа бару үшін пайдаланылған билеттер бойынша;
Тармақша 6
6) Ауғанстанның әскери қызметкерлері- Ауғанстаннан әскерлерді шығарған күнге. Көмектің мөлшері 5 (бес) АЕК;
Тармақша 7
7) Астана қаласына және Алматы қаласына денсаулық сақтау департаментінің жолдамасымен Қазақстан Республикасы шегінде емделуге жіберілген сырқаттар, жылына бір рет темір жол көлігімен жол ақысын төлеу. Көмектің мөлшері екі жаққа бару үшін пайдаланылған билеттер бойынша;
Тармақша 8
8) жалғызілікті және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге қатты отын алуға. Көмектің мөлшері, бір тонна қатты отынның құны туралы және от жағылатын мерзімге тиісті қоныстанған пунктке көмірді жеткізу шығыны туралы "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесІ беретін мәліметке сәйкес анықталады.
Тармақша 9
9) жас мамандар- Ақсу өңіріне жұмысқа орналасуға жіберілген, облыстың жоғары оқу орындарының түлектері дәрігерлік және мұғалімдік мамандықтар, Көмектің мөлшері -30 000 (отыз мың) теңгеге дейін;
Тармақша 10
10) жан басына шаққандағы орташа табысы бекітілген азық-түлік себеті құнынан аспайтын, тұрмысы төмен азаматтар, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ, бас бостандығынан айыру орнынан келген тұлғаларды құжаттандыруға. Көмектің мөлшері нақты баға бойынша анықталады;
Тармақша 11
11) ҰОС мүгедектері мен қатысушылары және ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 9 мамыры кезеңде қайтыс болған ҰОС қатысушыларының отбасыларына- сыйлықтар жиынтығына. Көмектің мөлшері -3 (үш) АЕК ;
Тармақша 12
12) "Ақсу қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, Павлодар облысы денсаулық сақтау Департаментінің Ақсу қаласы бойынша өкілінің тізімдеріне сәйкес, ауылдық жерде түратын білім, денсау-лық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қамтамасыз ету, жалғызілікті және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге үйге барып әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің мамандарына - қатты отын алуға. Көмектің мөлшері -1 (бір) АЕК.
Тармақша 13
13) жалғызілікті және жалғыз тұратын мүгедектер, Мүгедектер күніне, жалғызілікті және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге үйге барып әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің тізіміне сәйкес. Көмектің мөлшері -2 000 (екі мың) теңгеге дейін;
Тармақша 14
14) "Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін" медалімен, "Ленинградты қорғағаны үшін", "Москваны қорғағаны үшін", "Одессаны қорғағаны үшін", "Севастопольды корғағаны үшін", "Сталинградты қорғағаны үшін", "Кавказды қорғағаны үшін", "Кеңестік Заполярьені қорғағаны үшін" бұрынғы КСР Одағының ордендерімен, медальдарымен наградталған тыл еңбеккерлері, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Құрсаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар, концлагерьлердің, геттолардың және екінші дниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған басқа да еріксіз ұстау орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары, ҰОС қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары мен екінші рет некеген отырмаған жесірлері; қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелі (ері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет жасаушылардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен наградталған азаматтар; Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандарда ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер мен ерікті құрамдағы адамдар, партизандар мен астыртын ұйымдар мүшелері, ерікті құрамдағы әскери қызметшілер; "Жапонияны жеңгені үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен наградталып, осы медальдарға куәліктері бар адамдар; 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кем дегенде алты ай жұмыс істеген азаматтар. Көмектің мөлшері 5 000 (бес мың) теңгеге дейін;
Тармақша 15
15) Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқандар. Көмектің мөлшері 2 000 (екі мың) теңгеге дейін;
Тармақша 16
16) Төтенше жағдайлар кезінде жазатайым оқиғаға ұшырағандар, зілзала апаты, өрт салдарынан өмір сүруге қаражатсыз қалған, тұлғалар өртке /қарсы қызметтің өрт туралы актісі немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген, уәкілетті органмен берілген қорытынды бойынша. Көмек мөлшері -50 000 (елу мың) теңге.";
Тармақ 17
17. Мүгедектер күніне-1 және 2 топтағы мүгедектер, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар. Көмек мөлшері -1 (бір) АЕК;
Тармақша 18
18) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге пәтерлерін ағымдағы жөндеу жұмысы. Көмек мөлшері - 15 000 (он бес мың) теңге.";
Тармақша 19
19) "Құрметті донор", "Почетный донор" белгісімен наградталған азаматтар. Көмек мөлшері -5 (бес) АЕК;
Тармақша 20
20) 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалары бар мүгедек-әйелдер. Көмек мөлшері -1 (бір) АЕК;
Тармақша 21
21) 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеуші отбасылары. Көмек мөлшері -1 (бір) АЕК;
Тармақша 22
22) Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментімен бекітілген бару кестесі бойынша, "Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы" қоғамдық ұйымының Ақсу қалалық филиалы ұсынған тізімге сәйкес, Астана қаласына экскурсияға қатысу үшін соғыс және еңбек ардагерлері, құрметті азаматтар, өңірдің дамуына үлес қосқан еңбегі сіңген түлғалар. Көмектің мөлшері жолдаманың нақты құны бойынша анықталады.
Тармақ 16
16. Осы Ережелердің 15- тармағының 1), 6), 11), 14), 15), 17),18),21) тармақшаларында көрсетілген азаматтардың тізімдері, "Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалы Ақсу аудандық бөлімшесі (бүдан әрі-МЗТО) берген тізімге сәйкес, төлемге қалыптастырылады.
17. Өтініш иесі тапсыратын құжаттардың тізіміне (осы Ережелердің 15-тармағында көрсетілген санаттағылар үшін):
Тармақша 1
1) есеп шоты мен банктің аты көрсетілген, осы әлеуметтік көмекке қүқылы адамның өтініші;
Тармақша 2
2) салық төлеушінің тіркеу нөмірінІң көшірмесі;
Тармақша 3
3) әлеуметтік жеке кодының көшірмесі;
Тармақша 4
4) жеке куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 5
5) әлеуметтік мәртебесі туралы куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 6
6) тұратын мекені тіркелімін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 7
7) екі жаққа бару үшін пайдаланылған билеттер (4, 5, 7- тармақшалар Ын);
Тармақша 8
8) қосымша құжаттар тапсырылады:
осы Ереженің 15- тармағының 2- тармақшасына: -"Қазақтелеком" ААҚ Ақсу филиалының телефон орнатуға техникалық мүмкіндіктердің бар екендігі туралы растауы;
осы Ереженің 15- тармағының 3- тармақшасына -емдеу мекемесінен тіс протезін салудың бағасы туралы есепшот;
осы Ереженің 15- тармағының 5- тармақшасына- емдеу жүргізген фактілерді растайтын үзіндінің көшірмесі;
осы Ереженің 15- тармағының 7- тармақшасына- денсаулық сақтау пепартаменті жолдамасының көшірмесі; емдеу жүргізген фактіні растайтын үзіндінің көшірмесі, сондай-ақ бірге жүруші адам қажет болғанда медициналық мекеменің медициналық-консультативтік комиссиясының қорытындысы, екі жаққа бару үшін пайдаланылған билеттер мен жеке куәлігінің көшірмесі;
осы Ереженің 15- тармағының 8- тармақшасына- үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қызметкері жасаған өтініш берушінің материалдық-тұрмыстық жағдайы туралы акт (бүдан әрі-Акт);
осы Ереженің 15- тармағының 9- тармақшасына- жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломның көшІрмесі (ЖОО); жұмысқа қабылдағаны туралы бұйрықтың көшірмесі; ЖОО бітірушіні Ақсу өңіріне бөлгені туралы бұйрық;
осы Ереженің 15- тармағының 10- тармақшасына- Бөлімнің маманымен құрастырылған акт; ауыл тұрғындарына- ауыл, кент және селолық округ әкімімен құрастырылған қолдаухат пен акт.
осы Ереженің 15- тармағының 16) тармағына- өртке қарсы қызметтың өрт туралы актісі немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген, уәкілетті органмен берілген қорытынды;
осы Ереженің 15- тармағының 19) тармағына- "Құрметті донор", "Почетный донор" белгісімен наградталғаны туралы құжаттың көшірмесі;
осы Ереженің 15- тармағының 19) тармағына- мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі, балалардың тууы туралы куәліктің көшірмесі.