Об утверждении Правил создания, содержания и охраны зеленых насаждений в городе Сарани Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Саран қаласында жасыл желектерді құру, ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респбликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің негізінде, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Саран қаласында жасыл желектерді құру, ұстау және қорғау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Әділет органында мемлекеттік тіркеудең өткен соң күшіне енеді.
Тармақ 3. Саран қаласында жасыл желектерді құру, ұстау және қорғау Қағидалары
3. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркеудең өткеннен соң, он күннен кейін, қалалық «Ваша газета» газетінде ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді. Саран қаласында жасыл желектерді құру, ұстау және қорғау Қағидалары Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респбликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасындағы елді мекендерде жасыл желектердің, қоршаған ортада салауатты абаттандырудың негізгі элементтерінің сапасын және тиімділігін көтеру мақсатында жасалынған. Осы Қағида Қазақстан Республикасының елді мекендердің жасыл желектерін күтіп ұстау және қорғау тәртібін белгілейді және меншік нысандарына қарамастан міндетті түрде реттеп отырады.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі түсініктер:
Тармақша 1
1) жасыл желектер – азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және елді мекеннің біртұтас жасыл желекті қорын құрайтын табиғи және жасанды жолмен өсірілген ағаш, бұта және шөп өсімдіктері;
Тармақша 2
2) жасыл желекті құрылыс – елді мекендерде және басқа объектілерде жасыл желектер алқаптарын құру, сақтау және ұлғайту. Көлемі едәуір үлкен учаскелерді көгалдандыру жобалық тапсырманың негізінде және оның негізінде жасалған дендрологиялық және техникалық жоба бойынша жүргізіледі;
Тармақша 3
3) жалпы жұрт пайдаланатын жасыл желектер – қалалар мен кенттер халқын рекреациялауға арналған жасыл желектер аумағы (қала ормандары, орман парктері, саябақтар, бақшалар, скверлер, бақжолдар);
Тармақша 4
4) шектеулі түрде пайдаланылатын жасыл желектер – тұрғын үйлердің, емдеу, балалар, оқу және ғылыми мекемелердің, өнеркәсіп орындарының, спорт кешендерінің көгалдандырылған аумағы;
Тармақша 5
5) арнайы мақсаттағы жасыл желектер – санитарлық-қорғаныштық, су қорғау, қорғаныштык-мелиорациялық, өртке қарсы аймақтардың, зираттардың көгалдандырылған аумағы, жеміс бақтары, питомниктер, гүлзар шаруашылықтары;
Тармақша 6
6) дендрологиялық жоспар – көгалдар мен гүлзарлардың, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының, шағын сәулет нысандарының ашық учаскелерімен ұштастыра отырып, өсіп тұрған немесе жобаланып жатқан ағаш және бұта өсімдіктерінің орналасуы мен түр-түрі көрсетілген 1:500 және одан да ірі масштабтағы сызба;
Тармақша 7
7) өтемдік көгалдандыру – жойылған немесе бүлінген жасыл желектердің орнына оларды молықтыру;
Тармақша 8
8) жасыл желектердің өтемдік құны – жасыл желектерді күтіп ұстауға, сондай-ақ жасыл желектердің құндылығына, орналасқан жеріне және сапалық жай-күйіне байланысты айқындалатын экологиялық нұсқанды өтеуге жұмсалған шығындарды қоса алғанда, бүлінген немесе жойылған жағдайда жасыл желектердің құндылығын есепке алу үшін белгіленетін олардың құндық бағасы;
Тармақша 9
9) көгалдандырылған аумақтар – табиғи және жасанды жолмен өсірілген жасыл желектер (бақ кешендері мен объектілері, бақжолдар, скверлер, көгалдар мен гүлзарлар орналасатын қоғамдық, іскерлік, коммуналдық, өндірістік мақсаттағы жер учаскелері);
Тармақша 10
10) жасыл желектерді қорғау – жасыл желектерді сақтауға және молықтыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі;
Тармақша 11
11) қорғау куәлігі – есепке алынған объектінің паспорты негізінде жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган беретін, көгалдандырылған аумақтары күтіп ұстау және қорғау жөніндегі қажеттіліктер жүктелетін, меншік иелеріне (жалгерлеріне) берілетін құжат;
Тармақша 12
12) жасыл желектердің бүлінуі – ағаш-бұта өсімдіктерінің ұшарбасына, діңіне, бұтақтарына, олардың тамыр жүйесіне нұқсан келтіру, шөп өсімдіктерінің өсуін тоқтатпаса да, олардың жердегі бөлігі мен тамыр жүйесін бүлдіру. Бұтақтардың, тамыр жүйесінің механикалық жолмен бүлінуі, қабығының тұтастығының бұзылуы, топырақ үстіндегі жанды қабатының біртұтастығының зақымдануы, жасыл желектердің немесе тамыр аймағындағы топырақтың зиянды заттармен ластануы, өртену және өзге де нұқсан келу бүліну болып табылады;
Тармақша 13
13) есепке алу ведомосы – жасыл желектердің жай-күйінің жалпы сипаттамасын беретін ағаштар мен бұталардың саны туралы ведомосы;
Тармақша 14
14) жасыл желектердің тізілімі – елді мекен аумағындағы жасыл желектердің тұрпаты, түр құрамы, мөлшері туралы деректер жиынтығы;
Тармақша 15
15) жасыл желектерді жою – ағаштар, бұталар, гүлзарлар және көгалдар жойылып кететіндей дәрежеде жасыл желектерді бүлдіру;
Тармақша 16
16) есепке алынатын объект – белгіленген шекарасы бар және жауапты меншік иелеріне, мекемелерге, ұйымдарға, кәсіпорындарға не жеке тұлғаларға, меншікке немесе жалға берілген жер учаскесі;
Тармақша 17
17) уәкілетті орган – жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін қала әкімдігінің шешімімен бекітілген жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау жөніндегі орган.
Тарау 2. 2. Жасыл желектерді құру, ұстау және сақтау бойынша негізгі принциптер
2. Жасыл желектерді құру, ұстау және сақтау бойынша негізгі принциптер
Тармақ 2
2. Саран қаласының немесе оның маңындағы елді мекендердің аумағында орналасқан барлық жасыл желектер, кімнің қарауында екеніне қарамастан, елді мекеннің біртұтас жасыл желек қорын құрайды және қорғалуға жатады.
Тармақ 3
3. Жеке және заңды тұлғалар жасыл желектерді сақтау жөнінде шаралар қолдануға, жасыл желектердің бүлінуіне немесе жойылуына әкеп соғуы мүмкін заңсыз іс-әрекеттерге немесе әрекетсіздікке жол бермеуі қажет.
Тармақ 4
4. Жасыл желектер орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері, жалгерлері олардың жай-күйіне бақылау жасап отыруға, жасыл желектердің қанағаттанарлық жай-күйі мен қалыпты өсіп-өнуін қамтамасыз етуі қажет. Арнайы агротехникалық іс-шаралар өткізуге байланысты жасыл желектер отырғызу және оларға күтім жасау жөніндегі жұмыстарды осы қызмет түрімен айналысу құқығын беретін сертификаттың негізінде мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Жеке және заңды тұлғалардың жобалау, құрылыс және шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Қағидада белгіленген жасыл желектерді қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады. Құрылыс, шаруашылық және өзге қызметті ұйымдастыруға арналған жобалау құжаттамасы топографиялық негізге салынған жасыл желектердің жай-күйі туралы толық және анық мәліметтерді қамтуы тиіс.
Тармақ 6
6. Саран қаланы дамытудың бас жоспарымен салыну көзделген учаскелерді қоспағанда, қала, кент аумағының шегінде орналасқан жасыл желекті алқаптар (саябақтар, скверлер, тоғайлар, ағаш отырғызылған жерлер) құрылыс жүргізуге жатпайды.
Тармақ 7
7. Жалпы жұрт пайдаланатын жерлерде жасыл желектер құру белгіленген тәртіппен бекітілген қаланы көгалдандырудың бас жоспары мен ұзақ мерзімді кешенді схемасына сәйкес сәулет және қала құрылысы органдарының оң қорытындысы, экологиялық сараптама негізінде жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Барлық жасыл желектер құру жұмысының барлық түрі белгіленген тәртіппен белгіленген дендрологиялық жобалар бойынша орындалады. Жасыл желекті құрылыс жұмысын жүргізу кезінде жоба авторларының орындалып жатқан жұмыстардың сапасын және олардың белгіленген дендрологиялық жобаға, жұмыс сызбаларына сәйкес келуін қадағалап отыруы қажет.
Тарау 3. 3. Жасыл желекті иеленуші азаматтар және меншік иелерінің (жалдаушылардың) құқығы мен міндеттері
3. Жасыл желекті иеленуші азаматтар және меншік иелерінің (жалдаушылардың) құқығы мен міндеттері
Тармақ 9
9. Азаматтар құқығы:
Тармақша 1
1) өзінің мәдени-сауықтыру және эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бақтарда, парктерде, скверлерде емін-еркін жүріп-тұруға, серуендеуге, спортпен шұғылдануға және өзге де мақсаттарда болуға құқығы бар. Қала халқының арнайы мақсаттағы көгалдандырылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген учаскелерін пайдалануына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішінара немесе толық шектеу қойылуы мүмкін;
Тармақша 2
2) қаланың және оның маңындағы елді мекеннің жасыл желекті қорының жайкүйі, оны қорғау шаралары мен дамыту перспективалары туралы анық ақпарат алуға;
Тармақша 3
3) жасыл желекті құрылыс жобаларын талқылауға, сондай-ақ жасыл желекті құрылыстың баламалы жобаларын әзірлеуге қатысуға;
Тармақша 4
4) іске асырылуы қаланың және оның маңындағы елді мекеннің жасыл желек қорына зиян келтіруі мүмкін жобалық құжаттамаға қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы бастамашылық жасауға;
Тармақша 5
5) қаланы және оның маңындағы елді мекенді, ауланы көгалдандыру, көгалдандырылған аумақтарды санитарлық тазалау жөніндегі іс-шараларға қатысуға;
Тармақша 6
6) лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жасыл желектерді қорғау жөніндегі талаптарды бұзуына байланысты әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) әкімшілік немесе сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.
Тармақ 10
10. Жасыл желектерді күтіп ұстау жөніндегі міндеттемелер қабылдаған жеке және заңды тұлғалар, көгалдандырылған аумақтардың меншік иелері мен жалгерлері:
Тармақша 1
1) жасыл желектердің сақталуын және оларға білікті күтім жасалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) уәкілетті органға белгіленген нысан бойынша жасыл желектердің өзгеруі (қазып әкетілгені, қайта жаңартылғаны, қайта отырғызылғаны, отырғызылғаны) туралы жыл сайын ақпарат жіберіп тұрады;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның әдістемелік-нұсқаулық ұсыныстарына сәйкес агротехникалық шаралардың бүкіл кешенін, оның ішінде көгалдарды, ағаштар мен бұталарды суаруды, арамшөптер, зиянкестер және ауру өсімдіктермен күресуді, көгалдарды тегістеп шауып отыруды жүйелі түрде жүргізіп тұрады;
Тармақша 4
4) қала құрлысы, экологиялық, санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес әзірленіп бекітілген дендрологиялық жобалар бойынша бекітіп берілген аумақта өз есебінен көгалдандыру және жасыл желектерді ағымды жөндеуден өткізу жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 5
5) осы Қағидада белгіленген тәртіппен рәсімделген жасыл желектерді қазып алуды (қайта отырғызуды) жүзеге асырыды;
Тармақша 6
6) уәкілетті органның жазбаша рұқсатымен ғана ағаштарды жасарту мақсатында кеседі, ағаш-бұта өсімдіктеріне олардың нобайын қалыптастыру және оларды санитарлық мақсатта кесу жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 7
7) қорғаныс аймағындағы тоқ өткізетін сымдар (1 метр радиуста), сондай-ақ көше көрсеткіштері мен үйлердің нөмір белгілерін жауып тұрған бұталарды дер кезінде кесіп отырады. Бұталарды кесу электр сымдары желесінің иелерімен келісілген кесте бойынша және осы жұмыс түрін орындау жөніндегі технологиялық талаптарды сақтай отырып, олардың бақылаумен жүргізіледі.
Тармақша 8
8) аумаққа санитарлық тазарту жүргізеді, сынған ағаштар мен бұталарды тасып әкетеді.
Тармақ 11
11. Жасыл желектер орналасқан жер учаскелерін сатып алу, сату, сыйға тарту, жалға беру кезінде және жер заңнамасында көзделген жер айналымының басқа нысандарында жасыл желектерді қорғау және күтіп ұстау жөніндегі құқықтар мен міндеттер жаңа меншік иесіне, жалгерге көшеді.
Тармақ 12
12. Көгалдандырылған аумақтардың жер айналымын куәландыратын құжаттама жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органдармен келісілуі қажет.
Тармақ 13. 4. Уәкілетті органның уәкілділігі
13. Қорғау куәлігі, ал жекелеген жағдайларда аумақты көркейту мен тазарту шарты жасыл желектер орналасқан жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар рәсімделгенге (қайта рәсімделгенге) дейін жасалады. 4. Уәкілетті органның уәкілділігі
Тармақ 14
14. Уәкілетті органның құзырына кіретіндер:
Тармақша 1
1) жасыл желектер кадастрын жүргізу;
Тармақша 2
2) жасыл желектер құру, күтіп ұстау және қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
Тармақша 3
3) жасыл желектер орналасқан жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешімдер қабылдау;
Тармақша 4
4) жасыл желектерді қазып әкетуге және қайта отырғызуға рұқсаттар беру;
Тармақша 5
5) жасыл желектерге келтірілген зиянның құнын белгіленген ставкалар немесе бекітілген әдістемелер бойынша бағалау;
Тармақша 6
6) жасыл желектерге келтірілген зиянды өтеу үшін төлемдер жасалуын бақылау;
Тармақша 7
7) жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға аттестаттау өткізу және оларға сертификат беру.
Тарау 5. 5. Жасыл желектерге есепке жүргізу, қорғау және ұстау
5. Жасыл желектерге есепке жүргізу, қорғау және ұстау
Тармақ 15
15. Қаладағы жасыл желектердің санын, түр құрамын және жай-күйін анықтау мақсатында оларды есепке алу есеп объектісінің шекарасында орналасқан жасыл желектерді түгендеу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Жасыл желектерді түгендеу және оларды тексерудің өзге түрлері белгіленген тәртіппен әдістемелік-нұсқаулық құжаттармен бекітілген есеп объектісі шекарасында орналасқан жасыл желектердің әрбір ағашын есепке алу әдістеріне сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Жасыл желектерді есепке алу:
Тармақша 1
1) қала және оның маңындағы елді мекеннің аумағындағы жасыл желектердің сандық және сапалық сипаттамалары туралы анық деректер алу;
Тармақша 2
2) жауапты меншік иелерінің көгалдандырылған аумақтарда жүзеге асыратын қызметінің, аумақтардың белгіленген функционалдық мақсатына сәйкестігін айқындау;
Тармақша 3
3) қаланың және оның маңындағы елді мекеннің көгалдандырылған аумақтарын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру үшін ақпараттық база құру мақсаттарында жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Барлық жасыл желектердің барлық түрі: ағаштар, бұталар, көгалдар, гүлзарлар есепке алынуға жатады. Жасыл желектерді тізімдеу мамандандырылған мекемелермен тендерлік негізде жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Жасыл желектерді есеп объектісінің паспорты (1-қосымша) жасыл желектерді есепке алу нәтижелерін көрсететін құжат болып табылады.
Тармақ 20
20. Есеп объектісінің паспорты екі жылда бір рет жоспарлы түрде жаңартылуға жатады.
Тармақ 21
21. Жауапты меншік иесі (жалгер) өзіне тиесілі жер учаскесіндегі жасыл желектерді есепке алуды ұйымдастырады және алынған деректерді есеп объектісінің паспортына енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 22
22. Есеп объектісінің паспортын жауапты меншік иесі бекітеді және жасыл желекті қорғау жөніндегі уәкілетті органмен, сондай-ақ тексеру жүргізген мамандандырылған ұйыммен және қала әкімі аппаратының өкілдерімен келісіледі. Есеп объектісі паспортының көшірмесі жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органның Тізіліміне (2-қосымша) деректерді енгізу үшін беріледі.
Тармақ 23
23. Көгалдандырылған қала және оның маңындағы елді мекеннің аумақтарында орналасқан жасыл желектер Тізілімінің деректерін жаңартып отыру екі жылда бір рет жүргізіледі.
Тармақ 24
24. Жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстарды ұйымдастыруды және орындауды:
Тармақша 1
1) бақтар, скверлер, бульварлар, аллеялар – жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган, мамандандырылған коммуналдық кәсіпорындар, сондай-ақ көгалдандырылған аумақтардың меншік иелері мен жалгерлер;
Тармақша 2
2) мәдениет және демалыс саябақтары, балалар саябақтары, мамандандырылған саябақтар – осы мекемелердің әкімшіліктері;
Тармақша 3
3) сауда, қызмет көрсету объектілерінің, банктердің, офистердің, кәсіпорындардың, жеке меншік үйлердің және басқа да жеке иеліктердің маңының (кіре берісінің) ажырамас бөлігін құрайтын жалпы жұрт пайдаланатын жасыл желектер – осы жылжымайтын мүліктің меншік иелері мен жалгерлері;
Тармақша 4
4) ұйымдардың аумақтарындағы, сондай-ақ оларға бекітіп берілген учаскелердегі жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстарды ұйымдастыру мен орындауды тікелей осы ұйымдар жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) санитарлық-қорғаныштық аймақтарда – жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар санитарлық-қорғаныштық аймақтар шекарасында жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) орам ішіндегі жасыл желектер, үй ауласындағы екпелер жер пайдалану шекарсында – тұрғын үй қорының меншік иелері жүргізеді.
Тармақ 25
25. Жасыл желектерді күтім жасау жөніндегі жұмыстарды, жасыл желектерді жөндеу мен қайта жаңартуды қаланың жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті органы берген тиісті сертификаты бар мамандандырылған көгалдандыру ұйымдары жүргізеді.
Тарау 6. 6. Жасыл желектерді жою және қайта отырғызу
6. Жасыл желектерді жою және қайта отырғызу
Тармақ 26
26. Жасыл желектерді құлатуға:
Тармақша 1
1) белгіленген тәртіппен бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс объектілерін орналастыру үшін жағдайлар қамтамасыз етілген;
Тармақша 2
2) инженерлік көркейту объектілеріне, жер үсті коммуникацияларға қызмет көрсету;
Тармақша 3
3) апаттық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік көркейту объектілерінде жою;
Тармақша 4
4) санитарлық-эпидемиологиялық қадғалау органының қортындылары бойынша тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар үшін нормативтерге сәйкес келетін жарық деңгейін қалпына келтіру;
Тармақша 5
5) жасыл желектердің сапалық және түр құрамын жақсарту қажет болған жағдайларда рұқсат берілуі мүмкін.
Тармақ 27
27. Жасыл желектерді құлатуға ағаш кесу билеттері (3,4-қосымшалар) бойынша ғана, ал қайта отырғызуға уәкілетті орган беретін рұқсат бойынша жол беріледі (5-қосымша). Ағаш құлату, қайта отырғызу, ағаш кесу билеттерін және қайта отырғызуға рұқсат беру тәртібін жасыл желектерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. Жер учаскесі (бау-бақша және саяжай учаскелері, жеке тұрғын үй құрлысы) жеке немесе заңды тұлғаға меншікке берілгеннен кейін онда шаруашылық қызметтің нәтижесінде немесе табиғи жолмен пайда болған ағаш бұта өсімдіктерін құлатуды, қайта отырғызуды, қайта жаңартуды олар рұқсат рәсімдемей өздерінің қалауы бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 28
28. Мемориалдық, тарихи немесе бірегей эстетикалық құндылығы бар, белгіленген тәртіппен бекітілген, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, сондай-ақ жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан ағаш және бұта өсімдіктерінің түрлерін құлатуға жол берілмейді.
Тармақ 29
29. Ағаштар мен бұталарды құлатуды белгіленген тәртіппен рәсімделген рұқсат құжаттамасы (оның ішінде ағаш кесу билеті) болған жағдайда тиісті жұмыс түрлеріне сертификаты бар мамандандырылған ұйым жүргізеді. Рұқсат беру құжаттарын алдын ала рәсімдеп алмай жасыл желектерді құлатуға және қайта отырғызуға рұқсат етілмейді.
Тармақ 30
30. Қала құрылысы қызметін іске асыру кезінде жасыл желектерді құлату немесе қайта отырғызу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) жобалау ұйымы құрылысқа бастапқы рұқсат беру құжаттамасын әзірлеу кезінде белгіленген тәртіппен жасыл желектерді құлату қажеттігін көздейтін құрылыс жобасын әзірлейді;
Тармақша 2
2) жобалау ұйымының хаты мен құрылыс жобасының негізінде уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық органымен бірлесіп, құрылыс жүргізу көзделіп отырған учаскені тексеріп шығып, тексеру актісін жасайды, онда ағаштар мен бұталардың саны, олардың түр құрамы, жай-күйі, көгалдардың, шөп қабатының, гүлзарлардың бар-жоғы, оның ішінде құлатуға жататындары;
Тармақша 3
3) тексеру актісінің негізінде уәкілетті орган жобалау ұйымына ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ құлатуға тиісті ағаштар мен бұталардың, гүлзарлар мен көгалдардың мөлшерін барынша ықтимал сақтап қалу мақсатымен осы учаскеде құрылыс орналастырудың ерекше шарттарымен құрылыс жүргізу мүмкін екені туралы қорытында береді;
Тармақша 4
4) берілген құжаттардың негізінде уәкілетті орган тапсырыс берушіге кесілетін ағаштар мен бұталардың, жойылатын гүлзарлар мен көгалдардың белгіленген ставкаларға немесе құнды бағалаудың бекітілген әдістемесіне сәйкес анықталатын мөлшерде өтемақылық құнын төлеуге шот жазып береді;
Тармақша 5
5) әкімдіктің бағдарламаларына сәйкес ескі үйлерді құлату кезінде жасыл желектерді құлатуға ағаш кесу билеттерін бергенде өтемақылық құн инженерлік коммуникациялардың күзет аймақтарында және жарық режимі аймағында орналасқан жасыл желектерді құлату құны ескерілмей есептеледі.
Тармақ 31
31. Инженерлік коммуникацияларды күрделі немесе ағымды жөндеуден өткізу кезінде жасыл желектерді құлатуды және (немесе) қайта отырғызуды келісу мынандай тәртіппен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) инженерлік коммуникацияларды күрделі немесе ағымды жөндеуден өткізу кезінде жасыл желектерді құлату ағаш кесу билетінің негізінде жүргізіледі;
Тармақша 2
2) инженерлік коммуникациялардың күзет аймақтарында өсіп тұрған жасыл желектерді кесу кезінде қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес айқындалатын өтемақылық құн алныбайды;
Тармақша 3
3) жөндеу жұмысы барысында бүлінген жасыл желектер, көгалдар мен гүлзарларды қалпына келтіру тапсырыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады;
Тармақша 4
4) инженерлік коммуникациялардың күзет аймағынан тысқары жерлерде жұмыс жүргізу аймағында өсіп тұрған ағаштар мен бұталарды кесу кезінде өтемақылық құн толық қалпына келтіру құны мөлшерінде алынады.
Тармақ 32
32. Ағаштардың құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына, үйлер мен құрылыстардың жай-күйіне, көлік қозғалысына, коммуникациялардың жұмыс істеуіне қатер төндіретін төтенше және апаттық жағдайларда көрсетілген жасыл желектерді құлату алдын ала рұқсат рәсімдемей-ақ жүргізіледі:
Тармақша 1
1) құлату фактісі аумақ иесі, уәкілетті орган, апаттық және өзге төтенше жағдайды жою жөнінде жұмыс жүргізген ұйым өкілдерінің, тиісті қала әкімі өкілінің құрамындағы комиссия белгіленген нысанда рәсімделген ағаш кесу орнын куәландыру актісімен расталады;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган ағаш кесу билетін белгіленген тәртіппен рәсімделген құлату орнын куәландыру актісі болған жағдайда жұмыстар басталған сәттен бастап 72 сағат ішінде береді.
Тармақ 33
33. Үйлер мен құрылыстардан 5 метр жақын өскен, үйлерді тым қараңғылап жіберетін ағаштарды құлатуға рұқсатты санитралық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қортындылары негізінде азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша уәкілетті орган одан әрі өтеусіз береді.
Тармақ 34
34. Құрғақ, кеуіп бара жатқан және ауру ағаштар мен бұталардың қайда орналасқанына қарамастан оларды ессепке алуды және таңбалауды, уәкілетті орган жүргізеді. Егер құрғақ ағаштар мен бұталарды тексеру кезінде ағаштардың өспей қалуы қартаюы мен аурулардан емес, жекелеген азаматтардың немесе лауазымды тұлғалардың кінәсінен болғаны анықталса, осы ағаштарды бағалау жас өсіп тұрған ағаштарды қалпына келтіру құнының ставкалары бойынша жүргізіледі, ал олардың құрап қалуына кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 35
35. Жасыл желектерді өсіру және күтіп ұстауға мамандандырылған ұйымдарға тиесілі аумақтарда жасыл желектерді құлату осы Қағидаға сәйкес жұзеге асырылады.
Тармақ 36
36. Құрылыс жобасына және санақ ведомасына (6-қосымша) сәйкес құлатуға жататын барлық жасыл желектерді жұмыс жүргізуші қызыл бояумен, қайта отырғызылуға арналған желектерді – сары бояумен белгілейді.
Тармақ 37
37. Кесілген ағаш пен кесінді қалдықтарын құлату, көлденеңінен бөлу, тиеу және әкету жұмыс басталған сәттен бастап бір тәулік ішінде жүргізіледі. Кесінді қалдықтарын құлату, көлденеңінен бөлу, тасымалдау жөніндегі барлық жұмыс осы жұмыс түріне арналған қауіпсіздік техникасының талаптарына толық сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 38
38. Ағаш кесу аумағына жасыл көгал, гүлзар, жасыл желектер бүлінген жағдайда жұмыс жүргізуші оларды аумақ иесімен және уәкілетті органмен келісілген мерзімде, бірақ зақым келтірілген сәттен бастап жарты жылдан кешіктірмей қажетті түрде қалпына келтіреді.
Тармақ 39
39. Жасыл желектерді қайта отырғызу уәкілетті орган беретін рұқсаттың (5-қосымша) негізінде жүргізіледі.
Тармақ 40
40. Құрылыс жұмыстарына тапсырыс берушілер жасыл желектерді қайта отырғызуға рұқсат алу үшін жұмыс басталғанға дейін:
Тармақша 1
1) уәкілетті органға құрылыс, қайта құру және күрделі жөндеу аймағынан ағаштар мен бұталарды сәулет және қала құрылысы органымен таңдалған учаскелерге қайта отырғызуға жобалау құжаттамасын тапсыруы;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган конкурстық негізде айқындап, сертификат беретін мамандандырылған ұйыммен ағаштар мен бұталарды қайта отырғызуға шарт жасасуы;
Тармақша 3
3) қайта отырғазылған жасыл желектерге (жапырақты тұқымдарға – бір жыл, қылқан жапырақты тұқымдарға – екі жыл бойы) күтім жасау жұмыстарын уәкілетті органға берілген кепілдеме хаты негізінде қаржыландыруды қамтамасыз етуі қажет. Қайта отырғызылған жасыл желектерді кепілді күтім жасаудан кейін қабылдау жасыл желектердің тексеру актісінің (6-қосымша) негізінде жүзеге асырылады;
Тарау 7. 7. Жасыл желектерді жойғаннан кейін зиян орнын толтыру және қайта қалпына келтіру
7. Жасыл желектерді жойғаннан кейін зиян орнын толтыру және қайта қалпына келтіру
Тармақ 41
41. Лауазымды тұлғалардың, азаматтар мен заңды тұлғалардың іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан көп жылдық жасыл желектердің жоғалуы (құлауы, жойылуы) ақшалай немесе заттай нысанда толық өтелуге жатады.
Тармақ 42
42. Өтемдік көгалдандыру мына талаптар ескеріле отырып жүргізіледі:
Тармақша 1
1) қалпына келтірілген жасыл желектердің саны құлатылғандар санынан кем болмауы тиіс және көгалдандырылған аймақтың аумағы қысқартылмауы тиіс.
Тармақша 2
2) қалпына келтірілген жасыл желектердің түр құрамы мен нобайы сәулеттік, экологиялық және эстетикалық сипаттамалары бойынша жақсартылуға жатады;
Тармақша 3
3) қалпына келтіру әдетте ағаш құлатылған аумақ шегінде жүргізіліп, ағаштар тамыр топырағымен бірге отырғызылады.
Тармақ 43
43. Өтемдік көгалдандыру құлату мүддесі үшін жүргізілген азаматтар мен заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Заңсыз құлату, жою фактілері бойынша өтемақылық көгалдандыру кінәлі адамды анықтау мүмкін болмағанда, жасыл желектер табиғи жолмен құрап қалғанда қала бюджетінің қаражаты есебінен жүргізіледі. Жасыл желектер мүддесі үшін құлатылған азаматтар мен заңды тұлғалар ақшалай түрде өтемақылық құнды жергілікті бюджетке асады.
Тармақ 44
44. Өтемдік көгалдандыру:
Тармақша 1
1) 20 данадан астам ағаш-бұта өсімдіктері қалпына келтірілген кезде – бекітілген дендрологиялық жобаға сәйкес;
Тармақша 2
2) 20 данадан кем ағаш-бұта өсімдіктері қалпына келтірілген кезде – уәкілетті органмен келісілген сызбаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 45
45. Құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде құлатуға жататын жасыл желектер, құрылыс салушының қаражаты есебінен қалпына келтіріледі. Құрылыстың бекітілген жобалау құжаттамасына сәйкес құрылыс салушылар жүргізетін көгалдандыру өтемдің көгалдандыру жұмыстары ретінде есепке алынбайды.
Тарау 8. 8. Жасыл желекті ұстау және қорғау аясында құқық бұзушылыққа орай әкімшілік жауапкершілік
8. Жасыл желекті ұстау және қорғау аясында құқық бұзушылыққа орай әкімшілік жауапкершілік
Тармақ 46
46. Жасыл желектерді жою және құрту құқық бұзушылыққа әкімшілік жауапкершілік Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамалары негізінде анықталады.
Тармақ 47
47. Жеке, заңды, лауазымды тұлға осы Ереженің баптарын бұзғаны үшін, әкімшілік жауапкершілік Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексімен келісе отырып тартылады.
Тармақ 48
48. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамарды ішкі істер органының және қоршаған ортаны қорғау, орман шаруашылығы және ерекше табиғат аумағын қорғау органдараның лауазымыдық тұлғаларының мемлекеттік бақылау жүргізушілері толтырады. Қосымша 6 бетте берілген.
Басқа 130
Саран қаласында жасыл желектерді құру, ұстау және қорғау қағидасына 1 қосымша Түгендеуді өткізетін ұйымның атауы___________________________________ Түгендеу нөмірі____________________________________________________ Объектің атауы_______________________________________________________________________ Сыныптық коды __________________________________________________________________ (жердің функционалдық мақсаты бойынша) Әкімшілік-аумақтық қатысы__________________________________________ (әкімшілік маңызының коды) Жауапты иесі __________________________________________________________________ Қорғау және пайдалану режимі, қала құрлысы қызметін реттеу режимі __________________________________________________________________ Келісілді: Келісілді Келісілді: Архитектура Жауапты Уәкілетті департаменті иесі орган ________________ ________________ ________________ «__»_____200__ж. «__»_____200__ж. «__»_____200__ж. Есеп объектісінің паспортына қосымша: Әрекеттік жоспар (есептік объектінің орналасуы)_______________________ Есеп объектісінің түгендеу жоспары (дендрожоспар) М1:500; М1:1000 Есеп объектісінің орман екпелерінің жоспары (түгендеу жоспары) М1:2000; М1:10000 Жасыл желектердің әрбір ағашын есепке алу тізімі Түгендеуді өткізген ұйымдардың тізімі
Басқа 131. Қалада жасыл желектерді тіркеу реестрі 1 қаңтарға
Саран қаласында жасыл желектерді құру, ұстау және қорғау қағидасына 2 қосымша Қалада жасыл желектерді тіркеу реестрі 1 қаңтарға Жасыл желектер объектілеріне жердің санатына, түріне қарай алаңдар бөлу Қала, елді мекен ___________________ Әкімшілік аудан: (коды)_____________ Жауапты иесі______________________ Жасыл желектердің тізілімі р/с № түгендеу N объект паспорты Жердің функционалдық мақсаты, жасыл желектер объектілерінің (учаскелерінің) мақсаттылық түрлерінің тобы, атауы Сыныптық коды Объектілердің (учаскелердің) га, жасыл желектер көлемі га/түп (ағаш., бұта). А Б В 1 Кестенің жалғасы Саябақ түріндегі жасыл желектер Ағаш өсімдіктері, текше м. га/түп. Бұта өсімдіктері санаулы ағаштар топтар, бөліктер алқаптар, тоғайлар, бақтар га. аллеялар, қатарлар барлығы га/түп жалғыз бұталар жасыл желекті қоршау қатарлап отырғызу барлығы га/түп 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Кестенің жалғасы Ашық кеңістіктер Гүлзарлар, га Көгалдар, га жылдық көпжылдық аралас контейнерлік барлығы партерлік кәдімгі топырақ бетінің қабаты барлығы 11 12 13 14 15 16 17 18 19 Кестенің жалғасы Саябақ түріндегі өсімдіктер барлығы Орман, табиғи үдгідегі өсімдіктер Табиғи және аралас түрлі сүрекдің Дақылдар Табиғи алаңқайлар, ағаш ала-құла өскен жерлер 20 21 22 23
Басқа 132. Заңсыз кесу билеті
Саран қаласында жасыл желектерді құру, ұстау және қорғау қағидасына 3 қосымша Заңсыз кесу билеті 200__жылғы «___»____________№_______ __________________________________________________________________ (мекен-жай)_______________________________________________________ Жұмыс тұрі:_______________________________________________________ Уәкілетті органның_____________№______қорытындысының негізінде Өтемдік құнын төлеу________________________________________________ (төлем тапсырымының нөмірі мен күні) Өтемдік көгалдандыру мына мекен-жайы бойынша ______________________ __________________________________________________________________ Өтемдік көгалдандыру мерзімі:_______________________________________ Жобаға қоса берілген санақ тізімі мен дендрожоспарға сәйкес: ағашты _______________________________дана, бұтаны _______________________________дана шабылсын, ағашты _______________________________ дана, бұтаны _______________________________ дана қайта отырғызуға, ағашты _______________________________ дана, бұтаны _______________________________ дана сақталынсын Мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт: __________________________________________________________________ Жұмыстар_________________________________________________________ (уәкілетті органның, аумақтық ҚОҚ басқармасының бөлімшесі) ______________________________________өкілінің қатысуымен жүргізілсін. Жасыл желектерді құлату жұмыстары басталатын күн____________________ __________________________________________________________________ (уәкілетті органның, аумақтық ҚОҚ басқармасының бөлімшесі) тағайындалған мерзімнен бұрын 5 күннен кешіктірмей (______________тел.) хабарлансын. Ағаш кесу билетінің қолданылатын мерзімі_____________________________ Уәкілетті орган басшысының орынбасары______________________________ ӨТЖ бастығы______________________________________________________ (қолы, күні) М.о. Заңсыз кесу билетін алдым____________________________________________ (лауазымы, ұйым, қолы, Т.А.Ж., телефоны) Заңсыз кесу билеті_________________________________________жабылды. (қолы, күні)
Басқа 133. Заңсыз кесу билеті
Саран қаласында жасыл желектерді құру, ұстау және қорғау қағидасына 4 қосымша Заңсыз кесу билеті 200__жылғы «___»____________№_______ (жасыл желектерді санитарлық және қайта жаңарту мақсатында кесу) __________________________________________________________________ (мекен-жайы, әкімшілік аудан, қала, ауыл, жұмыс учаскесінің мекен-жайы) Жұмыс тұрі:_______________________________________________________ Мынадай тапсырылған құжаттардың негізінде: _________________________ __________________________________________________________________ құжаттардың негізінде Қоса берілген санақ тізіміне, жобаға және сызбаға сәйкес: ағашты _______________________________дана, бұтаны _______________________________дана шабылсын, ағашты _______________________________ дана, бұтаны _______________________________ дана қайта отырғызуға, ағашты _______________________________ дана, бұтаны _______________________________ дана сақталынсын Мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт: __________________________________________________________________ Жұмыстар_________________________________________________________ (уәкілетті органның, аумақтық ҚОҚ басқармасының бөлімшесі) ______________________________________өкілінің қатысуымен жүргізілсін. Жасыл желектерді құлату жұмыстары басталатын күн____________________ __________________________________________________________________ (уәкілетті органның, аумақтық ҚОҚ басқармасының бөлімшесі) тағайындалған мерзімнен бұрын 5 күннен кешіктірмей (______________тел.) хабарлансын. Ағаш кесу билетінің қолданылатын мерзімі_____________________________ Уәкілетті орган басшысының орынбасары______________________________ ӨТЖ бастығы______________________________________________________ (қолы, күні) М.о. Заңсыз кесу билетін алдым___________________________________________ (лауазымы, ұйым, қолы, Т.А.Ж., телефоны) Заңсыз кесу билеті_________________________________________жабылды. (қолы, күні)
Басқа 134. Жасыл желектерді құлатуға, қайта отырғызуға РҰҚСАТ
Саран қаласында жасыл желектерді құру, ұстау және қорғау қағидасына 5 қосымша Жасыл желектерді құлатуға, қайта отырғызуға РҰҚСАТ 200__жылғы «___»____________дейін қолданылады.
Тармақ 1
1. Кәсіпорынның атауы (СТН) (тапсырыс беруші)________________________
Тармақ 2
2. Кәсіпорынның басшысы (Т.А.Ж.) (тапсырыс беруші)___________________
Тармақ 3
3. Сұрау салынып отырған учаскенің мақсаты___________________________
Тармақ 4
4. Орналасқан жері__________________________________________________
Тармақ 5
5. Іс-шараларды өткізудің негізі_______________________________________
Тармақ 6
6. Жер учаскесінің меншік нысаны (№, күні)____________________________
Тармақ 7
7. Уәкілетті органның жасыл желектерді тексеру актісі
Тармақ 8
8. Ағаш-бұта екпелерінің нақты (сапалық, сандық) жай-күйі)
Тармақ 9
9. Жасыл желек қорын өтемақылық мақсатта қалпына келтіру жөніндегі міндеттеме (кепілдік хат). Қортынды Өкілетті орган (толық атауы) жасыл желекті тексеру актісіне сәйкес жасыл желектердің жай-күйін ескере отырып, жоғарыда аталған ағаштарды құлатуға келісімін береді, бұл орайда бірінші басшы мыналарды орындауды қажет: сәндік-бағалы жасыл желектерді жер асты мен әуедегі коммуникациларды қорғау нормалары мен ережелерін сақтай отырып отырғызу арқылы жасыл желектерді өтемақылық мақсатта қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар керек. Өкілетті органның басшысы ______________ _____________ (қолы) (Т.А.Ж.) М.О.
Басқа 144. Жасыл желектерді тексеру актісі
Саран қаласында жасыл желектерді құру, ұстау және қорғау қағидасына 6 қосымша Жасыл желектерді тексеру актісі __________________________________________________________________ (мекен-жай: аудан, қала, елді мекен, учаскенің мекен-жайы) Біз, төменде қол қоюшылар, __________________________________________ (уәкілетті органның лауазымды тұлғасы, лауазымы, Т.А.Ж., __________________________________________________________________ тапсырыс берушінің өкілі, ұйымы, лауазымы, Т.А.Ж.) __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ ________________ жатқызылған жасыл желектерге тексеру жүргіздік. Тексеру нәтижесінде мыналар анықталды: № Жасыл желектердің тұқымдық құрамы Құлату Қайта отырғызу Сақталады Сапалық (нақты) жай-күйі саны дм. саны дм. саны дм. жақсы қанағат танарлық қанағат танарлықсыз 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Осы акт _____ данада жасалды. Ескерту: тексеру актісі жасыл желектерді құлатуға немесе қайта отырғызуға құқық беретін құжат болып табылмайды. Тапсырыс берушінің өкілі алды ______________________________ (қолы, Т.А.Ж.) Өкілетті органның лауазымды тұлғасы________________________________________ (қолы, Т.А.Ж.)