Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 1 бабы 1 тармағы 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы мүгедектерін әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту» Заңының 7 бабы 5-2 тармағына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылықтарға кездесуші мүгедектерді әлеуметтік қорғауды күшейту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарыңың квотасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін мекемелер, ұйымдардың (келісім бойынша) тізбесі мен құрылатын жұмыс орындарының саны бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Жарқайың ауданының Жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүгедектерді құрылатын жұмыс орындарына жолдама беруді жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының қолданылуы 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап шыққан құқық қатынасында таратылады.
Тармақ 5
5. Қаулы Жарқайың ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиісті.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ұ.А. Ахметова жүктелсін.
Басқа 7. Мекемелердің, ұйымдардың тізбесі және құрылатын жұмыс орындарының саны
Жарқайың ауданы әкімдігінің 2007 жылғы «02» 05 № А-5/2009 қаулысымен бекітілген Мекемелердің, ұйымдардың тізбесі және құрылатын жұмыс орындарының саны № Мекемелердің, ұйымдардың атауы Жұмыс орындарының саны 1. Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 5 2. Ақмола облысы Денсаулық сақтау департаментінің «Жарқайың орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) 2 3. Жарқайың ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары бөлімі жанындағы «Коммунсервис» ШЖҚ МКК 3 Барлығы: 10