Об утверждении изменения и дополнения в Положение о небанковских финансовых учреждениях Күшін жойған
Басқа 0
Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге өзгеріс пен толықтыруды бекіту жөнінде
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 221 қаулысымен бекітілген Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге өзгеріс пен толықтыру бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Сизова С.И.) бірлесіп осы қаулыны және Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге өзгеріс пен толықтыру Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулыны және Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге өзгеріс пен толықтыру Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына жіберсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Басқа 6. Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге
өзгеріс пен толықтыру
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 21 маусымдағы
N 135 қаулысымен бекітілген
Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге
өзгеріс пен толықтыру
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 221 қаулысымен бекітілген Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Тармақ 1
1. 6-тармақтағы "атқарушы" деген сөз алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. 25-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
"Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі болған
жекелеген жағдайларда банктік емес қаржы ұйымына Қазақстан Республикасы
Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі
туралы" Заң күші бар Жарлығында көзделген басқа да банк операцияларын
жүргізуге лицензия беруге құқылы".