Об организации оплачиваемых общественных работ в учреждениях Акжарского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақжар ауданының мекемелерінде ақы төленетін қоғамдык жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазакстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабы, 7 бабының 5 тармағына, Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 каулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру Ережесіне», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы № 1156 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардагы № 41 «Мемлекеттік қызметкерлер және қазыналык кәсіпорындар жұмысшылары болып есептелмейтін мемлекеттік мекемелері қызметкерлеріне еңбек акы төлеу жүйесі туралы» каулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» каулысына, Солтүстік Қазакстан облысы әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі № 38 «Жұмыссыздарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, кәсіби даярлау, қоғамдык жұмыстарды қаржыландыру мен ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» (әділет бөлімінде мемлекеттік тіркеу № 398, 2001 жылы 30 шілдеде тіркелген, 2001 жылы 7 тамызда «Северный Казахстан» газетінде жарык көрген) каулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдык жұмыс түрлері бойынша еңбекке акы төлеудің түрлері, көлемі мен мөлшері, мекемелер мен ұйымдардың тізімі, қосымшага келісімді бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақжар ауданының жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Мұқалыкова С.С.) коғамдык жұмыстарды жүргізуге аудандық бюджетте қарастырылған каржы мөлшерінде, бекітілген тізімге сәйкес жұмыссыз азаматтарды коғамдык жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. «Акжар ауданынын каржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Әділова Ә.Н. ) қоғамдык жұмыстарға тартылған жұмыссыздардың енбегіне акы төлеуге уақытында қаржы бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы каулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары З.Молдағанаповка жуктелсін.
Басқа 5. Қоғамдық жұмыс түрлері бойынша еңбекке ақы төлеудің түрлері, көлемі мен мөлшері, мекемелер мен ұйымдардын ТІЗІМІ
2007 жылғы «30» наурыз № 73 аудан әкімдігі қаулысына қосымша Қоғамдық жұмыс түрлері бойынша еңбекке ақы төлеудің түрлері, көлемі мен мөлшері, мекемелер мен ұйымдардын ТІЗІМІ Селолық округтердің атауы Жұмыс орнының саны Қоғамдық жұмыстың түрлері Разряды Коэффициенті 1. Селолық округтер 52 адам Тұрғын-үй қоммуналдық шаруашылық ұйымдарына елді мекен аумағын тазалау жұмыстарына көмектесу ІІ 1,49 2. Селолық округтер 5 адам Жол жөндеу және салу, су, газ, канализация және басқа да коммуникация, брусчатка және бордюрлік тас төсеу, сонымен қатар осы жұмыстарға қажетті материалдар дайындау. Елді мекен жолдарын ағымдағы жәндеу ІІІ 1,59 3. Селолық округтер 5 адам Тұрғын уйлерді салу, қайта жөндеу және күрделі жөндеуге қатысу. Егер қысқы дайындық, жөндеу және әлеуметтік сала объектілеріне кұрылыс жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюждеттен қаражат қарастырылмаған немесе оның осы нысанның толық жұмыс істеуі үшін жеткіліксіз болған жағдайда, коммуналдық меншіктің, білім саласының, селолық округі әкімі аппаратының жалға алған ғимараттары және басқа да бюджеттік ұйымдарға көмек көрсету ІІІ-ІV 1,59 4. Селолық округтер 15 адам Аумақты экологиялық сауықтыру жұмыстары (территорияны көркейту және жасылдандыру, ағаш отырғызу, гүлзарларды күту, орманды парктер шаруашылықтарын сақтау мен дамыту, демалыс және туризм зоналары, караусыз жануарларды ату ІІІ 1,59 5. Селолық округтер 15 адам Мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шаралар, салтанатты мерейтой, спорттық іс-шараларға дайындалуға қатысу, оның ішінде мұз қалашық салу қосымша жұмыстарын атқару ІІІ 1,59 6. Селолық округтер 10 адам Аз камтамасыз етілген азаматтарға және жалғыз тұратын қарт адамдарға, оралмандарға, сонымен қатар коммуналдық меншік кәсіпорындарына және аудандық әлеуметтік-мәдени нысандарына, көмір жеткізіп беру, отын мен жем-шөп дайындау ІІ 1,49 7. Селолық округтер 10 адам Үй шаруашылығын санау мен кітабын толтыруға көмектесу шаруашылық G-14 1,49 8. Селолық округтер 10 адам Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды, сонымен қатар аудан әкімінің коммуналдық меншігіндегі бос ғимараттарды күзету ІІ 1,49 9. Селолық округтер 5 адам Алыс елді мекендерде тұратын халыкты құжаттандыру бойынша ұйымдастыру жұмысына уақытша көмектесу (халык үшін қажетті құжаттарды жинау) G-14 1,43 10. Селолық округтер 5 адам Парктер мен скверлердің маңайын қорғау мен көркейту (жеке меншік нысандарынан басқа) ІІ 1,49 11. Селолық округтер 6 адам Қысқы уақытта мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдардың жылыту жүйесіне кемектесу жұмысы ІІ 1,49 12. Селолық округтер 7 адам Тұрақты түру ушін халықты тіркеу мен құжатпен қамтамасыз етуде техникалық қызмет көрсету G-14 1,43 13. Селолық округтер 4 адам Мемлекеттік тілде түскен сұрақтар бойынша іс жүргізуге көмек көрсету G-14 1,43 14. Селолық округтер 3 адам Құжаттарды сақтауға дайындау мен ретке келтіру жұмыстарына көмек көрсету G-14 1,43 15. Селолық округтер 16 адам Жылжымайтын мүлікті зандастыруға байланысты құжатарды тіркеу мен құжаттарды дайындауға техникалық қызмет көрсету G-14 1,43 16. Селолық округтер 7 адам Қара малды қолдан ұрықтандыру бойынша пункттер құруға көмектесу G-14 1,43 ИТОГО 175 адам