О повышении ставок земельного налога по Тайыншинскому району Қолданыста
Басқа 0
Тайынша ауданы бойынша салық ставкаларының көтерілуі туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 338 бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергіліқті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес және Тайынша ауданының жерлерін аймақтандыру сызбасы (схемасы) негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жер салығының ставкалары базалық жер салық ставкаларынан елу (50 %) пайызға келесі санаттар бойынша көтерілсін:
Тармақша 1
1) ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерге (329 бап);
Тармақша 2
2) жеке тұлғаларға берілген ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерге (330 бап);
Тармақша 3
3) елді мекендердің жерлері (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда (332 бап);
Тармақша 4
4) елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіптік жерлер (334 бап).
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.