О дополнительных мерах по защите прав субъектов малого предпринимательства Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 29.10.2004 № 25 шешімімен. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрылсын;
Тармақ 2
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес туралы Ереже бекітілсін;
Тармақ 3
3. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері жергілікті жерде осындай кеңестер құрсын.
Тармақ 4
4. 1999 жылғы ақпанның 1-нен бастап бақылаушы органдардың шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметін тексерулері есебінің журналына енгізілсін.
Тармақ 5
5. Облыс бақылаушы органдарының шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметіне тексеру жүргізу тәртібі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімді іске асыратын орган болып облыс экономика департаменті белгіленсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.Н. Оспановқа жүктелсін.
Тармақ 8
8. Облыс әкімінің 1996 жылғы 29 тамыздағы «Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды тексеруді үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық кеңес туралы» № 137-а шешімі күшін жойған болып саналсын.