О мерах по усилению контроля за использованием и охраной сельскохозяйственных земель области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың ауылшаруашылығы жерлерін қорғау мен пайдаланылуына бақылау жасауды күшейту жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы N 31 шешімімен.
Жер реформасын жүргізу нәтижесінде облыстың бұрынғы 261 ауылшаруашылығы кәсіпорындары базасында 7140 агроқұрылым, оның ішінде: 6161 шаруа қожалығы ұйымдастырылды. Агроқұрылымдар үшін 6839,9 мың гектар ауылшаруашылығы жері, оның ішінде 1293,2 гектар егістік алқабы бекітіліп берілді.
Алайда, бірқатар себептермен жерді тиімсіз пайдалану, егіске жарамды жерлерді ауылшаруашылығы айналымынан шығарып тастау үрдісі байқалады. 1998 жылы егіске жарамды жерлердің жалпы көлемінің тек 713,1 мың гектары пайдаланылып, егістік алқап алаңының 55,1% құрады. Егіншілік мәдениеті, агротехниканы қолдану күрт төмендеп, егіске жарамды алқаптардың құрылымы сақталмады. Көптеген агроқұрылымдарда ауыспалы егіс жүйесі жоқ. Соның салдарынан дақылдардың өнімділігі, жер құнары төмендеді.
Ауыл шаруашылығын жерді тиімді әрі ұтымды пайдалану негізінде одан әрі дамыту үшін ауылшаруашылығы жерлерін пайдалану мен қорғауға бақылау жасауды күшейту және егіске жарамды алқаптардың құрылымдарын сақтау, ауыспалы егіс жүйесін енгізу мен қолдану, мелиорациялық және эрозияға қарсы шараларды орындау талап етіледі.
Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында
ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы жерлерін пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізу Бағдарламасын бекітемін (қосымша N 1).
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (А.П.Томашенко), облыстық жер қорлары жөніндегі комитетке (В.В.Соловьев), Республикалық мемлекеттік "Востокводхоз" кәсіпорнына (Ө.Ағажаев) осы бағдарламаны толық көлемде орындауды қамтамасыз ету міндеттелсін. Егіске жарамды жерлерді пайдалану мен қорғауды бақылау жүзеге асырылсын және механизмі жүйелі түрде іске қосылсын.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық жер қорлары жөніндегі комитет (В.В.Соловьев) және оның аумақтық органдары жергілікті жерлерде пайдаланылмай жатқан және иесіз жерлерді, азаматтардың шартты жер үлесін, тартып алынған (алынып қойылған), мемлекет меншігіне берілген және бұдан былай пайдалануға берілген жерлердің есебін алуды қамтамасыз етудің түбегейлі шараларын қолдансын.
Тармақ 4
4. Облыстық жер қорлары жөніндегі басқарма комитеті (В.В.Соловьев)
ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану және қорғау жөніндегі бақылау
жұмыстары туралы облыс әкімі аппаратына тоқсан қорытындысы бойынша жүйелі
түрде хабарласын.
Тармақ 5
5. Бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Б.Қалиевқа жүктелсін.
Басқа 6. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы
жерлерін қорғау мен пайдаланылуына мемлекеттік
бақылау жүргізудің
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
1999 жылғы 31 мамыр N 692
шешіміне N 1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы
жерлерін қорғау мен пайдаланылуына мемлекеттік
бақылау жүргізудің
Бағдарламасы
Тармақ i. I. Жалпы ереже
I. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің, Заң күші бар, "Жер туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жерді қорғау және оның пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың тәртіптері туралы Ережені бекіту туралы" Қаулысы, басқа да бірқатар нормативтік актілер талаптары мен ережелеріне сәйкес жасалды.
Жер заңдарын сақтауға мақсатты, жүйелі бақылау жасау, меншік иелерінің, жер телімдерін пайдаланушылардың жерді белгіленген мақсаттарға сай, жер құнарын сақтап және қайта қалпына келтіру мақсатындағы эрозияға қарсы, суландыру, агротехникалық шараларды сақтауды қамтамасыз ету осы бағдарламаның міндеті болып табылады.
Тармақ 2
2. "Жерді қорғау және оның пайдаланылуына мемлекеттік бақылау жасауды
жүзеге асырудың тәртіптері туралы Ережеге" сәйкес, жерді қорғау мен
пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асыруға құқығы бар мемлекеттік
органдардың өз өкілеттігі шеңберіндегілер мыналар болып табылады:
Тармақ 1
1. Жер қорларын басқару жөніндегі комитет
Тармақ 2
2. Жер инспекциялары
Тармақ 3
3. Ауылдық округтердің әкімдері
Тармақ 4
4. Қоршаған ортаны қорғау басқармасы
Тармақ 5
5. Су қорлары жөніндегі комитет
Тармақ ii. II. Ауыл шаруашылығы жерлерін қорғау және оның пайдаланылуына
мемлекеттік бақылау жасау
II. Ауыл шаруашылығы жерлерін қорғау және оның пайдаланылуына
мемлекеттік бақылау жасау
Тармақ 1
1. Мемлекеттік бақылау мүліктердің есебін алу, сондай-ақ, жерді қорғау мен оны тиімді пайдалану, жер заңдарын сақтауға бақылау жасау үшін жерді зерттеу және жүйелі түрде тексерулер жүргізу тәртібі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Жерді нақты түрде зерттеуді жер телімдерін пайдаланушылар, меншік иелерінің қатысуымен комиссия мен жүргізеді. Зерттеудің нәтижесі жөнінде тексеру жүргізген тұлғалардың қолдары қойылған далада жүргізілген зерттеудің қосымшасымен бірге акт жасалады.
Тармақ 3
3. Жер заңдары бұзылуы анықталса әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте белгіленген міндеттерге сәйкес құзыретті органдарда қаралады.
Тармақ iii. III. Жерді қорғау және оған мемлекеттік бақылауды
жасау жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары
III. Жерді қорғау және оған мемлекеттік бақылауды
жасау жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары
Тармақ 1
1. Шаруа қожалықтарының басшылары, агроқұрылымдар жетекшілері бірыңғай нормативтік актілерге сәйкес (актілер, жал келісім-шарттары және басқа) құқықтық негіздегі құжаттармен дер кезінде қамтамасыз етілсін.
Орындаушылар: - Қалалар мен аудандардың әкімдері
- Облыстық жер қорларын басқару комитеті (В.В.Соловьев)
Орындау мерзімі: Тұрақты
Тармақ 2
2. Мемлекеттік жер комитеті нұсқауларына сәйкес, ауылшаруашылық товарлары өндіріспен шұғылданатын шаруашылық жүргізуші тұлғаларға топырақ қабатының орташа алынған балл бонитеті көрсетілген жер телімінің бірыңғай үлгідегі Паспортын беру үшін ұйымдастыру-даярлық жұмыстары жүргізілсін.
Салыстырмалы талдау жасау мақсатында топырақ қабатының жағдайының
бағалануын кезең-кезеңімен жаңарту мүмкіндігі қарастырылсын.
Орындаушылар: - Облыстық жер қорын басқару комитеті (В.В.Соловьев)
- НПЦзем мемлекеттік еншілес кәсіпорны (В.Ф.Душенко)
Орындау мерзімі: 1999-2000 жылдар
Тармақ 3
3. Жер құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру мақсатында дақылдарды
алмастыру және ауыспалы егіс желісін енгізу және іске асыру қамтамасыз
етілсін.
Жер пайдаланушылардың бекітілген желі бойынша дақылдарды ауыстыру
және жергілікті жағдайда ауыспалы егіс жүйесінің сақталуын бақылауды
жүйелі жүргізсін.
Орындаушылар: - Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (А.П.Томашенко)
және аудандық ауыл шаруашылығы басқармалары
- НПЦзем мемлекеттік еншілес кәсіпорны (В.Ф.Душенко)
Орындалу мерзімі: 1999-2000 жылдар
Тармақ 4
4. Егістік алқапты (4 аш, 29 аш үлгісі) пайдаланғандығы туралы шаруа
қожалықтары басшылары мен агроқұрылымдар жетекшілеріне мемлекет алдында
есеп беруге сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі егістік
алқаптарды (оның ішінде суармалы жерлер) пайдаланғаны жөнінде есеп беруі
қамтамасыз етілсін.
Орындаушылар: - Аудандық ауыл шаруашылығы басқармалары
- Шаруа қожалықтары басшылары мен агроқұрылым
жетекшілері
Орындау мерзімі: 1999 жылғы II тоқсан
Тармақ 5
5. Пайдаланылмай, иесіз жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін, азаматтардың шартты түрдегі алынбаған жер үлестері, сондай-ақ алынып-қойылған, жер заңдарының баптарымен (60, 61, 71, 72) қатаң түрде мемлекеттік меншігіне берілген және кейін пайдалануға жататын жерлер есебін алу шаралары қолданылсын.
Орындаушылар: - Қалалар мен аудандар әкімдері
- Жер қорларын басқару жөніндегі аумақтық комитеттер
Орындау мерзімі: Тұрақты
Тармақ 6
6. Жер телімдерін екінші қайтара пайдалануға беру және оны жал немесе қайтара жалға беру келісімімен қатаң түрде қайта қайтаруды бақылауды жүзеге асыру. Бұл жағдайда техникалық және бақша дақылдары өсірілген немесе осы мақсатқа берілген жер телімдеріне қатаң бақылау жасау.
Орындаушылар: - Қалалар мен аудандар әкімдері
- Жер қорларын басқару жөніндегі аумақтық комитет
Орындау мерзімі: Тұрақты
Тармақ 7
7. Ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатына байланыссыз алынған ауыл шаруашылығы жерлеріне қадағалауды қамтамасыз ету.
"Ауыл және орман шаруашылығын жүргізуге байланыссыз ауылшаруашылық және орман алқаптарын өз мақсаттарына пайдаланғандары үшін қайтарып алынған жерлерде жеке меншік иелері мен жер пайдаланушылар келтірген ауыл шаруашылығына және орман өндірісіне келтірген шығындар мен зардаптарды айқындауға жататын тәртіп туралы" Ережеге сәйкес ауыл шаруашылығы шығындарын дер кезінде әрі толық қайтару жер пайдалану жобасына сай қайта қалпына келтірудің шарттары мен мерзімін белгілеу шаралары қолданылсын.
Орындаушылар: - Облыстық жер қорлары басқару жөніндегі комитет
(В.В.Соловьев)
Орындау мерзімі: Тұрақты
Тармақ 8
8. Ауыл шаруашылығы жерлерін су, жел эрозиясынан, батпақтанудан,
екінші қайтара сортаңданудан, ластанудан қорғау шаралары дер кезінде
қолданылсын.
Меншік иелеріне және жер пайдаланушыларға ауыл шаруашылығы
өндірісінде олардың табиғат қорғау технологиясын сақтауға,
ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық суландыру шараларын дер кезінде әрі
дұрыс қолдануына қатаң бақылау жүзеге асырылсын.
Орындаушылар: - Аудандық ауыл шаруашылығы басқармалары
- Шаруа қожалықтары басшылары және агроқұрылымдар
жетекшілері
Пайдалану мерзімі: Тұрақты
Тармақ iv. IV. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардағы лауазымды
тұлғалардың жер заңдарын орындауды қамтамасыз етуі
IV. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардағы лауазымды
тұлғалардың жер заңдарын орындауды қамтамасыз етуі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы "Жер туралы" , "Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдарды жерді қорғау мен пайдалану шараларын барлық меншік иелері мен пайдаланушылардың орындауын қамтамасыз ету ауыл шаруашылығы жерлерін қорғау және пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның міндеті.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жерді қорғау және оның пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы" Қаулысына, жер қорларын басқару Комитетінің "Жерді қорғау және оның пайдаланылуына мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі туралы нұсқауына сәйкес жүргізіледі".
Тармақ 3
3. Өз міндеті шегінде бақылау жасайтын лауазымды тұлғалар жер қорларына зиян келтіріп, жер заңдарын бұзған айыптыларды заңдарда белгіленген тәртіптік, материалдық, әкімшіліктік және қылмыстық жауапкершілікке тартылсын.
Сонымен бірге аталмыш заңдарды бұзу салдарынан келген зиянды қалпына
келтіріп, жер заңдарын бұзушылықты түзетуді (талап ету) қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Жер заңдарын бұзуға жол берген тұлғалар және олардың қатыстылығы
әкімшілік жауапкершілікке тартуға қарастырылатын болса, құзырлылық және
бағыныштағы іс шеңберіне сәйкес Қазақстан Республикасы әкімшілік тәртіп
бұзушылық Кодексінде айқындалған тәртіп бойынша қаралады.
Тармақ 5
5. Жерді қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекторлар
әкімшілік тәртіп бұзу туралы істерді әкімшілік Кодексінің төмендегі
баптары негізіне сәйкес дәл және қатаң түрде қарайды:
Бап 55. 55 бап - Ауыл шаруашылық және басқа жерлерді бүлдіру;
55 бап - Ауыл шаруашылық және басқа жерлерді бүлдіру;
Бап 55-1. 55-1 бап - Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымсыз пайдалану;
55-1 бап - Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымсыз пайдалану;
Бап 55-2. 55-2 бап - Жерді мақсатсыз пайдалану;
55-2 бап - Жерді мақсатсыз пайдалану;
Бап 56. 56 бап - Жер телімдерін өз бетімен иелену;
56 бап - Жер телімдерін өз бетімен иелену;
Бап 107. 107 бап - Арам шөптерге қарсы күрес шараларын қолданбау.
107 бап - Арам шөптерге қарсы күрес шараларын қолданбау.
Аудандардың әкімдері мен жер қорларын басқару комитеттері және
олардың жергілікті жерлердегі кұрылымдары ауыл шаруашылығы жерлерін қорғау
мен пайдаланылуын бақылау жөніндегі Бағдарламаны орындауға бағытталған
мақсатты жұмыстарды жүзеге асырсын.
ШҚО жер қорларын басқару
комитетінің төрағасы