Об организации пожаротушения в районе Қолданыста
Басқа 0
Ауданда өрт сөндіруді ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», Заңының 31 бабы 1 тармағының, 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашасындағы «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңына сәйкес, аудан аумағында өрттердің сөндірулерін қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан аумағында өрттерді сөндіруді ұйымдастыратын аудандық жедел штабы қосымшаға сәйкес құрылсын (бұдан әрі – Жедел штаб).
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған бекітілсін:
Тармақша 1
1) Жедел штабының ережесі;
Тармақша 2
2) Ертіс ауданының ірі аумақты өрттерді сөндіруге арналған құрал-жабдықтар мен күштерді жұмылдыру жоспары.
Тармақ 3
3. Ауыл және ауылдық округтер әкімдеріне:
Тармақша 1
1) ауылдық округ аумақтарында өрттерді сөндіруге арналған құрал-жабдықтар мен күштердің қатысуын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) өрт қауіптілігі жоғары болған кезендерінде Ертіс өзенінің жайылымында кәсіпорындардың өндірістік іс-әрекеттеріне, көліктер мен азаматтардың кіруіне рұқсатты заңнама тәртібіне сәйкес шектелсін;
Тармақша 3
3) орман-қырат өрттерін болдырмау мақсатында арнайы іс шараларын түсіндіру мақсатында, халық арасында жиындар өткізсін;
Тармақша 4
4) уческелік инспекторлармен бірлесіп, (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дер кезінде өрт түдырған кінәлі тұлғаларды айқындау мен оларға қажетті шаралар қолдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Үрлітіп орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры Әбілбаев А.Б. (келісім бойынша) бақылауды жүзеге асырсын:
Тармақша 1
1) ормандарға өрт қауыпсіздігінің орындалуын;
Тармақша 2
2) орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіру дайындығын.
Тармақ 5
5. Жер ресурстарын басқару бойынша комитеті (келісім бойынша) Жедел штабына жер пайдаланушылардың учаскелік шекараларға көрсетілген қажетті картографиялық мәліметтерін ұсынсын.
Тармақ 6
6. Өрт сөндіруді жедел ұйымдастыру мақсатында аудандық байланыс директоры Дұсмагамбетов С.Қ. (келісім бойынша)аудан аумағында үзілссіз байланысты қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Аудандық ауруханының бас дәрігері Махамбетов М.М. (бұдан әрі – АА) Ертіс аумағындағы өрт сөндіру үшін жұмылдырылған күштерге ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың қажетті жағдайда АА күштерімен бірінші медициналық көмек көрсетуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. «Нұрал» жауакершілік шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – ЖШС) (келісім бойынша) автокөлік жолдарының жиегінің дер кезінде жер жыртуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Аудан әкімінің 2005 жылғы 1 шілдедегі «Ауданда өрт сөндіруді ұйымдастыру туралы» № 245/5 шешімінің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қасенов Е.Б. жүктелсін.
Келісілді
«Ертіс ауданының өртке
қарсы қызмет бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Е. Кәрімов
2007 ж. 11.04
Келісілді
Үрлітіп орман және жануарлар
әлемінің қорғау жөніндегі
мемлекеттік мекемесінің
директоры А. Әбілбаев
2007 ж. 18.04
Келісілді
«Ертіс ауданының ішкі істер
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Б. Дүйсекенов
2007 ж. 24.04
Келісілді
«№ 21 Ертіс өрт сөндіру бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
А. Богданов
2007 ж. 11.04