О состоянии соблюдения трудового законодательства в организациях области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс ұйымдарындағы еңбек заңдылығын сақтау жағдайы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы N 31 шешімімен. Облыс ұйымдарындағы еңбек заңдылығын сақтау жағдайына жасалған талдау қалалар мен аудандар әкiмдерi аппараттарының аймақтарда "Еңбектi қорғау туралы" , "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, еңбек туралы заңдар Кодексiнiң орындалуын ұйымдастыру жөнiнде белгiлi бiр шаралар қабылдағанын көрсеттi. Барлық жерлерде еңбекақы жөнiндегi берешектiң жинақталуы және оларды өтеу мәселелерiн қарау жөнiнде комиссиялар құрылған. Еңбек қорғау және қауiпсiздiк техникасы проблемалары әкiмдердiң жанындағы алқалар мен кеңестерде талғыланады. Мемлекеттiк қадағалау органдарының бақылау - профилактикалық жұмысы бiршама күшейдi. Сонымен қатар бұл жұмыста әлi де болса қажеттi дәйектiлiк пен жүйе жоқ, тексерулер барысында ашылғандай өрескел заң бұзушылыққа жол берген жұмыс берушiлерге қатаң талап қойылмайды. Облыс тұрғындарынан түрлi орындардарға олардың еңбек құқықтары мен әлеуметтiк кепiлдiктерiнiң еңбек қорғау және ақы төлеу жағынан қысым көруi, еңбек пен демалыс режимiнiң бұзылуы, өндiрiсте денсаулыққа келтiрiлген зиянға өтемақылардың және экологиялық апатты аймақта тұрғаны үшiн қосымша ақының төленбеуi, экологиялық демалыстардың, сондай-ақ зиянды еңбек жағдайларында iстейтiндерге демалысқа қосымша жұмыс күндерiнiң берiлмегенi туралы көптеген арыздар мен өтiнiштер түседi. Жұмысқа жалдау көбiнесе бұйрықтарды, еңбек шарттарын, контрактiлердi ресiмдемей және еңбек кiтапшасына тиiстi жазбаларды түсiрмей ауызша келiсiмдер бойынша жүзеге асырылады. Осындай заң бұзушылықтар, әсiресе, шағын кәсiпорындарда, коммерциялық құрылымдарда, шаруа қожалықтарында және шетелдiк фирмаларда орын алған. Жұмыспен қамту туралы заңдылықты бұзып, жұмыс берушiлер бос жұмыс орындарын жасыру, жұмысқа қабылдаудан негiзсiз бас тарту және заңсыз жұмыстан шығару, әлеуметтiк қорғауға ерекше мұқтаж азаматтар үшiн жұмыс орындарын квоттаудың аудандық және қалалық бағдарламаларын орындамау фактiлерiне жол беруде. Өндiрiстiк жарақаттану, соның iшiнде қазаға ұшырау және мүгедек болу деңгейi бiраз төмендегенiне қарамастан әлi де жоғары болып қалуда. 1998 жылы облыс экономикасының салаларындағы бақытсыз оқиғалардың нәтижесiнде өндiрiсте 635 адам зардап шектi, олардың 34-i қаза тапты және 49-ы мүгедек болып қалды, кәсiби ауруларға шалдығудың 228 оқиғасы анықталған. Өндiрiстегi бақытсыз оқиғалардың негiзгi себептерi ұйымдастырушылықтың төмендегiнен болып отыр және жұмыс берушiлердiң "Еңбектi қорғау туралы" Заңды бұзулармен, өндiрiстiк-технологиялық тәртiптiң төмен деңгейiмен, жарақаттанудың алдын алу жөнiндегi iшкiведомстволық нашар бақылаумен, еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарын ескермеумен сипатталады. Еңбеккерлердiң жұмыс орындарында спирттi iшiмдiктер iшу салдарынан болған бақытсыз оқиғалар саны кемiмеуде. Еңбек қауiпсiздiгiнiң жағдайы "Қазмырыш" ААҚ, "Қазақмыс" корпорациясы, "Шығысшахтақұрылыс" АҚ кәсiпорындарында, агроқұрылымдарда ең қолайсыз болып қалуда. Жайсыз еңбек жағдайы, жұмыс iстейтiндердi жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз етудегi кемшiлiктер, медициналық-санитарлық көмектiң төмендеуi экономикалық белсендi халықтың айтарлықтай жалпы және кәсiби ауруға шалдығып, еңбекке жарамдылықты уақытша және тұрақты жоғалтуының және мүгедекке айналуының айқындаушы себепкерi болып табылады. Облыс кәсiпорындары мен ұйымдарында еңбектiк құқықтық қатынастарды сақтау жөнiндегi қалыптасқан жағдайды Республикада шаруашылық жұргiзудiң жаңа жағдайларында қолдануға қажеттi заңдылық және басқа да бiр нормативтiк базаны қабылдаудағы кейiн қалушылық қиындата түсуде. Облыстың кәсiпорындары мен ұйымдарында "Еңбектi қорғау туралы", "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының, еңбек туралы заңдар Кодексiнiң және еңбек қатынастарының мәселелерi жөнiндегi басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi бұлжытпай сақтау мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi кәсiпорындар мен ұйымдарда еңбек заңдылығының орындалуын ұйымдастыру жөнiндегi жұмысты күшейтуге, еңбектiк құқықтық қатынастарда өрескел заң бұзушылыққа жол беретiн басшыларға жауапкершiлiк пен талап қоюды арттыруға мiндеттелсiн. Осы мәселелер алқалар мен кеңестерде қаралсын, орын алған заң бұзушылықтар мен кемшiлiктердi жою жөнiнде нақты шешiмдер қабылдансын. әкiмшiлiктер жанында еңбек қорғау, басшылар мен мамандардың еңбек және қауiпсiздiк техникасы бойынша бiлiмдерiн тексеру жөнiндегi, бақытсыз оқиғалар немесе кәсiби аурулар салдарынан өндiрiсте зардап шеккендерге төлемақылардың және еңбекақылардың уақтылы төленуiне бақылау жасау жөнiндегi комиссиялар құрылсын және жұмысы жандандырылсын.
Тармақ 2
2. Меншiктiң барлық түрлерiнiң кәсiпорындары мен ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасының еңбек, жұмыспен қамту және еңбектi қорғау туралы заңдылығын қамтамасыз ету мiндеттелсiн. Бұл үшiн:
Тармақша 1
1) салауатты және қауiпсiз еңбек жағдайларын жасауға, технологиялық және еңбек тәртiбiн нығайтуға, жұмыскерлердi арнайы киiммен, аяқкиiммен және басқа да қорғау құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық орынжайлармен қамтамасыз етуге бағытталған бiрiншi кезектегi шаралар белгiленiп, жүзеге асырылсын;
Тармақша 2
2) еңбектi қорғауға және өндiрiстегi техникалық қауiпсiздiкке iшкiведомстволық бақылау жасаудың тиiмдiлiгi арттырылсын. Еңбектi қорғау қызметiнiң мәртебесi "Еңбектi қорғау туралы" Заңның 16 бабына сәйкес келтiрiлсiн;
Тармақша 3
3) зиянды еңбек жағдайында iстейтiн еңбеккерлерге жеңiлдiктер мен төлемақылар белгiлеудiң дұрыстығын негiздеу үшiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң бекiткен және әдiлет министрлiгiнiң тiркеген Ережесiне, облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 10 тамыздағы N 1-429ө өкiмiне сәйкес өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау 2000 жылдың 1 қаңтарына дейiн аяқталсын.
Тармақ 3
3. Еңбек қорғау және техникалық қауiпсiздiк нормаларына сәйкестiгi жөнiнде қадағалау-бақылау органдарының қорытындысы болған жағдайда ғана заңды тұлғаларға өндiрiстiк қызмет және жаңа өнiм нысандарына лицензиялар беру бұлжымас ереже деп есептелсiн; аяқталған құрылысты және қайта жаңғыртылған объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиялар құрамына олардың өкiлдерi мiндеттi түрде енгiзiлсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық мемлекеттiк еңбек инспекциясы (Замятин И.П.), төтенше жағдайлардың алдын алу және мемтехқадағалау жөнiндегi облыстық инспекция (Құнанбаев Н.С.) құқық қорғау органдарымен бiрлесiп еңбек, жұмыспен қамту және еңбектi қорғау туралы заңдылықты және басқа да нормативтiк актiлердi сақтауға мемлекеттiк қадағалау мен бақылауды күшейтсiн, заң бұзуға жол беретiн басшылар мен басқа да лауазымды адамдарға талаптарды берiлген құқықтарға сәйкес қатайтсын.
Тармақ 5
5. Еңбек қорғау және жағдайларын, техникалық, экологиялық, радиациялық қауiпсiздiктi, өрт қауiпсiздiгiн және жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша қызметтердi үйлестiру, өзара тығыз iс-қимыл жасау және тиiмдiлiктi арттыру мақсатында облыстың мемлекеттiк инспекциялар Кеңесi құрылсын. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттiк инспекциялар Кеңесi туралы Ереже жобасын және Кеңес құрамы туралы ұсыныс енгiзсiн.
Тармақ 6
6. Қалалар мен аудандар әкiмдерi атқарылған жұмыс туралы ақпаратты 1999 жылғы 1 тамызға және 15 желтоқсанға дейiн түсiрсiн.
Тармақ 7
7. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Ю.П. Швайченкоға жүктелсiн. Ақпараттар жинау мен қорыту облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына (Шерубаев А.С., Замятин И.П.) жүктелсiн.