О правовой аттестации работников аппаратов акимов административно-территориальных единиц и государственных учреждений Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімшілік - аумақтық бірліктер әкімдері аппараттары мен мемлекеттік мекемелер қызметкерлерін құқылық аттестациялау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 19 тамыздагы N 94 шешімімен. "Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқылық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 маусымдағы қаулысын, "Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқылық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 мамырдағы қаулысын орындау және әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерi аппараты мен мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң құқылық бiлiмдерiн одан әрi арттыру үшiн: 1. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерiн және облыс әкiмi аппаратының қызметкерлерiн, мемлекеттiк мекемелер басшыларын құқылық аттестациялау үшiн облыс әкiмi жанындағы аттестациялық комиссияның құрамы бекiтiлсiн (N 1 қосымша). 2. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерiн және облыс әкiмi аппаратының қызметкерлерiн, мемлекеттiк мекемелер басшыларын құқықтық аттестациялаудан өткiзудiң 1999 жылға арналған кестесi бекiтiлсiн. (N 2 қосымша). 3. Облыс әкiмi аппаратының басшысы (Ибраев Т.Т.), мемлекеттiк-құқылық жұмысының бөлiмi (Лұқпанов Т.М.), әдiлет басқармасы (Секiшев А.А.), қалалар мен аудандардың әкiмдерi қызметкерлердi аттестациялауға дайындауды қамтамасыз етсiн. 4. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, мемлекеттiк мекемелер басшылары аттестациялық комиссиялар құрсын және әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер аппараттары мен мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiн құқылық аттестациялауды өткiзудi қамтамасыз етсiн. 5. Өкiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмi аппаратының басшысына (Ибраев Т.Т.), мемлекеттiк-құқылық жұмысының бөлiмiне (Лұқпанов Т.М.) және әдiлет басқармасына (Секiшев А.А.) жүктелсiн.
Басқа 1. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерiн, облыс әкiмi аппаратының қызметкерлерiн және облыстық мемлекеттiк мекемелер басшыларын құқылық аттестациялаудан өткiзудi жүргiзу үшiн аттестациялық комиссияның
Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 7 маусымдағы № N 1-640ө өкiмiне N 1 қосымша Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерiн, облыс әкiмi аппаратының қызметкерлерiн және облыстық мемлекеттiк мекемелер басшыларын құқылық аттестациялаудан өткiзудi жүргiзу үшiн аттестациялық комиссияның ҚҰРАМЫ
Басқа 2. Әкiмшiлiк-аумақтың бiрлiктер әкiмдерiн, облыс әкiмi аппаратының қызметкерлерiн және мемлекеттiк мекемелер басшыларын құқылық аттестациялауды жүргiзудiң 1999 жылға арналған
Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 7 маусымдағы № N 1-640ө өкiмiне N 2 қосымша Әкiмшiлiк-аумақтың бiрлiктер әкiмдерiн, облыс әкiмi аппаратының қызметкерлерiн және мемлекеттiк мекемелер басшыларын құқылық аттестациялауды жүргiзудiң 1999 жылға арналған КЕСТЕСI Шығыс Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы