О ставках платы за размещение объектов наружной (визуальной) рекламы Күшін жойған
Басқа 0
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастырған үшін төлемақы ставкалары туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-491-баптарына, «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Белгіленсін:
Тармақша 1
1) Бетінің алаңы үш шаршы метрге дейінгі жергілікті маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастырғаны үшін жарнаманың көрнекі объектінің әрбір жағынан жылына төлемақының базалық ставкасы алаңның бір шаршы метріне үш айлық есептік көрсеткіштер көлемінде;
көлемнен тыс жарнаманы орнату кезінде (алаңы үш шаршы метрден аса) төлемақының ставкасы жарнамалық парақтар алаңының үш шаршы метр алаңына қатысты өсуіне барабар көбейеді;
Тармақша 2
2) Лисаков қаласы мен Октябрь поселкесінің аумағында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастырганы үшін жылына төлемақының базалық -ставкасы жарнама объектісінің алаңы бір шаршы метрі үшін екі айлық есептік көрсеткіштер көлемінде.
Тармақ 2
2. Лисаков қаласы мен Октябрь поселкесінің аумағында жарнама объектілерін орналастыру орнын және жарнамалайтын өнімнің түрін ескере отырып, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға жер учаскелеріне сұранымды теңестіру мақсатында жоғары көрсетілген базалық ставкаларына түзету коэффициенттері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Лисаков қаласы бойынша жарнамалық кеңістігін пайдалану үшін төлемақының ставкаларын бекіту туралы» Лисаков қалалық мәслихатының 2002 жылғы 7 қаңтардағы № 181 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1223 болып тіркелген, 2002 жылғы 1 наурыздағы № 9 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау экономика, экономикалық даму, бюджет және бағдарламалар мәселелері жөніндегі мәслихаттың тұрақты комииссияның төрағасына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.