Об установлении ограничительных мероприятий и профилактике заболевания бешенства на территории села Тюнтюгур Железнодорожного сельского округа Қолданыста
Басқа 0
Железнодорожный ауылдық округі Тімтүір ауылының аумағында құтыру аурушандықты алдын алу және шектеу салу іс-шараларын белгілеу туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 2-тармағының 9) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қарасу аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы негізінде құтыру аурушандықты айқындау фактісі бойынша және адамдардың және үй жануарлардың құтыру аурушандықты алдын алу мақсатында Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Железнодорожный ауылдық округінің Тімтүір ауылында 2007 жылғы 23 сәуірден бастап құтыру жөніндегі қолайсыз пунктінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қарасу аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (Қ.Е. Женабеков) (келісім бойынша) құтыру аурушандықты алдын алу жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың әзірленген жоспарын орындалуы ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2007 жылғы 23 сәуірден бастап күшке енеді.