О порядке определения расходов на организацию и проведение торгов, связанных с приватизацией государственного имущества Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруге байланысты саудаластықты ұйымдастыру мен өткiзу шығыстарын белгiлеу тәртiбi туралы
"Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 U952721_ Заң күшi бар жарлығының 20-бабына сәйкес мемлекеттiк меншiктi жекешелендiруден бюджетке қаражаттың түсуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Жекешелендiру әзiрлеу және оны өткiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруға байланысты шығыстарды Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жекешелендiру объектiлерiн сатудан алынған қаражаттар есебiнен жүзеге асыратын болып белгiленсiн. Аталған мақсаттарға жұмсалатын қаражаттың шектi мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi тиiстi жылға арналған республикалық бюджет бекiтiлгеннен кейiн белгiлейдi.
Объектiлердi жекешелендiруге байланысты шығындарды қаржыландыруға пайдаланылатын қаражаттардың шектi мөлшерi 1996 жылға жекешелендiруден түскен нақты қаражаттардың 2 процентiнен аспайтын сомада белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруге байланысты саудаластықты өткiзу мен ұйымдастыруға арналған қаражатты пайдаланудың тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мемлекеттiк мүлiк пен акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетiн сату жөнiнде саудаластықты ұйымдастыру мен өткiзуге арналған қаражатты пайдалану Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бекiткен және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен
келiсiлген шығынның жиынтық сметасына сәйкес жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi саудаластықты
ұйымдастыру мен өткiзуге бөлiнген қаражаттың мақсатты жұмсалуына
бақылау жасауды жүзеге асырсын.
Басқа 5. Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруге байланысты
саудаластықты ұйымдастыру мен өткiзуге арналған қаражатты
пайдалану тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 22 мамырдағы
N 624 қаулысымен
Бекiтiлген
Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруге байланысты
саудаластықты ұйымдастыру мен өткiзуге арналған қаражатты
пайдалану тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруге байланысты саудаластықты ұйымдастыру мен өткiзуге арналған қаражат Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бекiткен және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген шығыстардың жиынтық сметасына сәйкес, жылға белгiленген лимит шегiнде пайдаланылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жиынтық сметаларға сүйене отырып, аумақтық комитеттердiң саудаластықты ұйымдастыру мен өткiзуге арналған шығыстарының сметаларын бекiтедi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi саудаластықты ұйымдастыру мен өткiзуге қаражат бөлу жөнiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiн, сондай-ақ аумақтық комитеттер - жергiлiктi финанс органдарын, салық инспекцияларын және Ұлттық Банктiң қызмет көрсететiн мекемелерiн хабардар етедi.
Тармақ 5
5. Ұлттық Банк мекемесiнiң 609-шотында қаражат болған жағдайда шығыстар жұмсауға рұқсат бередi, сыртқы бетiне белгi соғады және жиынтық қалдықтарын шығарады. Жалақы саудаластықты өткiзуге жұмсалған шығыстар сомасы шегiнде төленедi. Қазақстан
Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен
аумақтық комитеттерге 609-шоттан саудаластықты ұйымдастыру мен
өткiзуге жарты айлық шығын мөлшерiнде қаражат брондауға рұқсат
етiледi.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi мен аумақтық комитеттерге:
жарнамаға, хабарландыруға, ақпараттық хабарларға;
iссапарлық шығыстарға;
көлiк шығыстарына;
қалааралық сөйлесулерге;
кеңселiк шығыстарға;
материалдарды басуға және көбейтуге;
аукциондар өткiзу үшiн үй-жайларды жалдауға;
аукциондар өткiзу үшiн аукционшының көрсететiн қызметтерiне;
жекешелендiру процесiн ұйымдастыруға тартылған делдалдың көрсеткен қызметiне төлеуге бөлiнген қаражатты пайдалануға құқық берiледi;
Тармақ 7
7. Саудаластықты ұйымдастыру мен өткiзуге арналған қаражат Қазақстан Республикасы Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң және оның аумақтық органдарының жеке мұқтаждарына пайдаланылмауға тиiс.
Саудаластықты ұйымдастыру мен өткiзуге көзделген қаражаттардың басқа мақсаттарға пайдаланылған фактiлерi анықталған жағдайда, орынсыз жұмсалған сома Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның аумақтық комитеттерiнiң бюджеттiк қаржыландыру қаражаты есебiнен орнын толтыруға жатады.
Қаражаттың саудаластықты ұйымдастыру мен өткiзуге нақты жұмсалғаны туралы мәлiмет тоқсан сайын, келесi есептi тоқсан айының 28-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсынылады.