Аудандық бюджеттік қызметкерлеріне пошта байланыс торабы арқылы еңбекақы төлегені үшін делдалдық сыйақы туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудандық бюджеттік қызметкерлеріне пошта байланыс торабы арқылы еңбекақы төлегені үшін делдалдық сыйақы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес қарап және талқылап аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауданның елді мекендеріндегі бюджет саласының қызметкерлеріне «Казпошта» АҚ Май аудандық пошта байланыс торабы арқылы еңбекақы төлеу үшін аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге аудан бойынша 1,0 пайыз мөлшерінде делдалдық сыйақы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Май аудандық мәслихаттың /III сайланған XXY сессиясы/ 2006 жылғы 13 наурыздағы «Аудандық бюджеттік қызметкерлеріне еңбекақы төлегені үшін делдалдық сыйақы мөлшерін бекіту туралы» № 8/35 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау мен бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік жағынан қорғау, мәдениет және спорт жөніндегі комиссиясына жүкт елсін.