Қолданыстағы ред. 16.05.2007

Уәлиханов ауданының мекемелерінде ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы от 16.05.2007 г. № 90 (Уәлиханов ауданының мекемелерінде ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы)

0

Уәлиханов ауданының мекемелерінде ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы №149-ІІ Заңының 20 бабы, 7 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 каулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы Ережесіне», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашасындағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы «Мемлекеттік қызметшілер емес мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлерінің еңбек ақы төлемдерінің жүйесі туралы» №41 қаулысына қосымшалар мен өзгертулер енгізу туралы» №1156 қаулысына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі № 38 «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру, жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктіліктерін көтеру және кайта даярлау жөніндегі Ережені бекіту туралы» (әділет органдарында мемлекеттік тіркелу № 398, 2001 жылғы 30 маусымдағы, «Северный Казахстан» 2001 жылғы 7 тамызы) каулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыс түрлері бойынша еңбекке ақы төлеу мөлшері, жұмыс көлемі мен түрлері, мекемелер мен ұйымдардың тізімі бекітілсін.

2

2. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.Р.Ахметова) аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға ескерілген қаржы шегінде бекітілген тізімге орай жұмыссыз азаматтарды жұмысқа жолдауын жүргізетін болсын.

3

3. «Уәлиханов аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (К.Б. Көрпебаева) қоғамдық жұмыстармен шұғылданатын жұмыссыздардың еңбегінің төлеміне қаржыландыруды дер уақытында өткізуді қамтамасыз етсін.

4

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.М. Бейсембинге жүктелсін.

5

5. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
Б.Ахметов
Уәлиханов аудандық қаржы
бөлімінің бастығы
К.Көрпибаева
Аудан әкімінің құқықтық
сұрақтар жөніндегі кеңесшісі Л.Әутәліпова

6. Қоғамдық жұмыс түрлері, еңбекке ақы төлеу мөлшері, көлемі және мекемелер мен ұйымдардың тізімі

Аудан әкімдігінің 2007
жылғы «16» мамыр
№ 90 қаулысына
қосымша
Қоғамдық жұмыс түрлері, еңбекке ақы төлеу мөлшері, көлемі және мекемелер мен ұйымдардың тізімі
Қоғамдық жұмыс түрлері
Кәсіпорындар атаулары
Жұмыс орны
Уақыт мерзімі
Тарифтік
коэффициенті
1. Суландыру жұмыстарын, сондай-ақ көктемгі-күзгі су тасқындарына байланысты жұмыстар жүргізу
Селолық округтері әкімдерінің аппараттары
5
наурыз -мамыр, қыркүйек -қараша
1,59
2. Тұрғын үйлердің құрылысына, қайта құрылуына, жөндеуге қатысу. Коммуналдық меншіктегі, селолық округтер әкімдерінің және басқа да бюджеттік ұйымдардың аппараттары үшін жалға алынған үйлерді, әлеуметтік, мәдени мәндегі (мәдениет үйлері, денсаулық сақтау объектілері ауруханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер) және білім беру жүйесінің объектілерін қысқы маусымға дайындауға көмектесу, жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу, егер де осы мақсатқа жергілікті бюджеттен қаржы бөлінбесе немесе объектілерді тиісті дәрежеде ұстап тұруға жеткіліксіз бөлінсе
Селолық округтері әкімдерінің аппараттары
10
Жыл бойы
1,59-1,70
3. Аумақты экологиялық сауықтыруға (көғалдандыру, абаттандыру, көріктендіру (ағаш отырғызып, орман, саябақ, демалыс өңірлерің және туризм аймақтарын дамытуға, қанғыбас иттерді аулауға қатысу
Селолық округтері әкімдерінің аппараттар
25
Жыл бойы
1,59
4. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарды жүргізуге қатысу (қоғам пікірін сұрау - сауалнама, халық санағы, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша статистикалық зерттеу)
Селолық округтері әкімдерінің аппараттары
10
Жыл бойы
1,43
5. Тұрғындардың аз қамтамасыз етілген жіктеріне, топтарына және жалғыз басты қарияларға, жаңадан келген оралмандарға, сондай - ақ коммуналдық меншіктегі кәсіпорындарға және әлеуметтік - мәдени тұрмыстық объектілеріне отындық ағаш, мал азығын дайындауға, көмір жеткізіп беріп, түсіруге көмектесу
Селолық округтері әкімдерінің аппараттары
10
Жыл бойы
1,49
6. Үй шаруашылығы санағына және шаруашылық кітабын толтыруға көмек көрсету
Селолық округтері әкімдерінің аппараттары
10
Жыл бойы
1,43
7. Жол құрылысы және жөндеу, су жүйесін, қайрақ тастар және жол жиегі тастарын төсеу, сондай - ақ осы жұмыстар үшін қажетті материалдар және қосалқы материалдарды дайындау.
Елді мекендерде жолдарға ағымдық жөндеу жұмыстары
Селолық округтері әкімдерінің аппараттары
10
Жыл бойы
1,59
8. Тұрғылықты орны бойьшша тұрғындарды құжаттандыру мен тіркеуге техникалық қызмет көрсету
Селолық округтері әкімдерінің аппараттары
10
Жыл бойы
1,43
9. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көмек көрсету
Селолық округтері әкімдерінің аппараттар
5
Жыл бойы
1,43
10. Құжаттарды баптауға және сақтауға көмек көрсету
Селолық округтері экімдерінің аппараттар
5
Жыл бойы
1,43
11. Қамту сұрақтар бойынша және мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау үшін қажетті мәліметтерді даярлауға көмек көрсету
Селолық округтері әкімдерінің аппараттары
10
Жыл бойы
1,43
12. Мүлікті жария ету жөнінде құжаттарды дайындау барысында көмек көрсету
Селолық округтері әкімдерінің аппараттары
10
1 қарашаға дейін
1,43
13. Қолдан ұрықтандыру пункттерін ұйымдастыру жұмыстарына уақытша көмек көрсету
Селольщ округтері әкімдерінің аппараттары
5
1 қыркүйекке дейін
1,43
14. Маңызды әлеуметтік - мәдени мәндегі объектілерді, сондай - ақ аудан әкімдігінің коммуналдық меншігіндегі бос тұрған ғимараттарды күзету
Селолық округтері әкімдерінің аппараттары
5
Жыл бойынша
1,49
15. Балалар - жасөспірімдер клубтары арқылы балалардың, жасөспірімдердің, жастардың демалысын ұйымдастыру жөнінде (мерекелік және мерейтойлық күндерге әзірлік) бірреттік жұмыстар жүргізу
Селольщ
округтері
әкімдерінің аппараттары
5
Жыл бойы
1,68
16. Саябақтар мен бау-бақшаларды көріктендіру және қорғау (жеке меншік объектілерінен басқа)
Селолық округтері әкімдерінің аппараттары
5
Жыл бойы
1,49
17. Зираттарды абаттандыру, көң - қоқыс төгетін орындарды жинастыру, соның ішінде қалдықтарды жинауды ұйымдастыру
Селолық округтері әкімдерінің аппараттары
5
Жыл бойынша
1,59
18. Оралмандарды қабылдау мен жайғастыру жөніндегі тапсырмаларды орындау
Селолық округтері әкімдерінің аппараттары
2
Жыл бойы
1,43
19. Шалғайдағы елді мекендерде тұратын тұрғындарды құжаттандыру жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарына уақытша көмек көрсету
Селолық округтері әкімдерінің аппараттары
5
Жыл бойы
1,43
20. Мемлекеттік мерекелерге арналған спорттык шараларды, мерей - той салтанаты мен шараларды әзірлеуге, мұның ішінде мұз қалашықтарын салуда қосалқы жұмыстарды атқаруға қатысу
Селолық округтері әкімдерінің аппараттары
5
Жыл бойы
1,59
21. Сырқат жалғыз басты қарт адамдарға күтім жасау (азық - түлік сатып әперу, үй - жайды жиыстыру және т.б.)
Селолық округгері әкімдерінің аппараттары
5
Жыл бойы
1,43
22. Селолық елді мекендерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарына жасақшыларына көмек көрсетуге қатысу
Селолық округтері әкімдерінің аппараттары
10
Жыл бойы
1,43
23. Елді мекендер аумағын жинастырып, үлгілі тәртіпке келтіру жөнінде тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмектесу
«Қызылту қызмет» МКК
10
Жыл бойы
1,49
24. Тарихи - сәулет ескерткіштерді, кешендерді және қорықтық аймақтарды қалпына келтіру
Селолық округтері әкімдерінің аппараттары
5
Жыл бойы
1,59
25. Сенім пунктерінде, есерткі сату және тұтыну болжамды орындарында жұмыс жүргізу
Селолық округтері әкімдерінің аппараттары
5
Жыл бойы
1,49
26. Бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерде жылыту маусымына от жағушы ретіндегі жұмыс
Селолық округтері әкімдерінің аппараттары
5
Жыл бойы
1,49
27. Иесіз қалған жылжымайтын мүліктерді анықтауға көмек көрсету
Селолық округтері әкімдерінің аппараттары
5
Жыл бойы
1,59
Барлығы
202