Мақаш ауылдық округіндегі «Мақаш базасы» аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы Қолданыста
Басқа 0
Мақаш ауылдық округіндегі
«Мақаш базасы» аумағында құтыру ауруына шектеу
іс-шараларын жариялау туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағы 9 тармақшасын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылғы Министірлігінің, Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының 2007 жылғы 26 сәуірдегі №120 ұсынысы негізінде,аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау облыстық ветеринариялық зертханасының 2007 жылғы 26 сәуірдегі № 19 сараптамасы бойынша,Мақаш ауылдық округінің «Мақаш базасы» аумағында өлген мысық құтыру ауруына оң реакция беруіне байланысты «Мақаш базасы» аумағында шектеу іс-шаралары жариялансын.
Тармақ 2
2. Мақаш ауылдық округінің «Мақаш базасы»аумағына шектеу іс шаралары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Мақаш округ әкімі Қ.Нұрлыбаевқа, Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С.Сәлімғалиев (келісім бойынша), аудан емханасының бас дәрігері А.Жанкуловқа (келісім бойынша), аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ө.Сарбасовқа (келісім бойынша) іс-шарадағы көрсетілген шараларды орындауға қамтамасыз етуге ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы іс- шарадағы көрсетілген тапсармалардың орындалысын апта сайын аудандық ауылшаруашылық бөліміне тапсыруды ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне еніп, алғаш ресми жариялағаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары,әкімият мүшесі Қ.Садиховқа жүктелсін.
Келісілді:
Жанкулов А.
Аудандық емханасының
бас дәрігері;
Сарбасов Ө.
Аудандық ішкі істер
бөлімінің
бастығы;
Сәлімғалиев С.
Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы Министрлігінің
Атырау Облысы Құрманғазы
аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
Тарау 7
Басқа 8
Мақаш ауылдық округі бойынша жұқпалы ауруының
тарап кетуін болырмау іс-шаралары
№
Атқарылатын шаралардың
мазмұны
Орындау
мерзімі
Орындалуына
жауапты адамдар
1
Құтыру ауруы белгісі білінген
малдарды,хайуандарды өртеп
көмдіру,орнын залалсыздандыру,
тексеру үшін зертханаға
материалдарды жіберуді
ұйымдастыру.
Тұрақты
ҚР-сы ауыл шаруашылығы Министрлігінің,
Атырау Облысы Құрманғазы
аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
С.Сәлімғалиев
2
Ауырған хайуанмен қатынасы бар
адамдарды дәрігерлік тексеруден
өткізу ұйымдастыру
Тұрақты
Аудандық
емхананың
бас дәрігері
А.Жанкулов
3
Елді мекендердегі жеке
Қожалықтардың малдарын, ит,
мысықтарын құтыру ауруына
қарсы егістен өткізуді
ұйымдастыру.
Тұрақты
ҚР-сы ауыл шаруашылығы Министрлігінің,
Атырау Облысы Құрманғазы
аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
С.Сәлімғалиев
4
Бірлескен түрде ауру ошағынан
мал және мал өнімдерін шығаруға
қатаң тыйым салу.
Тұрақты
ҚР-сы ауыл шаруашылығы Министрлігінің,
Атырау Облысы Құрманғазы
аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
С.Сәлімғалиев
аудандық ішкі істер
бөлімі Ө.Сарбасов, округ әкімі