Положение Об использовании залога таможенными органами Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Кеден органдарының кепiлдiк пайдалануы туралы Ереже 📌 Ескерту. Күші жойылды - Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 16 ақпандағы N 166 бұйрығымен. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Заң күшi бар Жарлығын орындау мақсатында бұйрық етемiн:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы кеден органдарының кепiлдiк пайдалануы туралы" Ереже мынадай мақсаттарда бекiтiлсiн: - кеден баж салығын төлеу бойынша бөлiп төлеу немесе мерзiмiн ұзарту ұсынылған жағдайда оның төленуiн қамтамасыз ету; - кеден төлемдерiн төлеудi қамтамасыз етудi көздейтiн кеден режимiн пайдалану кезiнде осы төлемдердiң төленуiн қамтамасыз ету; - кеден ережелерi бұзылған жағдайда айыппұл немесе тауарлар мен көлiк құралдарының құнын өндiрiп алуды қамтамасыз ету;
Тармақ 2
2. Облыстық кеден басқармаларының және кедендердiң бастықтарына: - Ережеге сәйкес жұмыс 1995 жылдың 1 қазанынан бастап ұйымдастырылсын; - осы Бұйрықтың күшi барлық құрылымдық бөлiмшелерге жеткiзiлсiн.
Тармақ 3. Қазақстан Республикасы Кеден органдарының кепiлдiк пайдалануы туралы Ереже
3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары Р.К.Куватовқа жүктелсiн. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 31 тамыздағы N 95-П бұйрығымен бекiтiлдi Қазақстан Республикасы Кеден органдарының кепiлдiк пайдалануы туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Осы ереже мынадай мақсаттармен дайындалды:
Тармақша а
а) кеден баж салығын төлеу бойынша бөлiп төлеу немесе мерзiмi ұзарту ұсынылған жағдайда оның төленуiн қамтамасыз ету;
Тармақша б
б) кеден төлемдерiн төлеудi қамтамасыз етудi көздейтiн кеден режимiн пайдалану кезiнде осы төлемдердiң төленуiн қамтамасыз ету;
Тармақша в
в) кеден ережелерi бұзылған жағдайда айыппұл немесе тауарлар мен көлiк құралдарының құнын өндiрiп алуды қамтамасыз ету;
Тармақ 1.2
1.2. Осы Ережеге сәйкес кепiлдiк мәнi тауарлар мен көлiк құралдары бола алады. Ережедегi "тауар" дегенiмiз - материалдық дүниенiң кез келген қозғалатын заты, соның iшiнде валюта мен валюталық құндылықтар. Кеден органдары мыналарды кепiлдiктiң мәнi ретiнде қабылдамайды: - электр, жылу және энергияның басқа түрлерiн; - кәсiпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, жер учаскелерiн космос объектiлерiн; - басқа мiндеттеменi қамтамасыз ету үшiн кепiлдiкке берiлiп қойған тауарлар немесе үшiншi бiр адамның пайдасына бұдан бұрынғы мiндеттемелер жүктелген тауарлар; - Қазақстан Республикасына әкелуге, Қазақстан Республикасынан шығаруға тыйым салынған тауарлар мен көлiк құралдары; - Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрған тауарлар; - Кеден органдарының сату мүмкiндiгi шектеулi тауарлар мен көлiк құралдары; - қайта өңдеудiң кеден режимiне қойылған тауарлар мен көлiк құралдарын қоспағанда, айналымдағы және қайта өңдеудегi тауарлар мен көлiк құралдары; - тез бұзылатын тауарлар; - олардың тұрған жерiн үнемi бақылауды нақты кеден органы қамтамасыз ете алмайтын заттар; - сатылу тәртiбiн, келешекте енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтыруларға қоса, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылдың 19 қаңтарындағы N 66 қаулысы белгiлейтiн тауарлар. Айрықша жағдайларда, орталық кеден органының келiсуi бойынша кеден органдары алдындағы мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз етудiң басқа мүмкiндiктерi болмағанда, азаматтық ауа, теңiз және өзен көлiктерiн, темiр жолдарын жылжымалы составын кепiлдiк мәнi ретiнде қабылдауға жол берiледi. Сертификат беруге немесе басқа мемлекеттiк органдардың бақылауына жататын, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлiп отырған тауарлар мен көлiк құралдары сертификаты болған жағдайда немесе ветеринарлық, фитосанитарлық, экологиялық және мемлекеттiк бақылаудың басқа түрлерiнен өткен жағдайда кепiлдiк мәнi бола алады. Жеке сипаттағы талаптар, кепiлдiкке берiлуiне заңмен тыйым салынған басқа талаптар, сондай-ақ Кепiлдiк берушi өз иелiгiнен ала алмайтын мүлiк (атап айтқанда, ортақ меншiктегi мүлiк барлық меншiк иелерiнiң келiсiмiнсiз және т.б.) кепiлдiк мәнi бола алмайды.
Тармақ 1.3
1.3. Еркiн (рыноктық) бағасы төленуге тиiс мына сомалардан төмен емес тауарлар мен көлiк құралдары кеден төлемдерiнiң төленуiн қамтамасыз ететiн кепiлдiктiң мәнi бола алады: - кеден баж салығы, қосылған құнға салық, акциз, алынуы кеден органына жүктелген басқа салықтар; - кеден құжаттарын толтыру үшiн кеден алымдары; - тауарларды сақтау және (немесе) тауарларды кедендiк алып жүру үшiн кеден алымдарының ең жоғары сомасы (егер бұндай сақтау және (немесе) алып жүру орын алған болса немесе орын алып отырса); - қайта қаржыландырудың Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлейтiн ресми мөлшерi бойынша көрсетiлген соманың проценттер; - кеден органдары алдында мiндеттемелердi орындамау орын алмаған және одан соңғы сатуға байланысты кепiлдiк мәнiн ұстау жөнiндегi шығындар мен оны мемлекет меншiгiне айналдыру жөнiндегi шығындардың орнын толтыруға тауарлар мен көлiк құралдары құнының ________процентi.
Тармақ 1.4
1.4. Қайта өңдеудiң кеден режимiне қойылған тауарлар мен көлiк құралдарының кепiлдiкке берiлуiн қоспағанда, кепiлдiк мәнiн ауыстыруға тек кеден органының келiсiмiмен жол берiледi. Аталған тауарлар мен көлiк құралдарын ауыстыру осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Кепiлдiк берушi
2. Кепiлдiк берушi
Тармақ 2.1
2.1. Кепiлдiк берушi: - борышқордың өзi немесе үшiншi бiр адам; - тауардың меншiк иесi немесе, егер заң актiлерiнде басқадай көзделмесе, оның келiсiмi бойынша тауарға шаруашылық басқару құқығы бар адам бола алады;
Тармақ 2.2
2.2. Кепiлдiк берушi кепiлдiк мәнiнiң кепiлдiкке берiлу заңдылығы үшiн жауап бередi.
Тарау 3. 3. Кепiлдiк туралы шарт
3. Кепiлдiк туралы шарт
Тармақ 3.1
3.1. Кеден органы мен Кепiлдiк берушi арасындағы кепiлдiк қатынастарын осы Ережеге сәйкес жасалатын кепiлдiк туралы шарт белгiлейдi.
Тармақ 3.2
3.2. Кепiлдiк туралы шартта мiндеттi түрде кепiлдiктiң мәнi мен оның құны, кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мәнi мен орындалу мерзiмi, сондай-ақ кепiлдiкке берiлген мүлiк тараптардың қайсысында екендiгi және оны пайдалану мүмкiндiгi көрсетiлуi тиiс.
Тармақ 3.3
3.3. Кепiлдiк туралы шартта жазбаша түрде жасалады.
Тармақ 3.4
3.4. 3.2. және 3.3. тармақтарда жазылған ережелердi қадағаламау кепiлдiк туралы шарт күшiнiң жойылуына әкеледi. Кепiлдiк туралы Үлгi шарттардың формалары N 1 Қосымшада көрсетiлген (А, Б, В, Г формалары). Егер Кепiлдiк берушi жеке адам болса, шартта Кепiлдiк берушiнiң мәртебесiнен туындайтын ерекшелiктер көрсетiледi (есеп айырысу есепшотының, мөрiнiң жоқ екендiгi және т.б.).
Тармақ 3.5
3.5. Кепiлдiк туралы шарт жасасқан кезде Кепiлдiк берушi Кеден органының келiсiмiмен, егер ол кепiлдiк мiндеттемелерiнiң орындалу мерзiмi келген сәтте оларды орындамаса, Кепiлдiк берушi тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне қоятындығын анықтауға құқылы. Аталған жағдайда бұндай мерзiм келген сәтте кепiлдiк құқығы тоқтатылады. Кепiлдiк берушiнiң шартта көрсетiлген бұндай мәлiмдемесi ресми мәлiмдеудiң қарапайым түрi болып табылады. Бұл жағдайда мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiн мәлiмдеуге байланысты Кепiлдiк берушiнiң кеден жүк декларациясын толтыруы талап етiлмейдi. Кепiлдiк туралы бұндай шартты кеден органының жасауы бұл органның тауарлар мен көлiк құралдарының мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режимiне қойылуына рұқсат беруi ретiнде қаралады.
Тармақ 3.6
3.6. Кеден органы атынан кепiлдiк туралы шартқа, қаржы құжаттарына қол қоюдың бекiтiлген ережелерiне сәйкес, бастық және оның орынбасары, сондай-ақ бас (аға) бухгалтер қол қояды.
Тармақ 3.7
3.7. Қайта өңдеудiң кедендiк режимiне қойылған тауарлар мен көлiк құралдарын ауыстыру жағдайларын қоспағанда, кепiлдiк мәнiн ауыстыру кепiлдiк шартына толықтыру жасаумен дайындалады.
Тарау 4. 4. Кепiлдiктi тiркеу
4. Кепiлдiктi тiркеу
Тармақ 4.1
4.1. Мемлекеттiк тiркеуге жататын тауарлар мен көлiк құралдарының кепiлдiгi аталған тауар мен көлiк құралдарын тiркеудi жүзеге асыратын органда тiркелуi тиiс. Бұл жағдайда кепiлдiк туралы шарт ол тiркелген сәттен бастап жасалды деп есептеледi. Кепiлдiктi тiркеудi Кепiлдiк берушi өз есебiнен қамтамасыз етедi.
Тармақ 4.2
4.2. Кеден органы кепiлдiк туралы жасалған шарттардың тiзiмiн жүргiзедi (N 2 Қосымша).
Тармақ 4.3
4.3. Кепiлдiкпен қамтамасыз қарыз талабының сипаты мен мазмұны өзгерген кезде қосымша тiркеу жасалады.
Тарау 5. 5. Кепiлдiк берушi мен кеден органы арасындағы өзара қатынастар
5. Кепiлдiк берушi мен кеден органы арасындағы өзара қатынастар
Тармақ 5.1
5.1. Егер кеден органы басқа шешiм қабылдамаса, кепiлдiк кезiнде кепiлдiк берушiде қалады.
Тармақ 5.2
5.2. Кепiлдiк мәнiнiң Кепiлдiк берушiде немесе кеден органында қалатындығына қарамастан, Кепiлдiк берушi жоғалтудан, жетiспеушiлiктен немесе апат не жеңуге болмайтын белгiсiз күштiң әсерiнен кепiлдiк мәнiне нұқсан келтiруден, басқа мемлекеттiк органдардың кепiлдiк берушiнiң шаруашылық қызметiн тоқтататын, не оған кедергi болатын, немесе оған терiс әсерiн тигiзетiн (кепiлдiк мәнiн тәркiлеу, реквизициялау және т.б.) әрекет етуi мен акт қабылдауынан, сондай-ақ тартудан немесе қабiлетсiз деп танудан не өзiнiң қабiлетсiздiгi туралы хабарлаудан кепiлдiкке алынған кепiлдiк мәнiн оның құнына өз есебiнен сақтандыруға мiндеттi.
Тармақ 5.3
5.3. Кепiлдiк берушiнiң кеден органының келiсiмiнсiз кепiлдiк мәнiне иелiк етуге құқы жоқ.
Тармақ 5.4
5.4. Егер оған кепiлдiк туралы бұрынғы шарттарға тыйым салынбаса, тауарлар мен көлiк құралдарының одан соңғы кепiлдiгiне (кепiлдiкке қайта берiлуiне) жол берiледi.
Тармақ 5.5
5.5. Кепiлдiк берушi әрбiр келесi Кепiлдiк ұстаушыға аталған мүлiктiң барлық кепiлдiктерi туралы мәлiметтердi хабарлауға мiндеттi және ол осы мiндеттiң орындалмау себебiнен кепiлдiк ұстаушыға келтiрiлген шығындар үшiн жауап бередi.
Тармақ 5.6
5.6. Кепiлдiк мәнiн Кепiлдiк берушiде қалдыру кепiлдiгi кезiнде қайта өңдеудiң кеден режимiне қойылған кепiлдiк мәнiн иелiкке немесе пайдалануға берудi қоспағанда, кепiлдiк мәнiн сатуға басқалай айыруға, жалға беруге және иелену мен пайдалануға үшiншi бiр адамға берудiң басқа түрлерiне жол берiлмейдi.
Тармақ 5.7
5.7. Кепiлдiк мәнiн Кепiлдiк берушiде қалдыру кепiлдiгi кезiнде кеден органы мыналарға құқылы:
Тармақша а
а) кепiлдiк мәнiнiң бар екендiгiн, мөлшерiн, жағдайын және сақталу жағдайларын тексеруге;
Тармақша б
б) кепiлдiк берушiден кепiлдiк мәнiн сақтауға қажеттi шаралар қабылдауды талап етуге. Кепiлдiк берушi бұндай шараларды қабылдауға мiндеттi;
Тармақша в
в) кез келген адамнан кепiлдiк мәнiнiң жоғалуына немесе оған нұқсан келтiруге соқтыратын қол сұғушылықты тоқтатуды талап етуге.
Тармақ 5.8
5.8. Кеден құжаттарын толтыратын кеден органы лауазымды адамдарының пiкiрi бойынша кеден төлемдерiнiң немесе басқа да тиiстi сомалардың төленуiне жеткiлiктi кепiл бермейтiн жағдайлар болған кезде, кеден органы, әдетте, кепiлдiк мәнiн өзiнде қалдыру шартын жасау туралы шешiм қабылдайды. Аталған жағдайда тек Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар ғана кепiлдiк мәнi бола алады. Кепiлдiк мәнi құрылтайшысы кеден органы болып табылатын уақытша сақтау қоймасына қойылады немесе қалады, не кеден органының қоймасына қойылады, немесе құрылтайшысы кеден органы болып табылатын кеден қоймасына сақтауға қойылады.
Тармақ 5.9
5.9. Кепiлдiк мәнiн өзiнде қалдырған кезде кеден органы кепiлдiк мәнiн сақтандыруды жүзеге асырмайды, оны пайдаланбайды, сондай-ақ кепiлдiк берушi мүдделерi үшiн кепiлдiк мәнiнен кiрiс және басқа мүлiктiк пайдалар таппайды. Бұндай жағдайда кепiлдiк мәнiн өзiнде қалдырғанда кеден органы мыналарға мiндеттi: - кепiлдiк мәнiн сақтау үшiн қажеттi шаралар қабылдауға; - кепiлдiк мәнiн жоғалту немесе оған нұқсан келтiру қаупi туғандығы туралы кепiлдiк берушiге хабарлауға; - кепiлдiк қамтамасыз еткен мiндеттеменi Кепiлдiк берушi орындаған соң (ал кеден төлемдерiнiң төленуi қамтамасыз етiлген кезде - немесе үшiншi бiр адам) немесе айыппұл не тауарлар мен көлiк құралдарының құнын өндiрiп алуды қамтамасыз ететiн кепiлдiктiң негiзсiздiгi анықталған жағдайда, Кепiлдiк берушiге кепiлдiк мәнiн алып кету мүмкiндiгiн, беруге; - егер Кепiлдiк берушi кепiлдiк мәнiн көрсетiлген мерзiм iшiнде алып кетсе, кепiлдiк қажеттiлiгi аяқталған соң бес күндiк мерзiмнен кешiктiрмей Кепiлдiк берушiге кепiлдiк мәнiн алып кету қажеттiлiгi туралы жазбаша түрде хабарлауға;
Тармақ 5.10
5.10. Егер кепiлдiк мәнi ретiнде кепiлдiк ұстаушыға берiлген тауарлар мен көлiк құралдарын Кепiлдiк берушi оған тиiстi хабарлау жiберiлген күннен бастап екi ай iшiнде талап етпесе, кеден органы бұндай тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау қоймасына қояды. Бұл жағдайда, уақытша сақтаудың мерзiмi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығына сәйкес белгiленедi.
Тармақ 5.11
5.11. Осы Ереженiң 5.8. тармағында көрсетiлген қоймаларға қою мүмкiндiгi болмаған жағдайда, кепiлдiк мәнi кеден органының құлпы, пломбасы және мөрiмен Кепiлдiк берушiде қалдырылады (тұрақты кепiлдiк). Пломба мен мөр кедендік сәйкестендiрудiң құралы болып табылады, оларға қатынас пен олармен жұмыс жасауды Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының ережелерi реттейдi.
Тармақ 5.12
5.12. Кепiлдiк ұстаушының кеден органдары алдындағы өз мiндеттемелерiн орындау мерзiмi осыған сәйкес кеден төлемдерiнiң төленуiн ұзарту мерзiмiнен, кеден режимiнiң аяқталуының немесе айыппұл сомасын не тауарлар мен көлiк құралдарының құнын төлеу мерзiмi басталуының шектi мерзiмiнен аспауға тиiс. Егер кепiлдiк мәнi кеден төлемдерiнiң төленуiн де, айыппұл сомасын немесе тауарлар мен көлiк құралдарының құнын да қамтамасыз етсе, онда кепiлдiк берушi кеден органдары алдындағы өзiнiң барлық мiндеттемелерiн толық орындағанға дейiн кепiлдiк өзiнiң бастапқы көлемiнде сақталады.
Тармақ 5.13
5.13. Кеден органдары алдындағы мiндеттемелердiң орындалу мерзiмi келген сәтте, егер бұл мiндеттемелер орындалмаса, кеден органы кепiлдiк мәнiнен ақы өндiрiп алу құқығына ие болады.
Тарау 6. 6. Кепiлдiк мәнiнен ақы өндiрiп алу
6. Кепiлдiк мәнiнен ақы өндiрiп алу
Тармақ 6.1
6.1. Кепiлдiк мәнiн өзiнде қалдыратын Кепiлдiк ұстаушы осы Ереженiң
Тармақ 5.2
5.2. тармағы мен 5.7. тармағының "б" тармақшасында көзделген мiндеттемелердi бұзған жағдайда, кеден органдары кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындалу мерзiмi басталғанға дейiн кепiлдiк мәнiнен ақы өндiрiп алуға құқылы.
Тармақ 6.2
6.2. Егер кеден органының кiнәсi болмай, кепiлдiк мәнiн кепiлдiк ұстаушыда қалдыру кепiлдiгi кезiнде кепiлдiк мәнi жоғалса, және Кепiлдiк ұстаушы оны қалпына келтiрмесе немесе кеден органының келiсiмi бойынша оны бағасы тең басқа затпен ауыстырмаса, кеден органы кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мерзiмiнен бұрын орындалуын талап етуге құқылы.
Тармақ 6.3
6.3. Кеден органының айыбы болмай, кепiлдiк мәнiн жоғалту, жеткiлiксiз болу немесе нұқсан келтiрудiң iс жүзiндегi қаупi туса, кеден органы кепiлдiк мәнiн ауыстыруды талап етуге құқылы, ал бұл талапты орындаудан бас тартылған жағдайда кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалу мерзiмi басталғанға дейiн кепiлдiк мәнiнен ақы өндiруге құқылы.
Тармақ 6.4
6.4. Егер Кепiлдiк берушi шартта мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режимiне тауарлар мен көлiк құралдарын қою туралы мәлiмдесе (осы Ереженiң 3.5. тармағы), онда бұндай шарттық мiндеттеме осы Ереженiң 6.1. тармағында көзделген жағдайда күшiне енедi, яғни кеден органы кепiлдiк мәнiн сақтандыру немесе сақтау мiндетiнiң орындамағандығын анықтаған сәтте, ал осы Ереженiң 6.2., 6.3. тармақтарында көзделген жағдайларда - кеден органының кепiлдiк мәнiн қалпына келтiру немесе ауыстыру туралы жазбаша талабы алынған күннен бастап үш күн өткен соң күшiне енедi.
Тармақ 6.5
6.5. Кепiлдiк мәнiнен ақы өндiрiп алу (яғни, егер Кепiлдiк берушi тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режимiне қоймаған жағдайда, кеден органының кепiлдiк мәнiне құқығын жүзеге асыру) соттық, төрелiк, аралық соттың шешiмi бойынша жасалады.
Тармақ 6.6
6.6. Бас тартудың кеден режимiне қойылған жағдайда, кепiлдiк мәнiн есепке алу мен бағалау, бағалаушы - маман (сарапшы) шақырып бағалау комиссиясын құратын кеден органдарына жүктеледi.
Тармақ 6.7
6.7. Жасалған кепiлдiк мәнiн бағалау туралы кепiлдiк мәнiнiң тiзiмiн жасау мен оны бағалау актiсi үш данада жасалады және оны тиiстi кеден органының басшылығы бекiтедi.
Тармақ 6.8
6.8. Кепiлдiк туралы шартпен және өзге заң актiлерiмен көзделген жағдайларда, Кепiлдiк ұстаушы соттан тыс күштеу тәртiбiнде сауда (кеден аукционы) өткiзу жолымен кепiлдiкке тұрған мүлiктi өз бетiнше сатуға құқылы.
Тармақ 6.9
6.9. Ақы өндiрiп алынатын кепiлдiк мәнiн сатудан түскен сома кеден органдары алдындағы осы кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер мөлшерiнен асып түссе, айырма Кепiлдiк берушiге қайтарылады. Сатылған күннен кейiнгi үш жыл iшiнде талап етiлмеген сомалар республикалық бюджет кiрiсiне енгiзуге жатады. Егер бұндай сома жеткiлiксiз болып табылса, онда жетпеген сомалар Кепiлдiк берушiнiң басқа мүлкiнен өндiрiп алынады.
Тармақ 6.10
6.10. Тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режимiне қоюға кеден органы рұқсатының күшiне ену мерзiмi басталған сәтке дейiн Кепiлдiк берушi кез келген уақытта кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi орындауға құқылы. Осы Ереженiң 6.5. тармағына сәйкес ақы өндiрiп алынатын кепiлдiк мәнi сатылған сәтке дейiн Кепiлдiк берушi кез келген уақытта кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындау арқылы ақы өндiрiп алуды тоқтатуға құқылы.
Тарау 7. 7. Қайта өңдеудiң кеден режимiне қойылған тауарлар мен көлiк құралдарының кепiлдiгi
7. Қайта өңдеудiң кеден режимiне қойылған тауарлар мен көлiк құралдарының кепiлдiгi
Тармақ 7.1
7.1. Қайта өңдеудiң кеден режимiне кеденнiң бақылауымен кеден аумағында қайта өңдеуге қойылған тауарлар мен көлiк құралдары кепiлдiгi кезiнде, оның жалпы құны кепiлдiк туралы шартта көрсетiлген құнынан кем болып қалмайтын болса, кепiлдiк мәнiнiң құрамы мен табиғи формасын өзгертуге жол берiледi. Қайта өңдеудiң кеден режимiне қойылған тауарлар мен көлiк құралдарының кепiлдiгi туралы шарт кепiлдiкке берiлген тауар мен көлiк құралының түрiн, оның басқа да тектiк белгiлерiн, кепiлдiк мәнiнiң жалпы құнын, оның тұрған орын, сондай-ақ кепiлдiк мәнiн ауыстырылуы мүмкiн тауарлар мен көлiк құралдарының түрлерiн белгiлеуi тиiс. Шартта тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режимiне қою туралы кепiлдiк берушiнiң мәлiмдемесi болған кезде бұл мәлiмдемесi, сондай-ақ тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне қоюға берiлген кеден органының рұқсаты кепiлдiк туралы шартты өзгерту және толықтыру жасалмай, немесе жаңа шарт жасалмай қайта өңдеу өнiмдерiне қолданылады.
Тарау 8. 8. Қорытынды ережелер
8. Қорытынды ережелер
Тармақ 8.1
8.1. Кепiлдiк мәнiнен ақы өндiрiп алу және тауарлар мен көлiк құралдарынан мемлекет пайдасына бас тарту адамды кеден ережелерiн бұзушылық үшiн жауапкершiлiктен және кеден iсi саласындағы қылмыстары үшiн қылмыстық жауапкершiлiктен босатпайды.
Тармақ 8.2
8.2. Осы Ережемен реттелмеген жайларда, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң нормалары қолданылады.
Басқа 1. Кепiлдiк мәнiн Кепiлдiк берушiде қалдыру
Қазақстан Республикасы Кеден органдарының кепiлдiк пайдалануы туралы Ережеге N 1 Қосымша А формасы Кепiлдiк мәнiн Кепiлдiк берушiде қалдыру кепiлдiгi туралы Үлгi шарт ____________________                    __________________199  ж. (жасалған орны) ________________________________________________________ұсынатын (лауазымды адамның қызметi, фамилиясы, аты, әкесiнiң аты) ________________________________________________________негiзiнде жарғылық немесе құрылтай құжаты көрсетiлсiн) қызмет ететiн, бұдан әрi Кепiлдiк берушi деп аталатын _________ ________________________________________________________________ кепiлдiк мәнiн беретiн тұлғаның толық атауы немесе фамилиясы, аты, әкесiнiң аты) және____________________________________________________ұсынатын (лауазымды адамның қызметi, фамилиясы, аты, әкесiнiң аты) осы орган туралы Ереже мен Қазақстан Республикасы кеден органдарының кепiлдiк пайдалануы туралы Ереже негiзiнде қызмет ететiн бұдан әрi Кепiлдiк ұстаушы деп аталатын ________________________________________________________________ (кеден органының атауы) төмендегi туралы осы шартты жасасты: Жалпы ережелер 1. Кепiлдiк берушi Кепiлдiк ұстаушыға кепiлдiк мәнi ретiнде _________________________________________________________________ (кепiлдiк мәнi ретiнде берiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарының _________________________________________________________________ атауы, жеке белгiлерi, саны және құны, егер қосымша болса, бұл _________________________________________________________________ туралы көрсетiлсiн) 2. Кепiлдiк мәнiмен Кепiлдiк берушiнiң мынадай сомадағы кеден баж салығын төлеу туралы мiндеттемелерi қамтамасыз етiледi _________________________________________________________________ (кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген талаптың сомасы) _________________________________________________________________ (цифрмен және жазба түрде көрсетiлсiн) 3. Кепiлдiк мәнi____________________________________________ _____________________________________________________орналасқан (кепiлдiк мәнiнiң тұрған жерi көрсетiлсiн) 4. Кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындау мерзiмi 199 ж. " "________________/___________________________ ____________________________________________________/ аяқталады
Тармақ 5. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi және Қазақстан Республикасы кеден органдарының кепiлдi пайдалануы туралы Ережеге сәйкес, кепiлдiк мәнiнiң кепiлдiкке берiлу заңдылығы үшiн Кепiлдiк берушi жауап бередi. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 6
6. Кепiлдiк берушi мыналарға мiндеттi:
Тармақша а
а) жоғалтудан, жетiспеушiлiктен немесе апат не жеңуге болмайтын белгiсiз күштiң әсерiнен кепiлдiк мәнiне нұқсан келтiруден, басқа мемлекеттiк органдардың Кепiлдiк берушiнiң шаруашылық қызметiн тоқтатып, не оған кедергi болатын, немесе оған терiс әсерiн тигiзетiн (кепiлдiк мәнiн тәркiлеу, реквизициялау және т.б. әрекет етуi мен акт қабылдауынан, сондай-ақ таратудан немесе қабiлетсiз деп танудан не өзiнiң қабiлетсiздiгi туралы хабарлаудан кепiлдiкке алынған кепiлдiк мәнiн оның толық құнына өзi есебiнен сақтандыруға;
Тармақша б
б) егер кепiлдiк мәнi көлiк құралдары болып табылса, осы шарт жасалған күннен бастап үш күн мерзiмнен кешiктiрмей өз есебiнен кепiлдiк туралы шарттың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етуге, және регистрден алынған өз есебiнен тiркеудi растайтын жазбаны Кепiлдiк ұстаушыға беруге;
Тармақша в
в) Кепiлдiк ұстаушының келiсiмiнсiз кепiлдiк мәнiне иелiк етуге;
Тармақша г
г) кепiлдiк мәнiн сатпауға, басқа жолмен айыруға және жалға берудi қосқанда, үшiншi бiр адамның иелiгiне және пайдалануына бермеуге;
Тармақша д
д) кепiлдiк мәнiне одан соңғы кепiлдiктi жүктемеуге;
Тармақша е
е) кепiлдiк мәнiн сақтауға қажеттi шаралар қолдануға;
Тармақша ж
ж) егер кепiлдiк мәнi Кепiлдiк ұстаушының айыбы болмай жоғалған болса, кепiлдiк мәнiн қалпына келтiруге немесе Кепiлдiк ұстаушының келiсiмi бойынша оны құны тепе-тең басқа затпен ауыстыруға.
Тармақ 7
7. Кепiлдiк берушi мыналарға құқылы:
Тармақша а
а) кепiлдiк мәнiмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi мерзiмiнен бұрын орындауға;
Тармақша б
б) соттың, төрелiк соттың, аралық соттың шешiмi бойынша немесе нотариуспен орындау жазбасы негiзiнде кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындау арқылы кепiлдiк мәнi сатылғанға дейiн кепiлдiк мәнiнен ақы өндiрiп алуды тоқтатуға;
Тармақ 8
8. Кепiлдiк мәнiн сатудан түскен сома осы кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген талаптардың сомасынан асып түскен жағдайда Кепiлдiк ұстаушы айырманы Кепiлдiк берушiге қайтаруға мiндеттi.
Тармақ 9
9. Кепiлдiк ұстаушы мыналарға құқылы:
Тармақша а
а) Егер кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалу мерзiмi басталған сәтте, ол орындалмаса, кепiлдiк мәнiнен ақы өндiрiп алуға;
Тармақша б
б) Кепiлдiк берушi осы шарттың 6-тармағының "а" және "е" тармақшаларында көзделген мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, кепiл мәнiнен мерзiмiнен бұрын ақы өндiрiп алуға;
Тармақша в
в) өз талаптарын iс жүзiнде қанағаттану сәтiнде анықталатын толық көлемде кепiлдiк мәнiнiң есебiнен қанағаттандыруға;
Тармақша г
г) Кепiлдiк берушi кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген барлық мiндеттемелердi толық орындағанға дейiн кепiлдiктi бастапқы көлемде сақтауға;
Тармақша д
д) ақы өндiрiп алынатын кепiлдiк мәнiн "Кеден iсi туралы" Ережелерге сәйкес сатуға;
Тармақша е
е) Кепiлдiк мәнiн сатудан түскен сомалар оның талаптарын толық қанағаттандыруға жеткiлiксiз болған жағдайда, жетпейтiн соманы "Кеден iсi туралы" Ережелерге сәйкес өндiрiп алуға;
Тармақша ж
ж) кепiлдiк мәнiнiң бар екендiгiн, мөлшерiн, жағдайын және сақталу жағдайын құжаттар бойынша және iс жүзiнде тексеруге;
Тармақша з
з) Кепiлдiк берушiден кепiлдiк мәнiн сақтауға қажеттi шаралар қабылдауды талап етуге;
Тармақша и
и) кепiлдiк мәнiн жоғалту немесе оған нұқсан келтiру қаупiн тудыратын кепiлдiк мәнiне қол сұғушылықты тоқтатуды кез келген адамнан талап етуге;
Тармақша к. Қосымша шарттар мен ережелер
к) егер кепiлдiк мәнi Кепiлдiк ұстаушының кiнәсi болмай жоғалса және Кепiлдiк берушi оны қалпына келтiрмесе немесе Кепiлдiк ұстаушының келiсiмiмен оны құны тепе-тең басқа затпен ауыстырмаса, кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мерзiмiнен бұрын орындалуын талап етуге. Қосымша шарттар мен ережелер
Тармақ 10
10. Кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеме толық көлемде немесе оның кейбiр бөлiктерi көрсетiлген мерзiмде немесе оның басталуына дейiн орындалмаған жағдайда, осы шартта көзделген жағдайларда, осыған сәйкес осы шарттың 1-тармағында көрсетiлген көлiк құралдарын немесе олардың мiндеттеменiң орындалмаған бөлiгiне тең бөлiгiн мемлекет пайдасына бас тартудан кеден режимiне қоюды өтiнемiн (Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдары кепiлдiк мәнi ретiнде берiлген кезде толтырылады).
Тармақ 11
11. Осы шарттың 1-тармағында көрсетiлген тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендiк режимiне қоюға кеден органының рұқсаты осы Шарттың 6-тармағы "а" және "е" тармақшаларында көзделген мiндеттемелер орындалмаған жағдайда өз күшiне мерзiмінен бұрын енедi, - Кепiлдiк ұстаушы осы мiндеттемелердiң орындалмағанын анықтаған сәтте, ал осы шарттың 9-тармағының "к" тармақшасында көзделген жағдайда - Кепiлдiк ұстаушының кепiлдiк мәнiн қалпына келтiру немесе ауыстыру туралы жазбаша талабы алынған күннен бастап үш күн өткен соң.
Тармақ 12
12. Кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеме мерзiмiнен бұрын орындалған жағдайда, Кепiлдiк берушiнiң осы шарттың 1-тармағында көрсетiлген тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режимiне қою туралы мәлiмдемесi күшi жойылған деп есептеледi.
Тармақ 13
13. Кепiлдiк берушiнiң осы шарттың 1-тармағында көрсетiлген тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режимiне қою туралы мәлiмдемесi айыппұл немесе тауарлар мен көлiк құралдарының құнын өндiрiп алуды қамтамасыз ететiн кепiлдiк негiзсiздiгi анықталған кезде күшi жойылған деп есептеледi.
Тармақ 14
14. Осы шарттың 1-тармағында көрсетiлген тауарлар мен көлiк құралдары немесе олардың бiр бөлiгi мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режимiне қойылған жағдайда, сатудан түскен және кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген талаптардың мөлшерiнен асып түсетiн сомалар айырма ретiнде Кепiлдiк берушiге қайтарылуы тиiс.
Тармақ 15
15. Кепiлдiк берушi Қазақстан Республикасы Кеден органдарының кепiлдiк пайдалануы туралы Ереженiң осы шартқа қолданылуымен келiседi.
Тармақ 16
16. Осы шарт тараптарының құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңдары бойынша белгiленедi.
Тармақ 17. Тұрақты кепiлдiк туралы
17. Осы шартпен реттелмеген жағдайларда Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң нормалары қолданылады. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен реквизиттерi Кепiлдiк ұстаушы                 Кепiлдiк берушi _________________________         _____________________________ (кеден органының атауы)            (кепiлдiк берушiнiң атауы мекен-жайы_______________         _____________________________ немесе аты, әкесiнiң аты Е/есепшоты_______________         _____________________________ _________________________         фамилиясы) Бастығы__________________         мекен-жайы___________________ _________________________         Е/есепшоты___________________ _________________________         _____________________________ (қолы) Бас (аға) бухгалтер______         Басшысы немесе басқа _________________________         өкiлеттенген адам____________ (қолы)                      _____________________________ (қолы) Кепiлдiк туралы N Шартқа өзгертулер мен толықтырулар _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Кепiлдiк ұстаушы                 Кепiлдiк берушi Бастығы__________________          Басшысы немесе басқа (қолы)                 өкiлеттенген адам__________ Бас (аға) бухгалтер______          ___________________________ _________________________          ___________________________ (қолы)                                 (қолы) Б формасы Тұрақты кепiлдiк туралы Үлгi шарт ___________________                   "  "_______________19  ж. (жасалған орны) _________________________________________________________ұсынатын (лауазымды адамның қызметi, фамилиясы, аты, әкесiнiң аты) __________________________________________негiзiнде қызмет ететiн (жарғылық немесе құрылтай құжаты көрсетiлсiн) Бұдан әрi Кепiлдiк берушi деп аталатын____________________________ ___________________________________________________________________ (кепiлдiк мәнiн беретiн адамның толық атауы немесе аты, әкесiнiң аты, фамилиясы) және _________________________________________________________ұсынатын (лауазымды адамның қызметi, фамилиясы, аты әкесiнiң аты) Осы орган туралы Ереже мен Қазақстан Республикасы Кеден органдарының кепiлдiк пайдалануы туралы Ереже негiзiнде қызмет ететiн, бұдан әрi Кепiлдiк ұстаушы деп аталатын ________________________________________________________________ (кеден органының атауы) төмендегi туралы осы Шартты жасасты: Жалпы ережелер 1. Кепiлдiк берушi Кепiлдiк ұстаушыға кепiлдiк мәнi ретiнде ________________________________________________________________ (кепiлдiк мәнi ретiнде бастапқы кезде берiлетiн тауарлар мен ________________________________________________________________ көлiк құралдарының атауы, жеке белгiлерi, саны және құны, егер ________________________________________________________________ қосымша болса, бұл көрсетiлген) 2. Кепiлдiк мәнiмен Кепiлдiк берушiнiң мынадай сомадағы кеден баж салығын төлеу туралы мiндеттемелерi қамтамасыз етiледi ______________________________________________________________ (тұрақты кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген талаптың сомасы _______________________________________________________________ цифрмен және жазба түрде көрсетiлсiн) 3. Кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалу мерзiмi 199 ж. " " __________________________________________ _____________________________________________________аяқталады 4. Кепiлдiк мәнi__________________________________________ _____________________________________________________орналасқан (кепiлдiк мәнiнiң тұрған жерi көрсетiлсiн)
Тармақ 5. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi мен Қазақстан Республикасы Кеден органдарының кепiлдiк пайдалануы туралы Ережеге сәйкес, кепiлдiк мәнiнiң тұрақты кепiлдiкке берiлу заңдылығы үшiн Кепiлдiк берушi жауап бередi. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 7
7. Кепiлдiк берушi мыналарға мiндеттi:
Тармақша а
а) жоғалтудан, жетiспеушiлiктен немесе апат не жеңуге болмайтын белгiсiз күштiң әсерiнен Кепiлдiк мәнiне нұқсан келтiруден, басқа мемлекеттiк органдардың Кепiлдiк берушiнiң шаруашылық қызметiн тоқтататын, не оған кедергi болатын, немесе оған терiс әсерiн тигiзетiн (кепiлдiк мәнiн тәркiлеу, реквизициялау және т.б.) әрекет етуi мен акт қабылдауынан, сондай-ақ таратудан немесе қабiлетсiз деп танудан не өзiнiң қабiлетсiздiгi туралы хабарлаудан кепiлдiкке алынған кепiлдiк мәнiн оның толық құнына өз есебiнен сақтандыруға;
Тармақша б
б) егер кепiлдiк мәнi көлiк құралдары болып табылса, осы шарт жасалған күннен бастап үш күн мерзiмнен кешiктiрiлмей өз есебiнен кепiлдiк туралы шарттың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етуге және реестрден алынған өз есебiнен тiркеудi растайтын жазбаны Кепiлдiк ұстаушыға беруге;
Тармақша в
в) Кепiлдiк ұстаушының келiсiмiнсiз кепiлдiк мәнiне иелiк етпеуге;
Тармақша г
г) кепiлдiк мәнiн сатпауға, басқа жолмен айыруға және жалға берудi қосқанда, үшiншi бiр адамның иелiгiнен және пайдалануына бермеуге;
Тармақша д
д) кепiлдiк мәнiне одан соңғы кепiлдiктi жүктемеуге;
Тармақша е
е) кепiлдiк мәнiн сақтауға қажеттi шаралар қолдануға;
Тармақша ж
ж) Кепiлдiк ұстаушының құлпын, пломбасын және мөрiн сақтау үшiн шаралар қолдануға; Кепiлдiк ұстаушының пломбасы мен мөрiн өзгертпеуге, жоймауға, оларға нұқсан келтiрмеуге;
Тармақша з
з) кепiлдiк мәнi, Кепiлдiк ұстаушының құлпын, пломбасы мен жоғалту немесе оларға нұқсан келтiру қаупiнiң пайда болғаны туралы Кепiлдiк ұстаушыға тез арада хабарлауға;
Тармақша и
и) Кепiлдiк ұстаушының кiнәсi болмай, кепiлдiк мәнiн жоғалту, жетiспеушiлiк немесе оған нұқсан келтiру шынайы қаупi, Кепiлдiк ұстаушының талабы бойынша кепiлдiк мәнiн ауыстыруға;
Тармақша к
к) Егер кепiлдiк мәнi Кепiл ұстаушының айыбы болмай жоғалған болса, кепiлдiк мәнiн қалпына келтiруге немесе Кепiлдiк ұстаушының келiсiмi бойынша оны құны тепе-тең басқа затпен ауыстыруға;
Тармақша л
л) кепiлдiк мәнiн пайдаланбауға;
Тармақ 8
8. Кепiлдiк берушi мыналарға құқылы:
Тармақша а
а) кепiлдiк мәнiмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi мерзiмiнен бұрын орындауға;
Тармақша б
б) соттың, төрелiк соттың, аралық соттың шешiмi бойынша немесе нотариустың орындау жазбасы негiзiнде кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындау арқылы кепiлдiк мәнi сатылғанға дейiн кепiлдiк мәнiнен ақы өндiрiп алуды тоқтатуға;
Тармақ 9
9. Кепiлдiк ұстаушы мыналарға мiндеттi:
Тармақша а
а) кепiлдiк мәнiн жоғалту немесе оған нұқсан келтiру қаупiнiң туғандығы туралы Кепiлдiк берушiге тез арада хабарлауға;
Тармақша б
б) Кепiлдiк берушi мiндеттемелерiн орындаған соң / кеден төлемдерiнiң төленуi қамтамасыз етiлген кезде - немесе үшiншi адам / немесе айыппұл не тауарлар мен көлiк құралдарының құнын өндiрiп алуды қамтамасыз ететiн тұрақты кепiлдiктiң негiздiгi анықталған соң келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей құлыпты, пломба мен мөрдi алып тастауға;
Тармақша в
в) егер кепiлдiк мәнiн сатудан түскен сома тұрақты кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген талаптардың мөлшерiнен асып түскен жағдайда айырманы Кепiлдiк берушiге қайтаруға;
Тармақша г
г) Кепiлдiк ұстаушының кiнәсi бойынша кепiлдiк мәнi жоғалған немесе жетiспеген жағдайда жоғалғанның (жетiспегеннiң) мөлшерiнде жауап беруге, ал нұқсан келтiрiлген кезде - кепiлдiк мәнiнiң құны қаншаға төмендесе, сонша сомада.
Тармақ 10
10. Кепiлдiк ұстаушы мыналарға құқылы:
Тармақша а
а) Егер тұрақты кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалу мерзiмi басталған сәтте ол орындалмаса, кепiлдiк мәнiнен ақы өндiрiп алуға;
Тармақша б
б) Кепiл берушi осы шарттың 7-тармағының "а" және "е" тармақшаларында көзделген мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, кепiлдiк мәнiн мерзімiнен бұрын ақы өндiрiп алуға;
Тармақша в
в) өз талаптарын iс жүзiнде қанағаттану сәтiнде анықталған толық көлемде кепiлдiк мәнiнiң есебiнен қанағаттандыруға;
Тармақша г
г) Кепiлдiк берушi тұрақты кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген барлық мiндеттемелердi толық орындағанға дейiн тұрақты кепiлдiктi бастапқы көлемде сақтауға;
Тармақша д
д) ақы өндiрiп алынатын кепiлдiк мәнiн Қазақстан Республикасы заңдарының ережелерiне сәйкес сатуға;
Тармақша е
е) кепiлдiк мәнiнiң бар екендiгiн, мөлшерiн, жағдайын және сақталу жағдайларын, сондай-ақ Кепiлдiк ұстаушының құлпы, пломбасы мен мөрiнiң бар екендiгiн және жағдайын құжаттар бойынша және iс жүзiнде тексеруге;
Тармақша ж
ж) кепiлдiк мәнiн, Кепiлдiк ұстаушының құлпын, пломбасы және мөрiн сақтауға қажеттi шаралардың орындалуын Кепiлдiк берушiден талап етуге;
Тармақша з
з) кепiлдiк мәнiн жоғалту немесе оған нұсқан келтiру қаупiн тудыратын кепiлдiк мәнiне қол сұғушылықты тоқтатуды кез келген адамнан талап етуге;
Тармақша и
и) Кепiлдiк берушi осы шарттың 7-тармағы "и" тармақшасында көзделген мiндеттi Кепiлдiк ұстаушының кепiлдiк мәнiн ауыстыру туралы жазбаша талабын алған күннен бастап үш күн iшiнде орындамаса, тұрақты кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалу мерзiмi басталғанға дейiн кепiлдiк мәнiнен ақы өндiрiп алуға;
Тармақша к
к) Егер кепiлдiк мәнi Кепiлдiк ұстаушының кiнәсi болмай жоғалса және Кепiлдiк берушi оны қалпына келтiрмесе немесе Кепiлдiк ұстаушының келiсiмiмен оны құны тепе-тең басқа затпен ауыстырмаса, тұрақты кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мерзiмiнен бұрын орындалуын талап етуге;
Тармақша л. Қосымша шарттар мен ережелер
л) кепiлдiк мәнiн сатудан түскен сома оның талаптарын толық қанағаттандыруға жеткiлiксiз болған жағдайда, жетпеген соманы Қазақстан Республикасы заңдарының ережелерiне сәйкес өндiрiп алуға. Қосымша шарттар мен ережелер
Тармақ 11
11. Кепiлдiк ұстаушының пломбасы мен мөрi кедендiк сәйкестендiру құралдары болып табылады, оларға қатынасты және олармен жұмыс жасауды қолданылып жүрген кеден ережелерi реттейдi.
Тармақ 12
12. Кепiлдiк берушi Қазақстан Республикасы кеден органдарының кепiлдiктi пайдалануы туралы Уақытша Ереженiң осы Шартқа қолданылуымен келiседi;
Тармақ 13
13. Осы шарт тараптарының құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасы заңдары бойынша белгiленедi.
Тармақ 14. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен реквизиттерi
14. Осы Шартпен реттелмеген жайларда Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң нормалары қолданылады. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен реквизиттерi Кепiлдiк ұстаушы                 Кепiлдiк берушi ___________________________        __________________________ (кеден органының атауы)           ( кепiлдiк берушiнiң атауы ___________________________        __________________________ немесе фамилиясы, аты, мекен-жайы_________________        __________________________ Е/есепшоты_________________         әкесiнiң аты) Бастығы ___________________        мекен-жайы _______________ ___________________________        е/ есепшоты_______________ (қолы)                     Басшысы немесе басқа Бас бухгалтер______________        өкiлеттенген адам_________ ___________________________        __________________________ (қолы)                                (қолы) В формасы Кепiлдiк мәнiн Кепiлдiк ұстаушыға беру кепiлдiгi туралы Үлгi шарт ___________________                        "  "_____________199 ж. (жасалған орны) _________________________________________________________________ (лауазымды адамның қызметi, фамилиясы, аты, әкесiнiң аты) ______________________________________________негiзiнде қызмет (жарғылық немесе құрылтай құжаты көрсетiлсiн) ететiн, бұдан әрi Кепiл берушi деп аталатын_____________________ _________________________________________________________________ (кепiлдiк мәнiн беретiн тұлғаның толық атауы немесе фамилиясы, аты, әкесiнiң аты) және ___________________________________________________ұсынатын (лауазымды адамның қызметi, аты, әкесiнiң аты, фамилиясы) осы орган туралы Ереже мен Қазақстан Республикасы кеден органдарының кепiлдiк пайдалануы туралы Ереже негiзiнде қызмет ететiн, бұдан әрi Кепiлдiк ұстаушы деп аталатын ________________________________________________________________ (кеден органының атауы) төмендегi туралы осы шартты жасасты: Жалпы ережелер 1. Кепiлдiк берушi Кепiлдiк ұстаушыға кепiлдiк мәнi ретiнде ________________________________________________________________ ________________________________________________________бередi 2. Кепiлдiк мәнiмен Кепiлдiк берушiнiң мынадай сомадағы кеден баж салығын төлеу туралы мiндеттемелерi қамтамасыз етiледi ________________________________________________________________ (кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген талаптың сомасы цифрмен және жазба түрде көрсетiлсiн) 3. Кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалу мерзiмi 199 ж. " " __________________________/ _______________ _________________________________________________/аяқталады. 4. Кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеме көрсетiлген мерзiмде немесе ол басталғанға дейiн орындалмаған кезде, осы Шартта көзделген жағдайларда, тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режимiне қоюға мiндеттеме аламын______________________________________________ _______________________________________________________________ (кепiлдiк берушiнiң қолы)
Тармақ 5. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi мен Қазақстан Республикасы кеден органдарының кепiлдiк пайдалануы туралы Ережеге сәйкес, кепiлдiк мәнiнiң кепiлдiкке берiлу заңдығы үшiн Кепiлдiк берушi жауап бередi. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 6
6. Кепiлдiк берушi мыналарға мiндеттi:
Тармақша а
а) жоғалтудан, жетiспеушiлiктен немесе апат не жеңуге болмайтын белгiсiз күштiң әсерiнен кепiлдiк мәнiне нұқсан келтiруден, басқа мемлекеттiк органдардың Кепiлдiк берушiнiң шаруашылық қызметiн тоқтататын не оған кедергi болатын, немесе оған терiс әсерiн тигiзетiн (кепiлдiк мәнiн тәркiлеу, реквизициялау және т.б.) әрекет етуi мен акт қабылдауынан, сондай-ақ таратудан немесе қабiлетсiз деп танудан не өзiнiң қабiлетсiздiгi туралы хабарлаудан кепiлдiкке алынған кепiлдiк мәнiн оның толық құнына өз есебiнен сақтандыруға;
Тармақша б
б) егер кепiлдiк мәнi көлiк құралдары болып табылса, осы Шарт жасалған күннен бастап үш күн мерзiмнен кешiктiрмей өз есебiнен кепiлдiк туралы шарттың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етуге, және реестрден алынған өз есебiнен тiркеудi растайтын жазбаны Кепiлдiк ұстаушыға беруге;
Тармақша в
в) кепiлдiк мәнiн сатпауға және басқа жолмен оған иелiк етпеуге;
Тармақша г
г) кепiлдiк мәнiне одан кейiнгi кепiлдiктi жүктемеуге;
Тармақша д
д) Кепiлдiк ұстаушының кiнәсi болмай кепiлдiк мәнiн жоғалту, жеткiлiксiз болу және оған нұқсан келтiру шынайы қаупi туғанда, Кепiлдiк ұстаушының талабы бойынша кепiлдiк мәнiн ауыстыруға;
Тармақ 7
7. Кепiлдiк берушi мыналарға құқылы:
Тармақша а
а) кепiлдiк мәнiмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi мерзiмiнен бұрын орындауға. Бұл жағдайда тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режимiне қою кезiндегi Кепiлдiк берушiнiң мiндеттемесi мерзiмiнен бұрын күшi жойылған болып есептеледi;
Тармақша б
б) соттың, төрелiк соттың, аралық соттың шешiмi бойынша немесе нотариустың орындау жазбасы негiзiнде кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындау арқылы кепiлдiк мәнi сатылғанға дейiн кепiлдiк мәнiнен ақы өндiрiп алуды тоқтатуға;
Тармақ 8
8. Кепiлдiк ұстаушы мыналарға мiндеттi:
Тармақша а
а) кепiлдiк мәнiн сақтауға қажеттi шаралар қолдануға;
Тармақша б
б) кепiлдiк мәнiн жоғалту не оған нұқсан келтiру қаупi туғандығы туралы Кепiлдiк берушiге хабарлауға;
Тармақша в
в) кепiлдiк мәнiн пайдаланбауға;
Тармақша г
г) Кепiлдiк ұстаушының кiнәсiнен кепiлдiк мәнi жоғалған немесе жетiспеген жағдайда жоғалғанның (жетпегеннiң) құны мөлшерiнде жауап беруге, ал нұқсан келген кезде - кепiлдiк мәнiнiң құны қанша төмендесе, сонша сома мөлшерiнде.
Тармақша д
д) Кепiлдiк берушi (кеден баж салығының төленуi қамтамасыз етiлген кезде - немесе үшiншi бiр адам) мiндеттемелерiн орындаған соң немесе айыппұл не тауарлар мен көлiк құралдарының құнын өндiрiп алуды қамтамасыз ететiн кепiлдiк негiзсiздiгi анықталған соң Кепiлдiк берушiге кепiлдiк мәнiн алып кету мүмкiндiгiн беруге;
Тармақша е
е) егер Кепiлдiк берушi кепiлдiк мәнiн көрсетiлген мерзiм аяқталғанға дейiн алып кетпесе, кепiлдiктiң қажеттiлiгi өткен соң бес күн мерзiмнен кешiктiрмей, Кепiлдiк берушiге кепiлдiк мәнiн алып кету қажеттiгi туралы жазбаша түрде хабарлауға;
Тармақша ж
ж) егер кепiлдiк мәнiн сатудан түскен сома осы кепiлдiкпен қамтамасыз етілген талаптың мөлшерiнен асып түссе, айырманы Кепiлдiк берушiге қайтаруға (Кепiлдiк берушi мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режимiне қойылған кепiлдiк мәнi болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдарынан бас тартқан жағдайды қоспағанда.
Тармақ 9
9. Кепiлдiк ұстаушы мыналарға құқылы:
Тармақша а
а) кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалу мерзiмi басталған сәтте ол орындалмаса, кепiлдiк мәнiнен ақы өндiрiп алуға;
Тармақша б
б) өз талаптарын iс жүзiнде қанағаттану сәтiнде анықталатын толық көлемде кепiлдiк мәнiнiң есебiнен қанағаттандыруға;
Тармақша в
в) Кепiлдiк берушi кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген барлық мiндеттемелердi толық көлемде орындалғанға дейiн кепiлдiктi бастапқы көлемде сақтауға;
Тармақша г
г) ақы өндiрiп алынатын кепiлдiк мәнiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының ережелерiне сәйкес сатуға;
Тармақша д
д) Кепiлдiк мәнiн сатудан түскен сома оның талаптарын толық көлемде қанағаттандыруына жеткiлiксiз болған жағдайда, жетпеген соманы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының ережелерiне сәйкес өндiрiп алуға;
Тармақша е
е) Кепiлдiк берушi осы шарттың 6 тармағы "д" тармақшасында көзделген мiндеттi Кепiлдiк ұстаушының кепiлдiк мәнiн ауыстыру туралы жазбаша талабын алған күннен бастап үш күн iшiнде орындалмаса, кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалу мерзiмi басталғанға дейiн кепiлдiк мәнiн ақы өндiрiп алуға;
Тармақша ж. Қосымша шарттар мен ережелер
ж) егер Кепiлдiк берушi оған тиiстi хабарлау жiберiлген күннен бастап екi ай iшiнде кепiлдiк мәнiн талап етпесе, бұл затты уақытша сақтау қоймасына қоюға. Уақытша сақтау мерзiмi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығына сәйкес белгiленедi. Қосымша шарттар мен ережелер
Тармақ 10
10. Кепiлдiк ұстаушы кепiлдiк мәнiн сақтандыруды жүзеге асырмайды.
Тармақ 11
11. Осы шарттың 6-тармағы "д" тармақшасында көзделген мiндеттеме орындалмаған жағдайда, кепiлдiк берушiнiң мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режимiне қою кезiндегi мiндетi күшiне мерзiмiнен бұрын енедi - Кепiлдiк ұстаушының кепiлдiк мәнiн ауыстыру туралы жазбаша талабын алған күннен бастап үш күн өткен соң.
Тармақ 12
12. Айыппұл немесе тауарлар мен көлiк құралдарының құнын өндiрiп алуды қамтамасыз ететiн кепiлдiк негiзсiздiгi анықталған кезде, Кепiлдiк берушiнiң осы шарт бойынша мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режимiне қою кезiнде тауарлар мен көлiк құралдарынан бас тарту мiндетi күшi жойылған деп есептеледi.
Тармақ 13
13. Кепiлдiк берушi Қазақстан Республикасының кеден органдарының кепiлдiк пайдалануы туралы ереженiң осы шартқа қолданылуымен келiседi. 14. Осы шарт тараптарының құқықтары мен мiндеттерiн Қазақстан Республикасының заңдары белгiлейдi.
Тармақ 15. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен
15. Осы шартта реттелмеген жайларда Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң нормалары қолданылады. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен реквизиттерi Кепiлдiк ұстаушы                      Кепiлдiк берушi ________________________             ____________________________ (кеден органының                 (кепiлдiк берушiнiң ________________________             ____________________________ атауы)                             атауы немесе аты, Мекен-жайы______________             ____________________________ әкесiнiң аты, фамилиясы) Е/есепшоты______________             Мекен-жайы__________________ ________________________             Е/есепшоты__________________ Бастығы_________________             ____________________________ ________________________             Басшысы немесе басқа ________________________             өкiлеттенген адам___________ (қолы)                          ____________________________ Бас (аға) бухгалтер_____                    (қолы) ________________________ (қолы) Кепiлдiк туралы N туралы шартқа өзгертулер мен толықтырулар ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Кепiлдiк ұстаушы                    Кепiлдiк берушi Бастығы___________________            Басшысы немесе басқа (қолы)                   өкiлеттенген адам_______ Бас (аға) бухгалтер_______            ________________________ __________________________            ________________________ (қолы)                                   (қолы) Г формасы Қайта өңдеудiң режимiне қойылған тауарлар кепiлдiгi туралы Үлгi шарт ___________________________                "  "______________199 ж. (жасалған орны) ___________________________________________________________ұсынатын (лауазымды адамның қызметi, аты, әкесiнiң аты, фамилиясы) ___________________________________________негiзiнде қызмет ететiн (жарғылық немесе құрылтай құжаты көрсетiлсiн) бұдан әрi кепiл берушi деп аталатын________________________________ ___________________________________________________________________ (кепiлдiк мәнiн беретiн тұлғаның толық атауы немесе фамилиясы аты, әкесiнiң аты) және______________________________________________________ұсынатын (лауазымды адамның қызметi, аты, әкесiнiң аты, фамилиясы) Осы орган туралы Ереже мен Қазақстан Республикасы кеден органдарының кепiлдiк пайдалануы туралы Ереже негiзiнде қызмет ететiн, бұдан әрi кепiлдiк ұстаушы деп аталатын ___________________________________________________________________ (кеден органының атауы) төмендегi туралы Шартты жасасты: Жалпы ережелер 1. Кепiлдiк берушi Кепiлдiк ұстаушыға кепiлдiк мәнi ретiнде ___________________________________________________________________ (кепiлдiк мәнi ретiнде берiлетiн тауарлар мен көлiк ___________________________________________________________________ құралдарының атауы, жеке белгiлерi, саны және құны, егер қосымша болса, бұл көрсетiлсiн) _____________________________________________________________бередi. 2. Бастапқы кепiлдiк мәнi ретiнде берiлген тауарлар мен көлiк құралдары мыналармен ауыстырылуы мүмкiн______________________ (бастапқы кепiлдiк мәнi ___________________________________________________________________ ретiнде берiлген тауарлар мен көлiк құралдарымен ауыстырылуы мүмкiн ___________________________________________________________________ тауарлар мен көлiк құралдарының атауы, сан мен құны көрсетiлсiн) ___________________________________________________________________ 3. Кепiлдiк мәнi Кепiлдiк берушiнiң мына саладағы кеден баж салығын төлеу мiндеттемелерi қамтамасыз етiледi ___________________________________________________________________ кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген талаптың сомасы цифрмен және жазба ___________________________________________________________________ түрде көрсетiлсiн) 4. Кепiлдiк мәнi _____________________________________________ _______________________________________________________орналасқан (кепiлдiк мәнiнiң тұрған жерi көрсетiлсiн) 5. Кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалу мерзiмi 199 ж. " " __________________________ /_______________________________________________/ аяқталады.
Тармақ 6. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
6. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi және Қазақстан Республикасы кеден органдарының кепiлдiк пайдалануы туралы Ережеге сәйкес, кепiлдiк мәнiнiң кепiлдiкке берiлу заңдылығы үшiн Кепiлдiк берушi жауап бередi. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 6
6. Кепiлдiк берушi мыналарға мiндеттi:
Тармақша а
а) жоғалтудан, жетпеуден немесе апат не жеңуге болмайтын белгiсiз күштiң әсерiнен кепiлдiк мәнiне нұқсан келтiруден, басқа мемлекеттiк органдардың Кепiлдiк берушiнiң шаруашылық қызметiн тоқтататын, не оған кедергi болатын, немесе оған терiс әсерiн тигiзетiн (кепiлдiк мәнiн тәркiлеу, реквизициялау және т.б.) әрекет етуi мен акт қабылдауынан, сондай-ақ таратудың немесе қабiлетсiз деп танудан не өзiнiң қабiлетсiздiгi туралы хабарлаудан кепiлдiкке алынған кепiлдiк мәнiн оның толық құнына өз есебiнен сақтандыруға;
Тармақша б
б) егер, кепiлдiк мәнi көлiк құралдары болып табылса, осы шарт жасалған күннен бастап үш күн мерзiмiнен кешiктiрмей өз есебiнен кепiлдiк туралы шарттың мемлекеттiк тiркеуiн қамтамасыз етуге, және реестрден алынған өз есебiнен тiркеудi растайтын жазбаны Кепiлдiк ұстаушыға беруге;
Тармақша в
в) Кепiлдiк ұстаушының келiсiмiнсiз кепiлдiк мәнiн сатпауға және басқа жолмен оған иелiк етпеуге, себебi бұндай талап тауарлар мен көлiк құралдарын қайта өңдеудiң кеден режимiне қоюдың шарты болып табылады;
Тармақша г
г) кепiлдiк мәнiне одан соңғы кепiлдiктi жүктемеуге;
Тармақша д
д) кепiлдiк мәнiн сақтауға қажеттi шаралар қолдануға;
Тармақша е
е) егер кепiлдiк мәнi кепiл ұстаушының айыбы болмай жоғалған болса, кепiлдiк мәнiн қалпына келтiруге немесе кепiлдiк ұстаушының келiсiмi бойынша оны құны тепе-тең басқа затпен ауыстыруға.
Тармақ 7
7. Кепiлдiк берушi мыналарға құқылы:
Тармақша а
а) егер бұл қайта өңдеудiң кеден режимi шарттары мен талаптарына сәйкес келсе кепiлдiк мәнiн үшiншi бiр адамға иелiк етуге және пайдалануға беруге;
Тармақша б
б) кепiлдiк мәнiмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi мерзiмiнен бұрын орындауға;
Тармақша в
в) соттың, төрелiк соттың, аралық соттың шешiмi бойынша немесе нотариустың орындау жазбасы негiзiнде кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындау арқылы кепiлдiк мәнi сатылғанға дейiн кепiлдiк мәнiнен ақы өндiрiп алуды тоқтатуға.
Тармақ 8
8. Кепiлдiк мәнiн сатудан түскен сома осы кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген талаптар мөлшерiнен асып түссе, кепiлдiк ұстаушы айырманы Кепiлдiк берушiге қайтаруға мiндеттi.
Тармақ 9
9. Кепiлдiк ұстаушы мыналарға құқылы:
Тармақша а
а) егер кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалу мерзiмi басталған сәтте ол орындалмаса, кепiлдiк мәнiнен ақы өндiрiп алуға;
Тармақша б
б) егер кепiлдiк берушi осы шарттың 6 тармағы "а" және "д" тармақшаларында көзделген мiндеттердi орындамаса, кепiлдiк мәнiнен мерзiмiнен бұрын ақы өндiрiп алуға;
Тармақша в
в) өз талаптарын iс жүзiнде қанағаттану сәтiнде анықталатын толық көлемде кепiлдiк мәнiнiң есебiнен қанағаттандыруға;
Тармақша г
г) кепiлдiк берушi осы кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген барлық мiндеттемелердi толық орындағанға дейiн кепiлдiктi бастапқы көлемде сақтауға;
Тармақша д
д) ақы өндiрiп алынатын кепiлдiк мәнiн "Кеден iсi туралы" Ережелерге сәйкес сатуға;
Тармақша е
е) егер кепiлдiк мәнiн сатудан түскен сома кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген талаптардың мөлшерiнен асып түскен жағдайда, айырманы кепiлдiк берушiге қайтаруға;
Тармақша ж
ж) кепiл мәнiнiң бар екендiгiн, мөлшерiн, жағдайын және сақталу жағдайын құжаттар бойынша және iс жүзiнде тексеруге;
Тармақша з
з) кепiлдiк берушiден кепiлдiк мәнiн сақтауға қажеттi шаралар қабылдауды талап етуге;
Тармақша и
и) кепiлдiк мәнiн жоғалту немесе оған нұқсан келтiру қауіпiн тудыратын кепiлдiк мәнiне қол сұғушылықты тоқтатуды кез-келген адамның талап етуге;
Тармақша к. Қосымша шарттар мен ережелер
к) егер кепiлдiк мәнi кепiлдiк ұстаушының кiнәсi болмай жоғалса және Кепiлдiк берушi оны қалпына келтiрмесе немесе Кепiлдiк ұстаушының келiсiмiмен оны құны тепе-тең басқа затпен ауыстырмаса кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мерзiмiнен бұрын орындалуын талап етуге; Қосымша шарттар мен ережелер
Тармақ 10
10. Кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеме немесе оның кейбiр бөлiктерi көрсетiлген мерзiмде немесе оның басталуына дейiн орындалмаған жағдайда, осы шартта көзделген жағдайларда, осыған сәйкес осы шарттың I тармағында көрсетiлген тауарлар мен көлiк құралдарының немесе олардың мiндеттеменiң орындалмаған бөлiгiне тән бөлiгiн мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режимiне қоюды өтiнемiн. (Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдары кепiлдiк мәнi ретiнде берiлген кезде толтырылады).
Тармақ 11
11. Осы шарттың бiрiншi тармағында көрсетiлген тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режимiне қойылуына кеден органының рұқсаты осы шарттың 6 тармағы "а" және "д" тармақшаларында көзделген мiндеттемелер орындалмаған жағдайда өз күшiне мерзiмiнен бұрын енедi, Кепiлдiк ұстаушы осы мiндеттемелердiң орындалмағанын анықтаған сәтте, ал осы шарттың 9 тармағының "к" тармақшасында көзделген жағдайда - Кепiлдiк ұстаушының кепiлдiк мәнiн қалпына келтiру немесе ауыстыру туралы жазбаша талабы алынған күннен бастап үш күн өткен соң.
Тармақ 12
12. Кепiлдiк берушiнiң осы шарттың I тармағында көрсетiлген тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режимiне қою туралы мәлiмдемесi айыппұл немесе тауарлар мен көлiк құралдарының құнын өндiрiп алуды қамтамасыз ететiн кепiлдiк негiзсiздiгi анықталған кезде күшi жойылған деп есептеледi.
Тармақ 13
13. Кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мiндеттеме мерзiмiнен бұрын орындалған жағдайда, Кепiлдiк берушiнiң осы шарттың I тарауында көрсетiлген тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет пайдасынан бас тартудың кеден режимiне қою туралы мәлiмдемесi күшi жойылған деп есептеледi.
Тармақ 14
14. Осы шарттың I тармағында көрсетiлген тауарлар мен көлiк құралдары немесе олардың бiр бөлiгi мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режимiне қойылған жағдайда, сатудан түскен және кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген талаптардың мөлшерiнен асып түсетiн сомалар айырма ретiнде Кепiлдiк берушiге қайтарылуы тиiс.
Тармақ 15
15. Кепiлдiк берушi Қазақстан Республикасы кеден органдарының кепiлдiк пайдалануы туралы ереженiң осы шартқа қолданылуы мен келiседi. 16. Осы шарт талаптарының құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңдары бойынша белгiленедi.
Тармақ 17. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен реквизиттерi
17. Осы шартпен реттелмеген жайларда Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң нормалары қолданылады. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен реквизиттерi Кепiлдiк ұстаушы                   Кепiлдiк берушi __________________________         __________________________ (кеден органының атауы)            (кепiлдiк берушiнiң атауы __________________________         ___________________________ немесе аты, әкесiнiң аты, Мекен-жайы________________         ___________________________ фамилиясы) Е/есепшоты________________         мекен-жайы_________________ __________________________         Е/есепшоты_________________ ___________________________ Бастығы___________________         Басшысы немесе басқа __________________________         өкiлеттенген адам__________ (қолы)                        ___________________________ (қолы) Бас (аға) бухгалтер______ _________________________ (қолы) Кепiлдiк туралы шартқа өзгертулер мен толықтырулар ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Кепiлдiк ұстаушы                  Кепiлдiк берушi Бастығы________________            Басшысы немесе басқа өкiлеттенген адам_________ Бас (аға) бухгалтер____            __________________________ _______________________            __________________________ (қолы)                                (қолы)
Басқа 2. Жасалған кепiлдiк туралы шарттардың тiзiмi
Қазақстан Республикасы кеден органдарының кепiлдiк пайдалануы туралы Ереже N 2 қосымша Жасалған кепiлдiк туралы шарттардың тiзiмi N     Жасалған     Кепiлдiк    Кепiлдiк   Талаптың   Кепiлдiк мәнi р/н    күнi         берушiнiң   түрi        сомасы     ретiнде қа. атауы                   (ереженiң  былданған 1.3-тар.   тауарлар мен мағы       көлiк құрал. дарының атауы саны ж/е құны ___________________________________________________________________- Шарт бойынша   Iс жүзiнде   Сатылған   Сатылған    Ескертулер орындау        орындалу      күнi      кезде мерзiмi        мерзiмi                 түскен сома