Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан, финансируемых из районного бюджета Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, ауданның жекелеген санаттағы азаматтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша ұсынылып отырған Нұсқау (бұдан әрі - Нұсқау) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ауданның қаржы бөліміне әлеуметтік төлем бойынша Бағдарламалар мен Бағдарламашалар шараларын бюджеттік қаржы бөлу шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 6 наурыздағы «2006 жылы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы» (МТН 12-6-22 2006 жылғы 13 наурыз) № 120/3 қаулысының, 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 187/5 (МТН 12-6-22 2006 жылғы 13 наурыз) қаулысының, 2006 жылғы 21 шілдедегі № 259/7 (МТН 12-6-29 2006 жылдаң 04 тамызы) аудан әкімдігінің 2006 жылғы 6 наурыздағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «2006 жылы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы» № 120/3 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Қаулы әділет органында тіркелген күннен бастап өз күшіне өнеді.
Тармақ 5
5. Берілген қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Басқа 6. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша НҰСҚАУ
Железин ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «19» сәуір
№ 143/4 қаулысымен
бекітілген
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша НҰСҚАУ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Бұл Нұсқау аудан азаматтыраның жекелеген санаттарына төлем тағайындау және жүзеге асыру шарттарын жергілікті өкілдік органның шешімімен Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Заңына, 1995 жылғы 28-сәуірдегі «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілетін мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларға берілетін женілдіктер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі, заң күші бар, № 2247 «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілетін мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларға берілетін жеңілдіктер туралы» Жарлығына, облыс әкімлдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы «Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түліктеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы» № 169/5 қаулысына, аудан әкімдігінің 2005 жылғы 10 қазандағы «Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түліктеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы» № 300/ 100 қаулысына сәйкес нақтылайды.
Тарау 2. 2. Жекелеген әлеуметтік төлемдерге құқығы бар азаматтар санаттары
2. Жекелеген әлеуметтік төлемдерге құқығы бар азаматтар санаттары
Тармақ 2
2. Әлеуметтік төлем алуға құқығы барлар:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілетін азаматтар (қоршаудағы Ленинград тұрғындары, концлагерлер тұтқындары), «Германиядағы жеңісі үшін», «Жапониядағы жеңісі үшін», «Лнинградты қорғағаны үшін медалдарымен марапатталғандар; қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің жұбайлары, жалпы аурудың нәтижесінде мүгедек болып танылғандар, 1941 – 1946 жылдары қаза тапқандардың қайта некеге тұрмаған жесірлері; концлагерлердің, гетто және басқа да мәжбүр ету мазмұнды жерлердің кәмелеттік жасқа толмаған тұтқындары; еркін жалданған құрамдар; «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медальмен марапатталған тыл еңбеккерлері; әскери міндеттерін орындау барысында мүгедек алған әскери қызметкерлер (Совет Армиясы мүгедектері), сонымен қатаір бейбіт уақытта әскери міндет орындау үстінде қаза болған (қайтыс болған) әскерилер отбасы;
Тармақша 3
3) «Железин ауданының Құрметті азаматы» атағы бар азаматтар;
Тармақша 4
4) үйде тәрбиеленетін мүгедек балалар;
Тармақша 5
5) облыс әкімінің гранты бойынша жоғары оқу орындарында оқып жүрген аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түліктері;
Тармақша 6
6) жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тамақтануы үшін өтемақы;
Тармақша 7
7) Семей медициналық академиясының студенті;
Тармақша 8
8) ағымдағы жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды жайластыру үшін;
Тармақша 9
9) емдеу кезеңінде жүрген туберкулезбен ауфратындар;
Тармақша 10
10) кірісі кедейлік шегінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасылардағы облыстық онкологиялық диспансерге тексерілуге жіберілген онкологиялық аурулар;
Тармақша 11
11) мүгедек-студенттер;
Тармақша 12
12) 1, 2 топтағы көз көру мүгедектерін санаторлық-курорттық емделуге жетектеп апарушы азаматтар.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау жағдайлары
3. Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау жағдайлары
Тармақ 3
3. Осы Нұсқаудың 2 тармағының 2 бөлімінде көрсетілген азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындалады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері және оларға теңестірілетін азаматтарға жеңілдіктер және оларды қорғау туралы» заң күші бар № 2247 Жарлығына сәйкес 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында және «Жергілікті өкілдік органдардың шешімімен азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем» 007000332 бюджеттік бағдарламасында көрсетілген санаттар үшін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 2-тармағының 3), 7) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;
Тармақша 3
3) Қазақстан Рсепубликасының 1991 жылғы 21 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Заңының 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;
Тармақша 4
4) Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы «Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түліктеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы» № 169/5 қаулысының 2 тармағының 5), 7) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік төлемдер мөлшері
4. Әлеуметтік төлемдер мөлшері
4. Нұсқаудың 2 бөлімінің 2-тармағында көрсетілген
азаматтар санаттары үшін тағайындылатын әлеуметтік төлемдер түрі:
1) 2-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар
үшін-Жеңіс күніне бір жолғы материалдық көмек ретінде 5000 теңге мөлшерінде;
дәрі-дәрмек алу үшін ай сайынғы өтемақы 1 АЕК мөлшерінде; Астана қаласындағы
парадқа қатысуды қамтамасыз ету; тоқсанына 1 рет облыс орталығына бару жолын
деректі құны бойынша өтеу; тұрғын үй жөндеуге бір жолғы материалдық көмек; үш
дана мерзімді басылымға жаздыру, тіс протезін салығызу;
2) 2-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін
Жеңіс күніне орай 2000 теңге мөлшерінде бір жолғы берілетін материалдық көмек;
3) 2-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген санаттар
үшін-коммуналдық қызмет үшін 5 АЕК мөлшерінде ақшалай көмек;
4) 2-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген санаттар
үшін-5000 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
5) 2-тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген санаттар
үшін-облыстың жоғары оқу орындарында оқуы үшін;
тұруы, тамақтануы және тұратын жеріне жетеуі үшін, ай сайын нақты құны
бойынша – 5000 теңге төлем;
6) 2-тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген санаттар
үшін-жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тамағына жыл
ағымында күніне 63 теңге төлем;
7) 2-тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген санаттар
үшін-Семей медициналық академиясында оқуына; нақты құны бойынша тұруы,
тамақтануы және тұратын жеріне жетуі
үшін ай сайын 5000 теңге төлем;
8) 2-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар
үшін-5 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
9) 2-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санаттар
үшін-3 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
10) 2-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санаттар
үшін-облыстық онкологиялық диспансерге бару жолын тоқсанына 1 рет нақты құны
бойынша өтеу;
11) 2-тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген санаттар
үшін-облыстың жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқып жүрген
мүгедек-студенттерге 10 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
12) 2-тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген санаттар
үшін-1, 2 топтағы көз мүгедектерін санаторлық-курорттық емделуге жетелеуші
азаматтардың деректі шығындарын растайтын құжаттар негізінде өтеу.
Тарау 5. 5. Есеп және есеп беру
5. Есеп және есеп беру
Тармақ 5
5. Көрсетілген әлеуметтік төлемдер ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен азаматтардың өтініштері, салынған қажетті құжаттар негізінде, алушылардың халық банкі немесе тұрғылықты жерінің пошталық жүйесіндегі есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асады.
Тармақ 6
6. Әр айдын 25 күні ауданның жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі төлемдерді қамтамасыз ету үшін қаражат қажеттілігі туралы қаржы бөліміне өтінім береді.
Тармақ 7
7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тоқсан сайын, есеп берудің тоқсанының 10 күні, аудандық бюджеттен төленген сомалар бойынша қаржы бөліміне есеп беруге міндетті.